М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойын арқылы оқыту.
М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойын арқылы оқыту.
Қазіргі уақыттағы ғылым мен технологиялардың жедел дамуы қазақ тілін оқыту деңгейін көтеру мәселесін алдыңғы қатарға қояды.
Қазақ тілі сабағында ойынды тиімді қолдану оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуге жаттығуына мүмкіндік береді. Адам өзге тілде сөйлеу үшін бір мыңға жуық сөздер білу керек. Сондықтан мұғалімнің алғашқы мақсаты – оқушылардың сөздік қорын байыту. Оқуды ойын түрінде өткізу – оқытудың қолайлы формасы болып табылады. Оқытудың формасы ойын барысында оқушылар оқу материалын тез және жақсы меңгереді. Оқушы мәселені өз арқылы өткізетін тұлға, зерттеуші, алынған нәтижелерді таратып, жаңа мәселелерді қоятын тұлға. Нәтижесінде жақсы меңгерілген материал. Ал мұғалім оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, өзін-өзі, өзгені да бағалай білуге, өз күші мен қабілетін, жады мен көңіл, еңбек сүйгіштігін дамуға көмектесетін әдіскер.[8]
Модульдік технологияның гипотезасы:
Егер оқу-тәжірибе процесі модульдік технология арқылы өткізілсе, онда оқу динамикасы жағымды мінез алады.
Егер «оқушы+оқушымен+топпен+ұжыммен+мұғаліммен» қатынаста болса, егер сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырса, егер әр оқушы әр сабақта тыңдап, жазып, көріп және оқу материалын сатылай меңгерсе, онда модульдік технология жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. [4]
Нәтижесінде:
- Қазақ тілінен білім сапасы жоғарлайды;
- Оқушыны психологиялық кедергіден, ренішті жағдайдан құтқарады;
- Шығармашылық және танымдық қабілеттері дамиды.
Практикалық тиімділігі:
Технология бойынша құрылған әдістемелік нұсқаларды басқа мұғалімдер қолдана алады.
Модульдік технологияның мүмкіндігі:
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
- Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.
- Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.
Жүйелі түрде сабақта технологияның қолдану барысында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады, тиімділігін байқауға болады.
- Қазақ тілінде еркін сөйлеседі.
- Өз ойларын ауызша, жазбаша баяндай алады.
- Оқушылардың белсенділігін арттырады.
- Оқу мотивациясы артады.
- Неғұрлым аз шаршайды.
- Оқу қызметін көбінесе жағымды эмоциялар алады, қанағаттанады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. [5]
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлеміз және бұл біздің ең негізгі алдымызға қойған мәселеміз.
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
Қолданылатын технологияларымыз: М.Жанпейісованың модульдік технологиясы, әдебиет сабағында Қ.Бітібаеваның сатылай талдау оқыту тәсілі, Ақпараттық технология, Сын тұрғысынан оқыту технологиясы, Коммуникативтік әдіс.
Біздің Мұхтар Әуезов атындағы №42 жалпы орта мектебімізде Т.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы негізінде құрылған мұғалімдерінің шығармашылық тобы жұмыс істейді. Семинарлар, ашық сабақтар үздіксіз өткізіліп отырылады. Сәуір айында 2011-2012 оқу жылында «М.М.Жанпейісованың модульдік технологиясы» бойынша құрылған шығармашылық топқа арналған қалалық семинар-тренингте Абылова М.Ж., Бегалинова Ә.Е. «Бақытты сәт», «Аукцион», «Баяндама», «Сиқырлы сандықша», «Білім биржасы», «Тұлғаны танып біл» атты оқыта үйрету ойындарын көрсеттік.
2012-2013 оқу жылында «М.М.Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша қалалық семинар-тренинг 13 наурыз аралығында өтілді. Абылова М.Ж. «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойынын, ал Бегалинова Ә.Е. «Білім биржасы», «Тұлғаны танып біл» оқыта үйрету ойынын мұғалімдерге көрсеттік.
Бұл қалалық мұғалімдерге жүргізілген семинар-тренингтер оқушының білім сапасын арттыруда көп септігін тигізеді, пәнге деген қызығушылықтары артады. Оқу ойыны оқыту процесінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті. [3]
Сонымен қатар Абылова М.Ж. қалалық семинарда М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойынды қолдана отырып, ашық сабақтар берілді. Мысалы: «Балқаш пен Алакөл» 2007 жылы, «Алтын адам» 2009 жылы, «Қыз ұзату» 2009 жылы, «Шешен билер» 2010 жылы, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақстан халықтарының қатынастары» 2011 жылы.
Бегалинова Ә.Е. 11 сыныптарда «Қазақ фильм коностудиясы», «Қонақ үй таңдау», «Сәнді киіну»; 9 сыныптар арасында «Киіз үй құрылысы», «Музыкалық аспатар», «Теледидардың пайдасы мен зияны»; 5 сыныптарда «Ұлттық аспаптар. Домбыра», «Ұлттық киімдер» атты сабақтар жүргізді.
Осы берілген сабақтар М.М. Жанпейісованың оқыта үйрету ойындарына негізделіп жасалынған.
Мысалы, «Қазақстан халықтарының қатынастары» тақырыбында ашық сабақ үлгісін көрсеттім. Сабақ барысында үй жұмысын тексеруде «Брейн-ринг», «Өз жартыңды тап» ойындарымен жүргіздім. «Брейн-ринг» ойынында қатысушыларға жетондар таратылады, үстелдің үстінде деңгейлік тапсырма жазылған карточкалар жатады. Әр дұрыс жауапқа фишка беріледі, содан екінші нұсқаға көшеді. «Өз жартыңды тап» ойынында оқушылар кез келген түсті таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша серігін іздеп, жұмыс істейді. Жаңа сабақта «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойынымен шықтық. Мәтінді жылдам, мұқият оқып шығады. Әрқайсылары мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Сұрақты сандықшаға салады. Мәтінді тағы да оқып шығып, әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағазды алып, дауыстап жауап беруі керек.[2]
Сонымен қатар, «Сөздердің дұрыс жауабын тап» ойыны. Тақтаға 2 оқушы шығып, жарысып көреді. Кім көп сөздердің аудармасын біледі екенін.
Оқушылармен бірге өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы жайлы әңгімеледік. Бұл ойындар оқушыларға этикалық тәрбие береді. Оқушылар сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, мәдениетті сөйлеуге үйретеді. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.[1]
Мысалы алтыншы сыныпта мәтін бойынша «Мәтін бөліктері» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: оқушылар төрт топқа бөлінеді:
1.Кіріспе
2.Негізгі ой
3.Қорытынды
4.Толықтыру
Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастайды. «Толықтыру» тобы әр топтан кейін толықтырып отырады. Ойыннан соң мәтінді тағы бір қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырып, қай топтың анағұрлым нақты айтқанын анықтайды. Ойын өткізу барысында оқушылар белсене қатысады. Ең қуаныштысы, осындай сабақтарда нашар оқитын оқушылар үлкен әуестілікпен қатысады. Егер сабақ сайыс, жарыс түрінде құрылған болса, әрине әрбір бала алға түсуге, жеңімпаз атануға ұмтылады, ал ол үшін жақсы білімді болу керек, яғни балалар мұны түсініп, сабаққа қатысуға тырысады. Әрбір осындай сабақтан кейін мен балалардың «тағы да ойнайық» немесе «енді қашан осындай сабақ болады» деген сұрақтар естимін [6].
Қорыта келгенде, М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі өте зор. Оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын, ауызша және жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс-әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. [7]
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Артықова Т., Жақанбаева А., Төлеуова М. Алматы: Атамұра, 2006
- М.М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002 жыл
- «Қазақстан мұғалімі» журналы, 2002-2005 ж.ж.
- «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2008-2011 ж.ж.
- «Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру» Ғаламтор желісі
- Қазақ тілі оқулығы, Алматы, «Атамұра» -2005жыл
- 7. Ж. Қалиева. «Ойындар, сценарийлер, сайыстар» Қостанай.
- А. Адамбаева. «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері»