ЭЕМ нің даму тарихы. ЭЕМ құрамы. Операциялық жүйе. Файл. Word, Excel, CorelDraw редакторларымен жұмыс жасау ережесі.

Сабақтың тақырыбы: ЭЕМ нің даму тарихы. ЭЕМ құрамы. Операциялық жүйе. Файл. Word, Excel, CorelDraw редакторларымен жұмыс жасау ережесі.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға қолданбалы информатика нені оқытатынын білдіру. Информатика пәнінен өткен білімдерін естеріне түсіру;

ә) Оқушылардың дүние танымдығын қалыптастыру. Теориялық білімдерін өмірде, практикада қолдана білуге тәрбиелеу;

б) Сөздік қорларын толықтыру. Бұрынан алған теориялық білімдерін өз бетімен толықтыруды дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі: бенджамин блум таксономиясы, СТО технологиясының стратегиялары

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, оқушыларды тексеру. Аудитория тазалығын бақылау. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

Мақсат қою.

Оқушыларға жаңа тақырыпты толықтай меңгерту. Өздігінен білім алуға дағдыландыру. Ізденуге, шығармашыл болуға, теориялық білімдерін өмірде, практикада қолдана алуға тәрбиелеу.

Материалды түсіндіру.  бенджамин блум таксономиясы бойынша

Студенттердің қолдарына жаңа тақырып бойынша қысқаша түсінік берілген мәтін таратылады. Оқушыларға 5-7 минут уақыт мәтінді оқып шығуға беріледі.

Келесі әдіс бойынша, Қадамдарға бөлінген тапсырмалар беріледі.

1 қадам

5 минутта жеке келесі сұрақтарға жауап беріңіз. Қандай 5-10 ғылыми ашылған жаңалық немесе техникалық  өнертабыс  соңғы 100 жылда сіздің ойыңызша адамзат қоғамына және тарихына көптеген әсер етті ме? Олардың әрқайсысы қашан жасалды?

2-қадам.

Тьютор пікірталаста жетекші роль атқарады.

Өз тізіміңізден бір жаңалықты немесе өнертабысты таңдаңыз. 10 минут көлемінде келесі сұраққа жауап беріңіз. Бұл жаңалықтың немесе өнертабыстың қоғамға қандай үш түрлі пайдасы мен үш түрлі зияны бар?

 

3-қадам.

3 минут ішінде жоғарыдағы мысалдардан мына сұрақтарға жауап беру: Егерде бұл жаңалық жасалмағанда біздің өмірімізде не өзгерер еді?

 

4-қадам

1-3 қадамдардағы жауаптарды тыңдап болғаннан кейін шағын топтарда жұмыс жасап және сұрақты талқылау: Сіздің ойыңызша қандай да бір жасауы қажет емес ғылыми жаңалық пен өнертабыс бар ма,? Неге иә? Неге жоқ?

 

5 қадам

Бір сұрақтан екіншісіне жылжу үшін ойлау процесі жүрді. Алғашқы 3 сұрақ соңғы 2 сұрақты талдауға көмектесті ме?

 

Бұл сабақтың әдісі Бенджмин Блум тасаномиясы деп аталады. Бұл таксаномия бес қадамнан тұрады: Білу және түсіну, Қолдану, Талдау, Жинақтау, Бағалау.

«Блум тақсономиясы бойынша сабақ жоспарлаудың  мұғалім құзырлылығын арттырудағы  ролі.» Т.Нақыповтың сөзін басшылыққа ала отырып сабағыма дайындаламын.

Осылай өткізілген сабақтардан кейін оқушылар өздерінің ізденушілк қабілетіне сеніммен қарайды. Сонымен қатар төмендегі қасиеттерге ие болады:

  • Пәнге деген қызығушылықтары артады.
  • Өзара пікір алмасу қатынасы жүзеге асады.
  • Сойлеу қоры көбейеді.
  • Білім сапасы артады.
  • Жеке тұлға ретінде қалыптастырады.