«Оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалану арқылы, оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру»

 

«Оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалану арқылы,

оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру»

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің басты максаты ұлттык және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп көрсетілген. Бейнелеу өнерінде сәндік қолданбалы өнер түрлері ұлттың халықтары сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бейнелеу өнерінде математикалық ойдың, есептің және бұрыштар өлшемдерінің, өң, түс, сабақтастығы жан-жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы.

Осы өнердің әлеуметтік тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік  көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды ол сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді. Осы өнерді игеру оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талғамдарын, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.

Бейнелеу өнерінде қолданбалы өнерінен үйірме сабағының тәрбиелігі зор. Әрбір оқушының эстетикалық әрекетке тарту, олардың әрқайсысын өз қолдарымен әдемілікті жасауға  үйрету, соған қажеттілігін ояту деп түсіну қажет. Мәселен көркемсурет, шығармашылық істермен  шұғылдануына жағдай туғызу және баулу қажет.

Эстетикалық тәрбие өмірдегі, өнердегі   сұлулық пен сұрықсыздықты сезіне, көре, түсіне, әділетті бағалай білетін, шығармашыл белсенді тұлғаны қалыптастыруға  мақсатты бағытталған үрдіс. Эстетикалық тәрбие міндеттерін шартты түрде теориялық білімді игеру және практикалық біліктерді  меңгеру деп екі топқа бөлуге болады

   1.Эстетикалық құндылықтарға баулу.

    2.Эстетикалық әрекетке белсенді араласу.

Эстетикалық тәрбие — дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау,  болып табылады. Қазіргі мектептегі эстетикалық тәрбие әлі де болса тұлғаның эмоционалдық алысымен эстетикалық санасының дамуына өз деңгейінде сәйкес келмей отырғаны анық.. Сол себептен де мектепке эстетикалық тәрбие беру мәселесі өзекті. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесін дамытудың қасиеттердің негізгі шарттарына тоқталсақ:

  1. Сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру.
  2. Отан сүйгіштік сезім мен адамгершілікке тәрбиелеу,сонымен қатар жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
  3. Оқушылардың жеке шығармашылығын жан-жақты дамытуға,танымдық қызығушылыққа және сүйіспеншілікке, алдына қойған мақсатқа жетуіне және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
  4. Сәндік-қолданбалы өнер арқылы бұйымдарды көркем орындау мен шығармашылық қабілеттерді дамыту.
  5. Оқушы бойындағы тума дарындық қасиеттерін және байқағыштығын бейнелеу өнер арқылы дамыту.
  6. Көріп есте сақтау және жасампаздық қабілетін дамыту.
  7. Бейнелеу өнерінде сәндік-қолданбалы өнер түрлері арқылы өнер шеберлерінің туындыларына деген қызығушылығын дамыту.

Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,  Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің яғни үйірме жетекшісінің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Педагогикалық технология үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:

  1. Тұжырымдық негіз
  2. Оқытудың мазмұндық бөлімі
  3. Оқытудың нақты және жалпы мақсаты.

Осыған орай соңғы кезде оқытудың әрүрлі педагогикалық технологиялары жасалып,мектеп өміріне енгізіліп жатыр.  жеке үйірмелерде оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып табылады.

Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізілетін танымдық іс- әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты,  мазмұндалған болса оқушыларды ынталану  пайда болады. Жаңа технология бойынша сабақ берген мұғалімдер,оқушылар үзіліс  кезінде де сабақтан бас алмағандарын байқаған. Өйткені олар бейнелеу өнері туралы өзара жұмбақ, сөз-жұмбақтар сияқты әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі. Деңгейлік тапсырмаларды енгізудің  басты мақсаты оқушылардың «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әртүрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту,сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымы сақталады.

Алғашқы деңгейдегі толық және дұрыс орындалмайынша оқушылар келесі деңгейге көшпейді, толық меңгерген оқушылар әрі қарай ілгері ұмтылып, өз-өздеріне деген сенімдері артады. Орындалған тапсырмалар есепке алынып отырады.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға,қажетті іскерліктері мен  дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Алдарыңызға  жүннен моншақ жасау әдіс-тәсілдерін  ұсынып отырмын. Моншақ жасау үшін бізге жүн, боялған жүн, кір сабын, ыстық су қажет. Төменгі суретте көрсетілгендей жүнді реттеп қойған соң ыстық сумен бүркіп кір сабынды езіп жүнге жағамыз.  Сосын біркелкі етіп ораймыз, дөңгелетіп жаямыз. Дайын кепкен таяқша жүнді қайшымен қажетті мөлшерде қиып, сосын моншақты жинаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнелеу өнерінің жаңа түрлері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы жаңа технологияны пайдалану арқылы жасалынған жұмыстардың әдіс-тәсілдері бірдей болса да, қағаз бетінде әсем, қайталанбас бояулы сурет ізі қалады.