«БИОАҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
«БИОАҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Оқыту сапасын көтеру – бүгінгі техникасы қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі. Әр мұғалім кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіріп, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеруі керек.
Гимназияда жаңа технологияға байланысты эталон мұғалімдерден құрылған шығармашалық топ жұмыс істейді.
Қазақстандық ғалым Ф.Я.Вассерман көптеген қазақстандық және халықаралық педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды.
Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады.
Қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа технологияларын, ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. (БиС) білім беру технологиясында мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып, жасатып отырады. Мұғалім – пікір таласты, білім алуды ұйымдастырушы.
Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.Дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді. Өзара қарым-қатынас қалыптасады. Жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады. Бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады.Машықтандыру жаттығулары жасалады. Оқушылардың тапсырманы орындауы үнемі уақытпен шектеледі.
Сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;
Мұғалімнің сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.
Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға ықпалы зор.
Білімнің үлкен көлемін меңгеруде де оқушылар жаппай ой қозғалысына түседі де, бүкіл сыныпқа жүктеме бөлінеді. «БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабағымды мысалға келтірейін.
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сынып: 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Әл-Фараби Шығыстың ғұлама ғалымы
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушыларға Әл-Фараби туралы түсінік қалыптастыра отырып,мәтінді түсініп оқуына көңіл бөлу.
ә)дамытушылық: Ойлауға,ойын ашық айта білу,еркін сөйлей білуге дағдыландыру. логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту
б)тәрбиелік: Өзгенің пікірін тыңдауға,мақсатқа жете білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сыни,қарама-қарсы сұрақтар
Әдіс-тәсілі: «БжС» технологиясы
Картасы: «АУЫЗША САБАҚ-1»
Сабақтың барысы
1 | Ұйымдастыру кезеңі мотивация | Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. | Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс. |
2 | Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру | Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою. I. Өткен тақырыптан сұрақтар (26) 1.Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты? Б.з.б ІІ ғасыр 2.Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып қай елден аяқталды? Римде 3.Ең қымбат тауарды ата? Қытай жібегі 4.Қытай жібегі кімдерге тарту етілді? Хандар, елшілерге 5.Араб елдерінде қандай дін таратылды? Ислам 6.Қытайдан қандай заттар әкелінді? Жібек ,шай 7.Үндістанды қандай патшалық деп атады? Пілдер 8.Ұлы Жібек жолының бір тармағы? Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу 9.Археологиялық қазба жұмыстары кезінде қандай заттар табылды? Қытай айналары 10.Әлемнің төрт патшалығы ұғымы немен байланысты? Ұлы Жібек жолымен 11.Құнды байлықтар патшалығы қай ел?Византия 12.Шығыс Түркістанда қандай дін таратылды?будда 13.Ұлы меридианалды жол қай елдерді байланыстырды? Сібір-арқа-Түркістан 14.Батыс пен Шығысты байланыстыратын жол? Жібек жолы 15. «Түркі» сөзінің мағынасы? Төркін, әскери ақсүйек
| Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. |
3 | Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рухсат: бір сөз шегеріледі | сұрақ-жауап жүргізу, нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына қосу белгісі қою. 1.Отырар 2. Самарқан 3.Дамаск 4.атқа міну 5.грек, араб 6. қыпшақ 7.садақ ату 8.медицина 9.кітапхана 10.870-950 ж.ж. 11.Александрия 12.150-ге 13.Y- ХY ғасыр 14.Аристотель | Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек. |
4 | Ұғынуды ұйымдастыру | Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс. | 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут. |
5 | Түсінудің біріншілік тексеруі | Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды. 1.Әл-Фараби кім? Шығыстың ғұлама ғалымы 2.Аристотельден кейінгі екінші ұстаз кім? Әл-Фараби 3.Отырар қаласында дүниеге келген ғалым? Әл-Фараби 4.Әл-Фарабидің қаншаға жуық еңбектері бар? 150 5.Қажетті деректерді қай кітапханадан алды?Александрия 6.Әл-Фараби өз өмірінің соңын қай қалаларда өткізді? Дамаск Халеб 7.Аңыздарға қарағанда қандай өнерді жақсы меңгерген?атқа міну, садақ ату 8. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келді? Отырар 9.Отырар қай ғасырларда ғылым-білім орталығына айналды? 5-15 ғасыр 10.Әл-Фарабидің толық аты? Әбу-Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Узлағ Тархани 11.Қыпшақ ұлысының атақты әскер басшысы болған адам кім? Әл –Фарабидің әкесі 12.Оқу-білім іздеп қай елдерге сапар шекті? Шет елдерге 13.Әл-Фараби қандай тілдерді жетік меңгерді? Грек,араб 14.5-15 ғасырларда қалыптасқан қала? Отырар 15.Әл-Фараби өзінің көпшілік уақытын қай жерде өткізді? Кітапханада
| Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. |
6 | Біріншілік бекітуді ұйымдастыру | Сыни сұрақ қою. Мұғалім тақырыпқа сай ретсіз оқушыларды ООМ арқылы сұрайды. Сұрақтар меңгеру сапасын тексеруге арналған тұрғыда болғаны абзал. 1.Әл-Фараби Тараз қаласында дүниеге келді? (Жоқ Отырар) 2.Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы (ия) 3.Әл-Фарабидің 200-ге жуық еңбектері бар (жоқ,150) 4.Әл-Фараби өз өмірінің соңын Дамаск қаласында өткізді? (ия) 5.Оқу –білім іздеп шет елдерге сапар шекті (ия) 6.Латын,қытай тілдерін жетік үйренген (жоқ,грек,араб) 7.5-15 ғасырларда Ташкент қаласы қалыптасты (жоқ,Отырар) 8.Әл-Фараби өзінің көпшілік уақытын медреседе өткізді (жоқ,кіпатханада) 9.150-ге тарта іргелі еңбектерін жазып қалдырған ғалым Аристотель (жоқ,Фараби) 10.Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді? (ия) 11.Әл-Фарабидің әкесі қыпшақ елінің әскер басшысы болған (ия) 12.Оқу-білім іздеп Түркістан,Шу қалаларын аралады (жоқ,Мысыр,Шам) 13.Түрік,араб тілдерінен басқа көне грек тілін де меңгерген (ия) 14.Отырар қаласы 10-12 ғасырларда қалыптасты (жоқ,5-15ғасыр) 15.Әл-Фараби құмыра жасау өнерін меңгерді (жоқ,атқа міну)
| Төртінші белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. |
7 | Талдау Уақыт 5 минут | Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген. | Бесінші белгілеу барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. |
8 | Түйсіну | 1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. | |
9 | Журналға баға қою
| Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс. 4- 5 белгі – 5 ұпай. — 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай. | |
10 | Үй тапсырмасы | 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады. Әл- Фараби туралы шағын әссе жазу |
«БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақтың дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары:
– Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады.
–Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
– Тапсырма деңгейлеп беріледі.
–Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді. Сыныптағы 5 оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, қалған оқушыларға тапсырманы орындап бітіруіне 30секунд уақыт беріледі.
Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес. Әр сабақтағы оқушылардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек.
«Биоақпараттық және синергетика» білім беру технологиясының карталары мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы өткізуіне ықпал жасайды.
Білім сапасы мен деңгейін арттыруда тәжірибеде дәлелденген тиімді жаңа білім беру технологиялары қажет-ақ. Бұл технологияда сабақ барлық пән бойынша өзіне сәйкес келетін технологиялық карталармен жоспарланады.
«БжС» технологиясындағы технологиялық карталардың мақсаттары:
«Ауызша сабақ» – 1,2,3, және «Әмбебап» картасы – гуманитарлық пәндер саласында оқу материалдарын меңгеруге арналған. Бұл технология бойынша ойлаудың барлық типін дамыту принципі берілген.
Қорыта айтқанда, материалды жоғары деңгейде меңгертуде, жылдамдықты, есте сақтауды, зейінді жаттықтыруда, оқылатын материалға, жалпы оқу үрдісіне деген қызығушылықты қалыптастыруда, ұжымдық шығармашылықты тұрақтандыруда «БжС» технологиясының әсері зор.
Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек.
- Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамтытуына кепілдік алады.
2. Оқушы қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін көтеріле алады.
3. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып дами алады.
4. Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі.
Пайдаланған әдебиеттер:
- С. С. Сұлтанбекқызы Биоинформатика және синергетика технологиясын тарих сабағында қолдану «Қазақстан тарихы» 02.30.2006 №2.
2. А. М. Оңғарбай Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдану. «Қазақстан тарихы» 03.03.2006 №3