“Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа және эстетикалық тәрбиеге баулу”

 

“Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа және эстетикалық тәрбиеге баулу”

 

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму  

      тарихы.

 

2.2. Бейнелеу өнерінің саласы пейзаж жанры және оның  

       ерекшеліктері.

 

2.2. Зерттеу бөлімі.

2.2.1. Кескіндеме өнерін бейнелеу өнері сабақтарында

         қолдану әдістері.

         

2.2.2. Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары,  кескіндеме  

          заңдылықтары жайлы оқушыларға мағлұмат беру

         және олардың дүниетанымын кеңейту.  

 

2.2.3. Қосымша құжаттар.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

І. Кіріспе.

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны — жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір   көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.

Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.

Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек — ақ.

Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте «сезім» теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.

Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.

Нанымдылық – сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем «жан-сарайы» жалынында жарқыратып жеткізе білмек.

Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.

 

Менің жұмысымның негізгі мақсаты, оқушылардың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.

Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.

Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек — ақ.

Жұмыстың мiндеттерi:

  • Сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстарын ұйымдастырып сурет салу арқылы оқушылардың шығармашылығын анықтап, эстетикалық тәрбиеге жол сілтеу.

 Жұмыстың идеясы: мектеп оқушыларына бейнелеу өнерiн оқытуды   үйірме жұмыстарында кескіндеме өнерінің   көркемдiк бiлiмiн ұлттық өнер негiзiнде жетiлдiру   нәтижесінде жалпы адамзаттық өнер дәстүрлерін меңгерген, қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 Жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша­ және суреттерден  тұрады.

 

 

 

 

2.1. Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму  

      тарихы.

Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби деңгейлікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде еліміз, жеріміз, тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік жағдайға апарып соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын, дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер — мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу керек.
Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен таныстыру жолын қарастыруымыз керек.
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып, қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым — қатынасты және түсіністікті маңызды жолға қою өнер – мәденитіміз үшін абзал болар еді.
Осындай салалардың бірі бейнелеу өнерінің де төрт керегесі түзу жағдайы сақадай сай деп айтуымызға ертерек секілді. Көбінесе білім беру шараларында болашақ мамандарымызға өнердің тұғырығы ретінде батыс пен шығыстан көз ашқызбай, өзіміздің тұнып тұрған рухани мәдениетімізбен этнографиялық құндылықтарымызды шамадан аз қолдану барысында қалықтаудамыз. Кезкелген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындамалармен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек.
Бір сөзбен айтқанда халқымыз жүріп өткен өнер мен мәдениетке деген көзқарас жайлы тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп, меңгермейінше, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, дүниетанымы кең ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес.

Кескіндеме — өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарих-тан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дуниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме өнері жасап, дами берді.
Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын көркем шығарма.
Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді.Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады.Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. салынады. Негізіңен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуапіь, темпера, майлы оояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен жасалган және багет рамага салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган ЖИВОПИСЬ болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын КЕСКІНДЕМЕ бар, жартылай гравюра КЕСКІНДЕМЕ (МОНОТИПИЯ) бар.
«Живопись ,сурет, мүсін және сәулет өнерідің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханилықтың қайнар көзі» (Микеланджело)
«Бояулы нәрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін суреттеп көрсету – кескіндеме өнері» (А. Байтұрсынов)
Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) — бейнелеу өнерінің аса көркем бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты кескіндеме идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ляззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірінің рухани мазмұны мен әлемнің негізінде оларға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық – тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұмат береді. Кескіндеме – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді «өнер мектебі» деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарын айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымымен тауып, бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те, өткір тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары кейбір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.

Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойынша суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап дами берді.

Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейілінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіннің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы, осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу үшін берілген.

Батырлардың сауыттарының жылтырын, жібек маталардың асқан әдемілерін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіншілер қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды, мөлдір – сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере алады.

Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен, келіп керілген кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады – міне одан өзімізге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге шалына       қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтары таң   ғажайып   қырағылықпен   кенеп   бетіне   түсірген   және   бір   мезгілде сендерге оның  жан — дүниесін ашып берген.

Кескіндеменің ұлылығы менімше мынада — ол сансыз жүректерді бір мәнді ойды, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді.

Аса көрнекті Кеңес кескіншілерінің бірі — А.Пластов кескіндеме туралы осылай шабыттана айтады.

Кескіндеме — бұл майлы бояулармен жасалған және пакет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейілінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен,  темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар.

Мұның бәрі станоктік, яғни станок та (мольбертте ) жасалатын кескіндеме. Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұлдай кескіндеме арнайы техникада  әк суына араластырылган бояулар және жаңа сылақ бетіне жиі жасалады. Мүлдем бояусыз — ақ жасалатын өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка). Сондай — ақ «жарықтанатын» кескіндеме — шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі — түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж).

Кескіндеме шығармаларын орындаудың алуан түрлі техникаларын қарастыруға көшпестен бұрын түс танудың кейбір меселелерімен танысайық.

Кескіндеменің түсі. Гравюраға арналған өткен тарауда біз түс, бояулар туралы біршама сөз еттік. Бірақ онда түс әлі де тапшы, оның ролі шектеулі де шартты болатын. Кескіндемеге түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады  және барлық күш-қуатымен өркен жаяды.

Түс — кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік қүралдарының негізінен суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Бірақ кескіндемедегі «түс» деп нені түсеміз. Бәлкім, бізге тәжірибеден белгілі заттардың боялғандығы болар. Бақсақ, олай емес, басқаша, неғұрлым күрделі нәрсе екен. Кескіндеме — біздің қайсы бір заттар туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес суретті боямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда біз қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу.

Біз шөптің жасыл, гүлдің қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз. Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа «ия» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болар еді. Жасыл шөпті кескіндеменің шығармаларды іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызыл дерлік ( мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жай ақ дақ болып шығады. Мұның болатын себебі, ақ қарда мыңдаған — қызғылт, алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады. Мысалы:

В. Суриковтың «Бояр әйел Морозова» атты картинасында қардың суреті қалай салынғанына назар аударып, мұқият қарап көріңдер.

Егер заттардың «дәл өзіндей» түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік сан құбылмалылығын қалай нанымды беруге болады. Бәрін де картинада дұрыс табылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін бояуды таңдап алуға ұмтылу тіпті де керек емес. Суретшіге қолына қылқалам ұстап затқа жақын келіп, таңдап алынған түсті, ол дәлме – дәл сәйкес келуі үшін затпен салыстырып жатудың қажеті жоқ. Картинада, басқа түстердің барлық бояулық үйлестірімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікке және өмірлік шынайылыққа    ұмтылған    кезде,    оның    мұндай   жалпы түстік кейпі кескіндемеде колорит деп атайды. Профессионал кескіндеменің басты белгілерінің бірі жалпы және суық реңктердің бірлігімен күресі. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңкеленген бөліктері жарықтанумен ғана емес, сонымен бірге жылы немесе суық түстік реңктерімен де міндетті түрде ерекшеленеді — егер жарық жылы болса, керісінше, онда көлеңке жылы реңкте болады. Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға қарама — қарсы реңктер  кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу көрші бояуға ұқсамайтын, оған контрасты болуы тиіс. Жылы    және       суық    түстерді    қатарлас    тұруы    кескіндемеге интенсивті әуен береді. Кескіндемешінің міндеті — картинаның жақын және  алыс  нүктелеріндегі  түстердің  айырмашылығын  аңғарымпаздықпен ұстай білуінде.

 

 

2.2. Бейнелеу өнерінің саласы пейзаж жанры және оның  

       ерекшеліктері.

Өнердегі басты саланың бірі — пейзаж. Пейзаж дегеніміз өзі француз сөзі, біздің тілімізге аударғанда «табиғат» деген ұғымды береді. Өнер саласында да пейзаж жеке жанр болып қалыптасқан.

Пейзаж тек кескіндеме саласында емес, сол сияқты графика, керамика, мүсін, бетіндегі рельефтерде т.б. кездеседі.

Пейзажды негізінен табиғатты ғана емес, адам пішіндері, хайуанаттар дүниесі, бірқатар сюжеттік көріністерді бейнелеп береді. Мұнда ескеретін жағдай хайуанаттар дүниесі мен адамдар басты рольді атқармайды, керісінше композициялық шешімді дұрыс атқару мақсатында немесе картинаның сюжетін ашу үшін қосымша деталь ретінде таңдап алынады. Бұл заңдылықты сақтамаған жағдайда суретшінің картинасы басқа жанрға ауысып кетуі ғажап емес, суретші айтарлықтай деңгейге жете алмайды.

Енді пейзаж өнері немесе дәлірек айтқанда пейзаж жанрының қалыптасуының тарихына тоқталайықшы.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, яғни неолит дәуірінің өзінде адамдар табиғатты жан-жануарлар дүниесін бейнелейді. Мәселен Алжир сахарасындағы үңгірлердегі жартастарда алғашқы адамдардың ағаштары, тас суларды бейнелеулерін кездестіруге болады.

Сонымен қатар бұл бейнелер тек жартасқа бейнеленіп қана қоймаған, өзіндік композициялық шешімі бар, белгілі бір ұғымды береді.

Бұл пейзаж жанрының алғашқы жазбалары ежелгі шығыста Крит жерінде, яғни Египет жерінде кездестіруге болады. Онда негізінен жартастағы бейнелер б.э. XX ғ. Аңшы фараондардың өмірлерінен көріністер, сол сияқты жабайы мысық түқымдасының аң аулау сәті бейнеленген жазбаларды (роспись) кездестіруге болады. Сол сияқты б.э. XX ғ. Киоск сарайындағы жасалған росписьтерді (криште) құстармен бірге табиғат суреттерін кездестіруге болады.

Бұл аталған табиғат суреттерінің барлығы тек нобай немесе жоба ретінде атауға болады.

Жалпы орта ғасырлар Европа өнерінде, ежелгі Икон жазуы орыс өнерінде табиғат схематизациялық түрінде жазылған жалпы бұл пейзаж жанрынан апаратын басбалдақтар еді.

XXI — XXII ғ.ғ. пейзаж Европа өнерінде белгілі бір тақырыптағы картинаның фонын немесе портретте тек фон қызметін ғана атқарады, оған мысал атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчидің белгілі Монне Лизаны (1503 — Лучр. Париж) айтуға болады.

Алғашқы пейзаждардың қалыптасуы, яғни белгі бере бастауы XI ғасырда Қытай өнерінде байқалады.

Қытай пейзаж шеберлерінің жұмысында табиғат өте поэтикалық нәзіктікпен жазылған. Оған мысал Х-ғасырдағы Дунь-юанның жібек матаға тушьпен орындаған «Өзен пейзажы » деп аталған жұмысы.

Уақыт өте келе Қытай пейзаж шеберлерінің ықпалды жапон пейзаждарымен араласып, өзіндік стиль құрады.

Жалпы өнерде пейзаждың өз алдында «жанр» болып Европадағы «Қайта өрлеу» дәстүрінің үлкен маңызы болды.

Енді суретшілер картина жазғанда бір нәрседен қарап жазуға, сол сияқты сызықтың перспективаға, кеңістікті беруге жалпы картинаның сюжетін шынайы түрде ұмтыла бастады.

XX ғасырдың бірінші жартысында-ақ швецар суретшісі К.Вицаның «Ғажайып аулау» (1444 Женева) деген картинасында көлдің жағалауын нақты және кеңістікті көрсете білді. Бұл сол ғасырда үлкен жетістік еді.

Одан кейінгі суретшілердің кіші өлшемдегі картиналарында нидерландық И.Потини-рада, неміс А.Дюрерде және А. Альтдо бірінші план өз үстемдігін ала бастады. Яғни, алғашқы план картинада нақты талданып жазыла бастады. Дәл осы уақытта, яғни қайта өрлеу дәуірінде итальян суретшілері табиғатқа басқаша көңіл бөле бастады.

Итальян суретшілері Тициан, Франческо, А.Матеньи, Джорджоне картиналарында табиғат адамға гармониялық жағынан әуен бере бастады. Картинаның көп бөлігін архитектуралық орта дами бастады.

XXI ғасырдың ортасында П.Бейгеля табиғат адамзатпен бөлінбес, ажыратқысыз бірлігін көрсетуге өз жұмыстарында басты назарға алды және қол жеткізді.

Оған мысал, суретшінің «Жыл мезгілдері», «Қар бетіндегі аңшы» (1565-екеуі де Вена өнер музейі) деген жұмыстары мысал бола алады.

XXI ғасырда табиғатты бейнелеу нақты орнығып болып, пейзажды идеалды түрде бейнелеу етек алды.

Бұл ғасырда, яғни жаңа ағым классицизм қалыптасты. Пейзаж шеберлері енді табиғатқа жаңа көзқараспен қарап, басты мақсатты табиғат деп танып, картинада басты орында табиғат образ ретінде таңдап алынып, сол картинаның арқауы табиғат болды.

Ал француз суретшісі И. Пуссенің картиналарында мифологиялық кейіпкерлер және антикалық мифология табиғатпен ажырағысыз бейнеленеді. (Геркулес және Канус, 1949 ГМНН). Ал кейін барокко стиліндегі суретшілерде, олардың пейзаждарына табиғаттың стихиялық күш қуаттары көрсетіледі.

Д. Веласкестің күн сәулесінің өзгеруіне байланысты ауа қабаттарының өзгеруі, атмосфераның өзгеруінде болып қалыптасты.

 

 

 

 

2.2.1. Кескіндеме өнерін бейнелеу өнері сабақтарында

         қолдану әдістері.

Бейнелеу өнері шығармаларында басты нәрсе олардың бейнеленгені емес, олардың нені білдіргені екенін біз енді білеміз. Оның өзінде де егер әңгіме кескіндеме, мүсін өнері және графика жөнінде, яғни әлденені тікелей бейнелейтін өнерлер туралы болып отырса ғана. Ал декорациялық — қолданбалы өнер туралы не айтуға болады: әшекейлі көне қобди немесе әсем өрнектелген ыдыс нені бейнелейді? Сәулет өнерін қайтпекпіз? Ол мүлдем ештеңені бейнелемейді, бірақ көп нәрсені білдіреді. Ертеректе осы өнерлердің бәрін белгілеу үшін « пластикалық өнер», «сымбатты өнер» терминдері қолданылды, бірақ бұл да онша айқын, дәл болмай шықты. Ақыры аяғында «бейнелеу өнері» терминіне тоқталды, біз де осы терминді пайдаланамыз.

Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жүмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлерімен және жанрларымен танысқан жөн. XIX ғасырға дейін сәулет өнері, мүсін өнері және кескіндеме өнерлерінің басты бір түрі — графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналады. Соңғы жиырма жылдықта өнердің «дизайын» сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.

Кескіндеме — бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол қүралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері  тарихи соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сақталуы

жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі француздың «түр» немесе «тек»  деген сөзінен шыққан. Кескіндеме мынадай жанрларға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар деп аталады.

Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде XVII ғасырда Голландияда және көрші Финляндияда туып, кеңінен дамыды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де, суретшіні оларға деген көзқарасында алып береді.

Майлы бояулармен тығыз, қою салынған голланд натюрморттарында көбіне сан алуан түрлі тағамнан: нан, жемістер,  жабайы аң — құстар, хрусталь бокалдардағы немесе күңгірт сәуле шашатын күміс кубоктардағы шарап бейнеленеді.

Мұндай картиналарды салдырған адам, рухани нәзік талап, талғам дейтіннің иісін де білмейтін саудагер немесе қала шонжары суреттегі дәмді, мол тағамға ғана қызығатын, өйткені, оның өмірінің басты қызығы да тамақ құлқы болатын.

Бірақ  М. Врубельдің « Раушан гүлі» натюрмортының акварелі мүлдем басқаша. Жалғыз тал әсем гүл мөлдір стаканға малынып тұр. Оның айналасында ештеңенің суреті салынбаған — суретші тек осы раушан гүлін ғана қызықтайды, қалғанының бәрі оған маңызды емес. Бейне бір нәзік фарфордан қүйылғандай болып көрінетін осынау бір жалғыз ілікті раушан гүлі суретшінің сұлулық жайындағы арманын кейіптейді. Осылайша натюрморттарда автордың өмірді қабылдауын білдіретін «өлі» табиғаттың мүлде алуан түрлі образдары берілуі мүмкін.

Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде (VII -X ғасырларда) европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық кескіндемеде ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі ХIХ ғасырдың соңына тұспа – тұс келеді.

Сурет — болмысы зерттеудің және бейнелеудің аса маңызды құралы, бүкіл реалистік бейнелеу өнерінің түп қазығы. Барлық мамандықтағы суретшілерге: графиктерге, кескіндемешілерге, мүсіншілерге, сәулет өнеріндегілерге, қолданбалы өнер шеберлеріне сурет салуды игеру қажет. Кейде тіпті өзіне де онша айқын емес алғашқы идеяларын суретші шапшаң да шамамен салынатын нобай суреттерге түсіріп алады, содан кейін ол қажетті бақылауларын этюд суреттерге жинақтайды. Шығарманың болашақ композициясын эскиз- суретте іздестіріп табады. Өткен заманның аса ұлы суретшілерінің бірі  бір мезгілде әрі кескіндемеші, әрі мүсінші, әрі архитектор болған Микеланджело: «сурет сұңғаттың да , мүсіннің де, сәулет өнерінің де жоғарғы нүктесі, сурет — барлық ғылымның қайнар көзі мен тамыры» деген болатын.

Сурет сала білу тек суретшіге қажет емес. Ол кез — келген кәсіптегі маманға — инженерге, геологқа, географқа, дәрігерге қажет. Ал суретші үшін сурет — оны көре білуге, яғни айналадағы дүниеге жеті көз тастап, көргендерін салыстыруға, талдауға, тереңірек қабылдап, сезіне білуге үйрететін ең жақсы мектеп. Бейнелеу шеберлерінің асқаралы биігіне жету, көркем көре білуді дамыту және көргендерін өз шығармаларында бере білу нақ осы суреттен басталады.

Өзінің сипаты жағынан суреттер мейлінше сан алуан болып келеді. Бүл сырт көзге шимай- шатпақ болып көрінуі мүмкін, шиыршық атқан, тіпті қас -қағым сәтте дерлік жасала салған нобай сызықтар.

Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың талаптары мен қабілеттерін толық ашудың қызығушылығы мен ынтасын оятудың құрамы ретінде қызмет атқарады. Сабақтан тыс жұмыс кезінде оқушылар керекті және пайдалы бұйымдар жасап үйренеді. Бұйымдарды жасау барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесі артады.

Тәбие жұмысы бірнеше бағыттар бойынша жүргізіледі. Оқушылардың оқудан бос уақыттан барлық сыныптан тыс жұмыстарды мұғалімдер, сынып жетекшілері мектептің атамекен ұйымының басшылығымен өткізіледі. Жұмыс бөліміндегі тәрбие жұмыстарын жоспары алдын-ала жасалуы тиіс. Оқушыларменг оқудан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының барыншаикөпшілігіне қарамастан жүзеге асырылатын формаларын бөліп көсетуге болады: салтанатты кештер, мерекелер және үйірме жұмыстарына сәйкес еліміздіңс атақты адамдарымен кездесулер. Сыныптан тыс жұмыстардың барлығы оқушылардың жаңа білімдерін байыта, олардың ақыл-ойын және қабілеттерін дамыта отырып, оқушылардың ой-өһрісін кеңейтуге өз үлестерін қосатыны анық.

Оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға көмектесу керек.Үйірме жұмыстары оқушылармен мектепте өткізілетін жұмыстар айырмасы  — бұл тәрбие жұмысы мектептен тыс жұмыс деп аталады. Ол сабақтан тыс уақытта өткізіледі. Оны мектепте оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға , олардың қабілетін анықтауға және дамытуға әр нәрсеге қызығуына, көп нәрсе білуде құштарлығын оятуға көмектеседі.

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін үйірме жұмыстары оқушыларға әр түрлі жұмыстарды кең түрде жобалауға мүмкіндік береді, қабілетңін арттыпрып қана қоймай, қимылдарын жаттықтырады, ғылым мен техникаға тәрбиелеуге көмектеседі, шығармашылық еңбекті сүйуге үйретеді. Үйірме жұмысының міндеті жалпы және арнайы білімді меңгеру, оқушылардың политехникалық ойлау қабілетін оятуға жан-жақты дамуына ықпал жасау, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы жұмыстары оқу мен тәрбиелеудің негізгі принциптерінде құралады.

  1. Оқушылардың жеке қызығушылығын ескере отырып, мазмұнын және формасын таңдап алу.
  2. Оқушылардың сыныптан тыс жұмысында жан-жақты қамтуы.
  3. Әр түрлі сыныптан тыс жұмыстардағы қызықты істерді өткізугде оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауын қадағалау және инициативасын көтеру.
  4. Сыныптан тыс жұмыстардың қоғамға пайдалы жақтарын қарастыру.
  5. Барлық сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыстың оқу тәрбие жұмыстарына бағынуы.

Сабақтан тыс үйірме жұмысындағы жетекшілер тақырып таңдауда шешім қабылдауға көп дербестік алады. Дербестік ала отырып сонымен бірге жетекші олардың шығармашылық іс-әрекетін бағыттап отыруы керек, оларға бұйымның жасалу жолдары үйрету қажет. Үйірме жұмысының бағдарламасы 72 -144 сағат аралығында есептелінген. Сабақ мектеп жағыдайында аптасына 1- рет және мектептен тыс мекемелерде аптасына 2-рет жүргізіледі. Ал жоғарғы сынып оқушыларымен 2-ші немесе 3-ші жылғы үйірмеде аптасына  4-сағаттық сабақ өткізуге болады. Үйірме жұмыстарын жүргізуде әр топта 10 – 12 оқушы, ал одан артық тілек білдірген оқушыларға мейлінше басқа топ ашқан тиімді.

Сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарында оқушыларды қоғамға пайдалы еңбегіне ерекше көңіл бөлу қажет. Оқушылар шығармашылығына көрм

елер ұйымдастыру, сонымен қатар жоғары сынып оқушыларын  ғылыми – зеріттеу  жұмысына баулу қажет. Ол үшін олар бейнелеу өнері саласында әр түрлі жанрларға баяндамалар жасап, шығармашылық тақырыптар бойынша тапсырмалар орындаулары қажет.

 

 

 

 

2.2.2. Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары,  кескіндеме  

          заңдылықтары жайлы оқушыларға мағлұмат беру

         және олардың дүниетанымын кеңейту.  

    Өнер қоғам танымының түрлерінің бірі. Өнер — негізгі шындықты көркемдік образда сипаттау. Өнер әлемді танып бағалайды, адамның рухани бейнесін, сезімі мен ойын, олардың көзқарастарын қалыптастырады, адамды тәрбиелейді, ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық талабын оятады.

Өнердің мақсатықоршаған ортаның түпнұсқалық мәнін ашу, қоғам мен адамға әсер беруді, образдарда ең маңыздыны көрсетуге талпыну.

Реализм өнердің танымдылық табиғатына жауап беретін көркемдік түрі. Өнердің реализмі -тарихи түсінік. Демократиялық  реализм 19ғ. капиталистік қоғамньң жағдайында қалыптасады. Ол мифология, әлемді қабылдаудағы діни формадан толық азат етілуі, әдістің тереңдетуі мен мақсаттық сипатты алады. Кеңестік реализм өнері бейнелеудің этикалық және эстетикалық сезім әлемі, ой мен кеңестік қоғамда өмір тәртібін көрнекті бейнелеу.

 

Бейнелеу өнерінің түрлері: кескіндеме, сәулет өнері, мусін, графика, қолданбалы өнер.

Кескіндеме. Бейнелеу енерінің бір түрі. Кескіндеме — бір жазыктық бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының беті) жағылған әр түрлі бояу қабаттарының көмегімен жасалатын өнер шығармасы. Кескіндеме сөзінің өзі орыс лексиконына 18ғ. енген.(живопись-жанды немесе тірі жазу, өмірдегідей жазу, көріністерді өміршең көрсете білу). Кескіндеме негізінен бейнелеу енері ретінде табиғатты, адамды, хайуанаттар әлемін, адамның жеке өмірі мен қоғамдағы оқиғаларды, адам қиялымен туған тарихи және мифологиялык образдарды орындайды. Өнердің кеңістікті түрінен ерекше кескіндеме өмір көру тәсілі,  көлеңке, сызьқ, шынайы кеңістікті өлшемді жазьқтық бетіне орналастыру арқылы іске асырылады. Сызық, түс, түсті-көлеңкемен әрекет жасау арқылы кескіндемені кұбылысты барлық байлығымен көрсете алады. Кескіндеме екіге бөлінеді — монументальды және станкілі.

Монументаьды кескіндемешығу тегі ежелгіден. Оның түрлері — мозаика, фреска, темпера техникасы. Станкілі кескіндеме-(станкілі — мольбертте орындалады), ешқандай көркемдік ансамбльге тәуелді емес, оның өзіндік мәні бар.

Кескіндемеде мәнерлеу тәсілдері  шеңбері кең, солардың ішінде  негізгілері —  композиция, сурет және түс (колорит). Кескіндеменің негізгі техникалық түрлері — майлы бояу (байланыстыратын заттармен   майындағы бояу), темпера (табиғи және жасанды эмульсия), клешэ кескіндеме, балауызды (воск) кескіндеме, фреска (сулы бояулармен бояу —  штукатурка) және кебу (асекко), керамикалық, силикатты, синтетикалық бояулармен —  эмаль, мозаика, витраж, акварель, гуашь, пастель, тушь кескіндемелі және графикалық шығармаларға қолданылады.

Жанрлар. Жанр франц. тілінен -«түр,тек»- бейнелеу өнері теориясында белгілі такырып және бейнелеу заттарымен шектелетін өнер  саласы (тарихи жанр, тұрмыстық жанр, батальды жанр, портрет, пейзаж, натюрморт), сонымен қатар тақырыпқа авторлық қарым — қатынас (шарж, карикатура). Жанр түрлері өнердің өркендеуіне байланысты 15-16ғғ. қалыптаса бастады. Өнер түрлерінің әртурлі жанрға бөлінуі 17-18ғғ. анағұрлым терең зерттеуге және өнермен шындықты көрсетуге, сонымен қатар осыған қажетті тәсілдерді жетілдіру, дамытуға әсерін тигізеді. Жанр түрі — тарихи категория, өнердің тарихи даму процесіне байланысты қалыптасқан, жанр күрделі өзгерістерге ұшырайды. Бұрынғы жанрлар енді  жаңа мағына алады (мәселен, мифологиялык, архитектуралык пейзаж).

Бейнелеу енерінің тарихи дамуында оның жанрлары қалыптасты: портрет, пейзаж, натюрморт, тарихи және тұрмыстық жанрлар. Оның бөлінуі негізінде шындықтың әртүрлі жағын бейнелеу, тақырып пен образдардың белгілі шеңберінде   болуы.

Портретте өзіндік мінездер, белгілі адамның жеке тұлғасы, оның сыртқы келбеті және рухани өмірі туралы көпқырлы   социалды-типтік кескінді ашуымен үйлеседі.

Тарихи жанр қоғамдық-азаматтық өмірдің мәнді оқиғалары туралы баяндайды, тарихтың трагедиялық қарама-қайшылығын ашады, өмірден бұрын кеткен адамдардың  сипатын,  жағдайды, костюмдерді  көрсетеді.

Тұрмыстық жанр адамдардың күнделікті өмірі, социалды және ұлттық салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, тұрмысын бейнелейді.

Пейзаж —  адамды қоршаған табиғатты — қала, село, индустриальды ауданның барлық формаларының  әртүрлі, бейнесі жағдайымен бейнелейді. Ең керемет пейзажда әсерлілік терең идеялық оймен үйлеседі.

Натюрморт (француз тілінен аударылғанда «өлі табиғат»)- заттар, ыдыс-аяқ, еңбек құралдары, жеміс-жидектер, гүлдер. Бұл жанр заттардың ерекшеліктерін ашады, олардың иелерін сипаттайды, кейде әлемді жақсы түсінуге, сол дәуірден қоғамдық  тәртіп  ерекшеліктеріне  әсерін  тигізеді.

Графика..Графика сөзі  грек тілінен «графо» — жазу деп аударылады. Графиканы анықтаушысы — сурет, мәнерлі тәсіл болып сызьқ, түс пен көлеңке үйлесімі, ақ пен қара дақтардың қарым-қатынасы, контраст дәрежесі немесе олардың  қарама-қарсы қойылуында қарым-қатынасы қызмет етеді. Графикаға жататындар: сурет (қаламсап, перо, көмір, сангина, кағазға кистьпен, металды тырнау, таста орындау), біртүсті және әртүсті эстамп (ағашка, металға, цинкте, тас, линолиумге гравюра). Графика станкілі (өзіндік шығарма), штамп иллюстрациясы және кітапты хаттау, газет және журналдық сурет және қолданбалы (этикеткалар, пошта маркалары, шрифт). Плакат анағұрлым үгіттеу -шақырушы күшке ие.

 Қолданбалы өнер. Қолданбалы өнерге белгілі көркемдік, эстетикалық, қасиеті мен тұрмысты және тұрғын үйді, қоғамдық ғимаратты, көше, алаң, паркті безендіретін және адамньң тұрмысына қажетті заттар жатады.Олар жиЬаздар, кілемдер, маталар, киімдер, вазалар, ыдыс-аяқтар, зергерлік бұйымдар, көше фонарлары т.б.-металл, керамика, ағаштан жасалған заттар.    

Сәулет өнері — адамдардың жеке және қоғамдық өміріне арналған ғимарат және оның комплексін тұрғызу. Сәулет өнері грек сезінде-«құрылысшы», «сәулетші»-адамның өмірі мен қызметіне қажетті материалдан орта құрайтын үйлер мен ғимараттар және олардың кешені, сонымен қатар, ол көпшіліктін эстетикалык мумкіндіктеріне, қолданылу орнына сәйкес келетін ғимараттар мен олардың кешенін жобалау және тұрғызу өнері. Сәулет өнері адамның материалдьқ қажетін, ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты, сондықтан да материалдық мәдениеттің бір түрі болып саналады. Адамның қоғамдық талаптарының алуан турлі сәулегтік өнер типін әртүрлілігін тудырады: тұрғын, қоғамдық-азаматтық.

 Өнер синтезі (грек, қосылу, бірігу)-әр түрлі өнер және өнер түрлерінің  көркемдік тұтастыққа шектеулі қосылуы, бұл адам болмысындағы материалды және рухани ортаны эстетикалық ұйымдастырады. Өнер синтезі сапалы жаңа көркемдік  кездері. Олардың идеялы-дүниетанымдық, образды және композициялық тұтастығы, кеңістік пен уақытты көркемдік ұйымдастырудағы жалпы қатысулары, масштаб, пропорция, ырғақтық  сипаттары өнердің сапасын жақсартады, қабылдауды белсендендіруге талпынады, көпжоспарлылық пен көркемдік идеяның жан-жақтылығын, адамға жан-жақты эмоционалды әсерлерін береді. Өнер тарихында әртурлі синтез түрлері белгілі. Сәулетті-көркемдік синтез — анағұрлым үлкен қо­ғамдық мәнді алады. Монументальды өнер (мусінді-кескіндеме)-сәулет өнерімен пайда болған образды (тұрғызылғанды) талкылайды және кеңейтеді, бұл кеңістік-пластикалық синтезге декоративті, станкілі өнер шығармалары қатысады (картиналар, статуялар, бюсттер). Өнер синтезінде бір өнер түрі екінші өнер түрін өзіне бағындыра алады (мәселен, сәулет өнері -кескіндеме, мусін).

Мүсін өнері. Сәулет өнері сияқты мүсін өнері көлемді-кеңістікті түрі. Мүсін – лат. тілінде бірдеңені «ойып алу», «қашау» деген сөзден шыққан. Мүсінші  өмірді өзінің ерекше этюдімен көркем бейнеде көрсететін бейнелеу енерінің бір түрі. Мүсін шынайы өмірді бейнелейді, бірінші кезекте материалды  көлемді формада, жарықтандыру мен шынайы кеңістікте орналасқан адамды мүсінші пластика тілімен әсер етіп, сомдау және қашау тәсілмен көлемді шығаратын болғандықтан, суретін негізінде материалдың шынайы түрінен, кейде түс бояулар қолданады. Мүсін  екі түрге бөлінеді: бедер (рельеф), дөңгелек. Дөңгелек мүсіннен баска рельеф (фигуралы және өрнекті мүсін мына түрлерге бөлінеді монументальды және станкілі, және сәндік).

Стильрбір дәуірдің социалды қарым-қатынасына байланысты идеялы-көркемдік принциптердің тарихи қалыптасқан жүйесі және формалары ерекшеліктері стиль деп аталады. Бір стилде өнердің түрі мен жанрлары тығыз қарым — қатынаста болады. Оларды жалпы идеялар мен сол дәуірдің эстетикалық критерияларын біріктіреді. Олардың жалпылылығы тұрақты және біртұтас көркемдік форма жүйесін тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.3. Қосымша құжаттар.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Өнер – халықтың салт – санасын, мәдениетін, адамзаттың эстетикалық   мәдени қарым  қатынастарын қалыптастырушы ағын.

Көркемдік, әдемілік ұғымының өн бойына осы екі қасиеттің екеуі де ұялаған, біреуінен бас тартсаңыз екіншісі бәрібір жеке дара сұлулық сырын жеткізе алмайды.

Өнер  үлгілері эстетикалық ғажайып мұралар сыйлай отырып, өмірде де сұлулық түзуге, дүниені еркін, әдемілік заңдары бойынша түрлендіруге тәрбиелейді. Сұлулық заттың, жаратылыс құбылысының түр – түсі тұтас, кесек көрінгенде ғана, оны жете тануға бел байлаған адамның өзінше бір қайталанбас сезімталдық, сыршылдық кәнігі  қасиетімен үндесіп, бауырласып барып бірте – бірте ашыла береді. Әр  нәрсенің байыбын барлау, қабылдау  шамасы қашан да зерттеушінің табиғат әсемімен жан – жақты қатынасының белгілі бір сапалық қадір – қасиетіне қарай айқындалады.

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны — жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір   көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.   2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды. Ол әлі әлемдегі ең бай, ең білімді, ең дамыған ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан ойдағыдай өткен көне дамудың келесі кезіңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

Қорыта айтқанда осы ғылыми жұмысты істеу барысында мен үлгі ретінде өзіміздің Қазақстан суретшілерінің көптеген жазбаша және  шығармашылық жұмыстарына үлкен назар аудардым.

 

 

 

 

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. «Бүгінгі Қазақстан» Республика суретшілерінің шығармаларында Алматы Өнер 1983ж.
  2. Ә.Қастеев. Альбом. Алматы. 1978ж.
  3. «Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері» Алматы. Өнер. 1990ж.
  4. Ералин Қ., Халмуратов Ж. «Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлері» Алматы «М-Талант фирмасы» 1997ж.
  5. Ералин Қ., Тастемиров К., «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру».
  6. Әлмұхамбетов Б., Бакенов Ж. Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. – А., 1987
  7. «Бүгінгі Қазақстан» Республика суретшілерінің шығармаларында Алматы Өнер 1983ж.
  8. Қазақстан акварелі «Өнер» Алматы 1989
  9. Щипанов А.С. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге» Алматы «Мектеп» 1989.
  10. Ғаламтор сайттары.