Химия сабақтарында АКТ-ны пайдалану жолдары

Химия сабақтарында АКТ-ны
пайдалану жолдары

беттер

І.  Кіріспе……………………………………………………………………………………….. 1

 

ІІ.  Негізгі бөлім.  Химия пәнінде АКТ пайдаланудың тиімділігі…. 3

 

     1) Ақпараттық технологияның химия пәні сабақтарында қолданылатын формалары мен әдістері……………………………………….  3

 

     2) Химия сабақтарында АКТ пайдалану жолдары.

         2.1) Интерактивті тақтаны пайдалану………………………………….. 5

         2.2) Ғаламтормен жұмыстар………………………………………………….. 9

         2.3) Электронды оқулық құралдар……………………………………….. 10

 

ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………………………… 13

 

ІV. Глоссарий…………………………………………………………………………………. 14

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………… 15

 

 

VІ. Қосымшалар……………………………………………………………………………. 16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының

негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік

көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында

басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-

тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі таңда адамзаттың ақпараттық мәдениетінің дамуы білім алуда өте маңызды рөл атқарады, оның себебі – ғылыми-техникалық ақпараттың көлемі екпінді өсуіне байланысты. Ақпараттық технологиялардың барлық жаңалықтарын ең бірінші балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын пайдаланып, олардың жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты

әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз

атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны

оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор.

Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың

мүмкіндіктерін іске асыра алады. Оқушы–оқу үрдісінің басты субъектісі,

сондықтан баланың дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға оқушы мен

оқытушының өзара ынтымақтастығы оқу процесіне қалыптастыру мен әр

түрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі нәтижесінде

жүзеге асырылуы тиіс.

 

     Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді:

-оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру

арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және

шығармашылық қабілеттерін дамыту

— алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.

   

    Болжам:

–Егер жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса,

оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі,

зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты қазіргі

кезеңде білім ең басты мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Бұл білім

берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді. Олардың ең бастылары:

-білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара

тұлғаға бағытталуы;

-қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру;

-әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған

 

1

сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту;

-көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау.

 

 

Болжамды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер шығады:

 

– Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.

 

– Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру,  іс шаралар кешенін әзірлеу.

 

– Компьютерлік және саралап – деңгейлеп оқыту технологиясын оқыту үрдісіне енгізу негізінде:

 

а) химия пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.

 

б) Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау.

 

в)  Химиядан өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама.

 

Күтілетін нәтиже:

 

  • Ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалана отырып оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру;
  • Бүгінгі таңдағы ақпарат ғасырындағы өмірге бейімделген жан-жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру;

 

Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің

маңызды шарттарының ең бастысы ─ оқушы құзыреттілігін қалыптастыру

мәселесі де іске асар еді. Осы тұрғыдан алғанда мектепте химиядан

қолданбалы курстарды оқытудың маңызы зор деп есептейміз. Өйткені

қазір мектептерде барлық жұмысты бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлап,

жоғары сапа көрсетуді бірінші кезекке қойған кезең екендігі жасырын емес.

Ал оқушылар арасында химия пәнін таңдау өте сирек, себебі химияны

таңдаушылар үшін ұсынылған мамандық түрі аз. Сондай-ақ, химия қиын

пәндер қатарынан болып саналады. Бірақ осындай қайшылықтарға қарамастан химия ─ жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде оқушылардың жан-жақты жарасымды жетілуіне, химиялық сауатты болуына қажетті білім беретін, яғни құзыретті жеке тұлғаны тәрбиелеуге өзіндік үлес қосатын пән

 

2

болып табылады.

 

Химия пәнінде АКТ пайдалану тиімділігі.

 

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу─мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабақта:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық

оқулықтарды);

-зертханалық тәжірибелер;

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже

береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім

сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты

арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

 

Ақпараттық технологияның химия пәні сабақтарында қолданылатын формалары мен әдістері.

 

Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:

-сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру,

оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау,

жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;

— сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй

тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;

— мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б.

 

3

АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:

  1. Химиялық үрдістерді сипаттап, талдау жасау үшін компьютер немесе

басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.

  1. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді. Мысалы:

химиялық процесстер, химиялық өндірістер және т.б.

  1. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі химиялық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды орындауға болады.
  2. Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді.Қазіргі кезде оқытудың жаңа

үрдісіне сай мектепке барлық пәндерден тест әдісі кеңінен қолданылады, тіпті ҰБТ тапсыру үшін де. Әсіресе тарау, тақырыпты қорытып, қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ-компьютер, интерактивті тақта, ғаламтор) оқушының оқуға мотивациясын арттырады және химия пәнін оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

 Оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді;

 Оқу материалдың суреттерін динамика түрінде көрсетуге (құбылыстарды әр түрлі жағынан және әр түрлі деңгейде);

 Күрделі химикалық эксперименттерді көрсетуге, мысалы, қопарылыс және улы заттар мен химиялық реакцияларды сирек және қымбат заттармен реакцияларды, өте баяу жүретін реакцияларды;

 Оқушылармен жылдам және тиімді тестілеу өткізу;

 Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету;

 Жеке тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық жағдай жасау;

 Ақпараттық мәдениетттін дамытуға бүгінгі ақпараттық, коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Дәстүрлі оқыту жүйесінен АКТ қолданған сабақтардың түпкі айырмашылығы бар.

Бұл айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгеруінде: ол білімнің негізгі бұлағы емес. Ол реттеуші, ұйымдастырушы, кеңес беруші. Бүгінгі электрондық оқулық виртуалды химиялық лаборатория, Интернет арқылы орындалады. Осыған байланысты мұғалімнің міндеті осы оқу құралдарды оқыту материалдың мазмұнымен байланысты, психологиялық және жас ерекшеліктеріне сәйкес, компьютермен жұмыс істеуге дағдысы бар

4

оқушыларды анықтау, іріктеу. Осы міндеттерді сапалы, нәтижелі ету үшін мұғалім өзі интерактивті тақтамен, әртүрлі электронды оқулықтармен, және ғаламтор көзінде жұмыс істей білу керек. Ол үшін негізінде Activstudio, кітапхана және флипчартты қолдана білу қажет.

Химия сабақтарында АКТ пайдалану жолдары.

Интерактивті тақтаны қолдану.

Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында  интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.

Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.

Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген

 

5

электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне  байланысты  жеке  пән  сабақтарында компьютерлік  техниканың  мүмкіндіктерін  толық  пайдаланып, оқушыларға  терең  де  тиянақты   білім беруге  жағдай жасалды.

Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.

Интерактивті технологияның   ерекшеліктері:

1)  Бормен тақтаға жазған кескінді   экрандағы түрлі –түсті, айқын,  ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың  көмегімен  әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін  емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада  түзетуге болады. Сабақтың  өнімділігі  артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс  орнайды.

2)   Сабақта  көрнекілікті  қолдану   деңгейі артады.

3) Оқу материалын  беру  логикасына  көп  көңіл аударады, бұл оқушылардың  білім деңгейіне  оң әсерін  тигізеді. Компьютерге  деген  қарым-қатынас өзгереді.

Activstudio – да қалам, өшіргіш, түс, себет деген нәрселерді игеру керек, сонымен қатар кітапхананың ішінде не бар, оны пайдалана білу. Ал флипчарт мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады.

Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін

қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын,

білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның

элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды

тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады.

Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру

үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта

тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап

алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім

деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы

тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап,

оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест

сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың

ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар

жауаптарын құпия түрде бере алады. Жаңа ақпараттық технологияларда

 

 

6

 

электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар

оқушының бірден-бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік

формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс. Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады. Электрондық тесттерді оқу үрдісінің кез келген кезеңінде қолдануға болады. Электрондық тесттерді «Aktivstudio Professional Edition V3“ бағдарламасындағы « Оценка тест» бағдарламасымен құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады. Мысалы, сабақта оқушыларға мынадай тесттік тапсырмалар беруге болады:

 

  1. Бейэлектролиттер арасындағы электролиттер

 

А) H2SO4

 

Б) Na2SO4

 

В) O2

 

Г) KOH

 

Д) CO2

 

  1. Қатарда артық

 

А) H2

 

Б) C6H12O6

 

В) H2O(дист.)

 

Г) NaNO3

 

Д) CO2

 

  1. Электролиттік диссоциация теориясының негізін қалаушысы

 

А) Аррениус С. Б) Каблуков И.

 

В) Кистяковский В.

 

4.Дұрыс жазылған диссоциация үрдісі

 

7

А) KI⇔ K++I-

Б) KI→K++I-

В) KI⇔ K+I

Г) KI⇔ K-+I+

  1. Электролиттер арасындағы бейэлектролиттер

 

А) Cu(OH)2 Б) H2 В) HCl Г) CH4 Д) CuSO4

 

  1. Қатарда артық

 

А) NaOH

 

Б) C12H22O11 (сахароза)

 

В) ZnSO4

 

Г) BaCl2

 

Д) HNO3

Интерактивті тақтада слайд арқылы мұғалімнің дайын ақпаратты мәтін, фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады. Оқушылар алдына қойылған мәселе тақтада қайталанып еске түсіріп отыруға өте жақсы жағдай туғызады. Осылайша оқушылармен химия сабақтарында химиялық реакциялардың тізбектерінің әр түрлі күрделілікте берілгенде оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

Көмекке берілген формулалар, т.с.с құралдар экранда флипчарт арқылы жабылып тұруы мүмкін. Оқушылар талдау барысында жауаптары тақтада жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденеді.

Айнымалыларды құрастыруға тапсырма беруге болады, оны орындау барысында оқушының заттардың химиялық қасиеттерін біледі, өзінің іс-әрекетін анықтайды, сыныптастарының жауаптарын талдауға үйренеді. Интерактивті тақтада сәйкестендіру есептерді тиімді талдауға өте ұтымды.        Химия ғылымын оқуда маңызды жұмыстарда кестелерді, графиктерді қолдану. Ал интерактивті тақтадағы кесте, графиктерде қажетті ақпаратты маркер – қаламмен сызып бөлуге болады, назарды аударуға. Бейорганикалық химия курсында заттардың ерігіштік кестесінің катион мен аниондар сапалық реакцияларын эксперименттің негізі ретінде бейнелердің үстінде жұмыстар жүргізуге мүмкіндік туады. Тақта басқа пәндермен байланыста болуға өте маңызды. Мысалы, географиядан карталарды, табиғи объектілердің фотографияларын, биология пәнінен плакаттарды, двигатель, противогаздың құрылыс схемасын көрсетуге және оның үстіне қолданатын заттардың формулаларын, химиялық реакциялардың теңдеулерін жазамыз.

Интерактивті тақта сабақтың ұйымдастырушылық, қайталау, жаңа тақырыпты игеру, практикум, бекіту, қорытындылау, талдау кезеңдерінде, білім бақылауда кеңінен оқушының қызығушылығын, оқуға танымдық қасиетін оятуға. Объективті бағалауға, оқушының еркін сезінуге ақпараттық-коммуникациялық мәдениетінің деңгейі өсуіне жағдай жасалып, келешекте терең білім алуға көмегі зор.

Ғаламтормен жұмыс.

Қазіргі ақпарат ғасырында өмірімізді әртүрлі ақпарат көздерінсіз елестету мүмкін емес. Теледидар мен радио желісінен бүкіләлемдік ғаламтор кеңістігіне көшіп бара жатқан заманда, келешек ұрпақты осы заманауи үрдістердің залалды әсерлерінен сақтап, пайдалы тұстарын өз жұмысымызда пайдаға асыру үшін интернет желісін химия пәні сабақтарында кеңінен пайдалануға тырысуымыз қажет. Химия пәнінде ғаламтор желісін пайдалану формалары мынадай:

  • Онлайн режимде сабақтар өткізу;
  • Онлайн режимдегі тапсырмаларды орындау (тесттер, есептер);
  • Әртүрлі деңгейдегі онлайн олимпиадалар мен байқауларға қатынасу;
  • Мәліметтер қоры ретінде пайдалану.

Тәжірибе алмасу ретінде онлайн сабақтарға қатынасу әсіресе жас мамандар жұмысына методикалық үлкен көмек берері сөзсіз. Сонымен қатар оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Олар оқушыларға заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы мәліметтер алуға

9

көмектеседі. Рефераттар жазу барысында оқушылар өз беттерімен Интернет кеңістігінің материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады. ҰБТ сынақтарына химия пәнінен оқушыларда дайындау барысында ғаламтормен жұмыс үлкен роль атқарады. Ол тек әртүрлі тесттер мен мәліметтер алатын ақпарат көзі ғана емес, даярлық жұмыстарында онлайн режиміндегі тесттерді орындау арқылы оқушыны тестпен жұмыс істеу дағдысына, уақытты үнемдеуге және қорытындысын талдау арқылы сол бойда қатемен жұмыс істеуге көп көмегін тигізеді. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді. Ол оқушылардың  интеллектін, логикалық  ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал  жасайды. Химия пәнінде дарынды оқушылармен жұмысты да ғаламтор көмегімен тиімді ұйымдастыруға болады. Осы бағытта соңғы уақытта жиі-жиі ұйымдастырылып жүрген республикалық , облыстық олимпиадалар мен байқауларға қатыстыру арқылы оқушылардың көптеген жетістіктеріне қол жеткізуге болады. Сабақты қызықты формада ұйымдастыруға, кейбір өндірістік процестерді бейнелейтін дидактикалық материалдардың шексіз көзі болып табылатындықтан ғаламтормен жұмыс әрбір мұғалімнің шығармашылық ізденісіне көп көмегін тигізері сөзсіз.

Электрондық оқу құралдары.

Дәстүрлі сабақтағы ең қажетті басшылыққа алынатын сабақ элементі болып табылатын оқулық құралы секілді қазіргі жаңа технологиялы сабақтардың барлығында дерлік электронды оқу құралдары пайдаланылады. Электронды оқу құралдары — жаңа сабақты түсіндіру, тірек-сызбалары, тақырыптық тапсырмалар, тақырыптық тест жұмыстары, логикалық тапсырмалар, жаттығу тапсырмалары секілді бірнеше сабақ элементтерін қамтитын кешенді электронды жинақ. Оқушылар  химия  сабағында  арнайы компьютерлік  бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері  меңгереді.  Бұл оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен,  ізденімпаздықпен  жұмыс  жасауына  көп көмегін тигізеді. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Химия сабақтарында электронды оқу құралдарын пайдалану сабақ барысында оқушылардың жеке жұмыстануына мүмкіндік  туғызады. Яғни деңгейі төмен оқушы аз да болса өз бетімен орындағанына риза болатын болса, қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушылар деңгейімен шектеліп қалмай одан әрі күрделі деңгей тапсырмаларын орындап, өз жетістіктерңн көрсету мүмкіндігіне ие болады. Еліміздің мектептеріндегі химия кабинеттерін жаңа электрондық құралдармен жабдықтау жүргізіліп жатыр. Бұлардың қатарына көптеген электронды өлшеу құралдары бар «Хайпер Хим», «СПАРК», «ПАСКО» т.б.

10

кешендерді жатқызуға  болады. Осының ішіндегі «Хайпер Хим» бағдарламасы тек электронды өлшеу құралдары ғана емес, сонымен қатар «химиялық калькулятор», «электронды периодтық жүйе» т.с.с. көптеген электронды шапшаң есептегіш-көрсеткіш бағдарламалармен қамтылған. Бұл бағдарламалар бұрынғы әртүрлі кестелер мен анықтама кітаптарына бөлінетін уақытты үнемдеп, оқушылардың сабақ барысында тақырыпқа сай мәліметпен неғұрлым көп қамтылуына жағдай жасайды. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу жұмыстары байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен таралуда. Осы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін барлық оқытушылар, колледж әкімшілігі компьютерлік сауатты болулары керек. Оқу-тәрбие үрдісіне электрондық оқыту ресурстарын енгізу, электрондық  оқулықтарды пайдалану, әр пәнді оқытуда мультимедиа мүмкіншіліктерін қолдану, демонстрациялау әдісін компьютер негізінде жабдықтау, оқу және жобалау бағдарламаларын енгізу қажеттілігі туындады. Осылардың негізінде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандырудың жұмыстары басталды. Ақпараттық технология және жүйелік бірігу түрлі мүмкіндіктерге жол ашады.

Химия сабағында АКТ қолдану тек оқу үрдісін жеңілдетіп қана қоймай,

сонымен бірге оқушының да көптеген қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда:

— оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады;

— әр түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру арқылы танымдық

қабілетін дамытады;

— логикалық ойлау қабілетін дамытады;

— жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады;

— қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді.

 

Қазіргі таңда барлық химия кабинеттерінде интерактивті тақта кеңінен

қолданылып жүр және ол оқытудың тиімділігін арттыруға септігін тигізіп отыр.

Оның мүмкіндіктері төмендегідей:

 

  1. сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі;

 

  1. дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік береді;

 

  1. оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында әңгімелерін әрлеуге

 

көмектеседі;

 

  1. дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;

 

11

  1. интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар;

 

  1. бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді экранда үлкейту мүмкіндігіне ие.

Мектеп  емтихандарына  даярлау  кезіндегі   мұғалім үшін де, оқушы үшінде таптырмас  құрал.  Бүгінгі  таңда  мектеп  пәндерін  компьютер  көмегімен  оқыту  нәтижелерін  зерттеудегі  ғылыми  проблемаларды    шешу   ең  басты  орын  алады.  Бұған  себеп  оқыту  процесінде  туындайтын  компьютерлендірудің педагогикалық — психологиялық  жаңа проблемалары әлі толық  шешілмегені. Және те еліміздегі көптеген мектептердің материалдық-техникалық базасының әлі де сын көтермейтіндігі. Қазіргі таңда көптеген ауыл мектептерінде компьютерлендіру жүргізілгенімен интернет желіс қосылмаған немесе электрондық құраладрмен, бағдарламалармен толықтай жабдықталмаған. Егер осы мәселелер оң шешімін тауып жатса Химия пәні сабақтарында АКТ қолданылған сабақтардың саны көбейіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, бұл өз кезегінде білім сапасының көтерілуіне әкелер еді деп ойлаймын.

 

12

Қорытынды.

 

Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың

білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге

пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер

шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.

Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең

мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

XXI ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.

Жаңа  технологияны меңгеру оқытушының оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.

 

13

Глоссарий:

 

  1. «АКТ» — ақпараттық-коммунникативтік технология.

 

  1. «Флипчарт» — «Aktivstudio» бағдарламасының жаңа беті.

 

  1. «Aktivstudio Professional Edition V3» — көпшілік мектептердегі интерактивті тақталарға орнатылатын, сабаққа пайдаланылатын бағдарлама.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

  1. Ашық сабақтар сайты.

 

  1. К.Жантелова.Қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен үйрету.// Қазақстан мектебі,№3,2013,-21- бет.

 

  1. Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,№3-4,2010,-64-бет.

 

  1. А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2012,-5-бет.

 

  1. Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет.

 

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

 

  1. М.Ж.Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер.// Открытая школа,№5,2004.

 

  1. Білім технологиялары -2010.-№ 2.

 

  1. Қазақстан мектебі -2009. -№7.

 

  1. Ашық сабақ факультативті сабақтар 2011.-№ 4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 

Қосымшалар.

 

1)

 

 

 

  
 2     
    
 4    
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

 

2)

Қателеспе

 

 

3) «Активстудиода» «Сутегі» тақырыбындағы флипчарт.

 

4) «8-сынып» электрондық оқулығы.

 

5) «Химиялық тәжірибелер» бейнеүзінділері.

 

 

 

 

 

 

17