Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамыту мәселелерін қоғамдық пәндер сабақтарында үйрету.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамыту мәселелерін қоғамдық пәндер сабақтарында үйрету.
Құрметті ұстаздар ! Білім беру жүйесі — қызығы мен қиындығы мол күрделі сала. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру тәрбиелеу— әр бір ұстаздың оқу тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады.
Қандай әдісті пайдаланса да мақсат-бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру. Осы орайда оқушылардың білімін жетілдіріп, дамыту жолында болашағы бар, шығармашылықпен жумыс істейтін тәжірибелі мүғалімдер, жаңа технологияның тиімді әдіс тәсілдерін жас ұрпаққа бойына сіңіре отырып, жұмыс істеуде.
Мемлекетіміздің ата заңының 1 – бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретірде орнықтырады. Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев сөйлеген сөзінде « бізге интелектуалды ұлт қажет.Халықаралық деңгейде бәсекеге түсетін эрудициялы адамдар керек » деген болатын.
Осы сөз маған көп ой тастады. Біз тәрбиелеп , оқытып жатқан жастар жаман емес ,олардың білімге деген ынтасы зор.
Жастар білімді , жан-жақты жетілген , ұлттық рухы бар, ұлт мүддесі үшін қызмет ететіндей болуы үшін біз соларға қай дәрежеде білім беріп жатырмыз, осыны ойлауымыз керек.
Қазіргі таңда мектептің материалдық –техникалық базасы бай, мүмкіншілік көп, тек көзін таба білу керек. Сабаққа кіргенде оқушы бойында «менің Отаным қандай болған , қазір қандай,болашақта қандай болуы керек » деген сезімді ояту керек. Осы мақсатқа жету үшін қоғамдық пәндердің орны ерекше.
Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы.
-Біз бабалары басының қадірін арттыруды басты мұрат санаған елдің баласымыз.
-Бойында қаны бар , намысы бар әрбір азамат енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз деп ой-санасын қамшылауы керек.
-Әрбір адам бала кезінен : Қазақстан менің Отаным , оның мен үшін жауапты екені сияқты ,мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн.
Н.Назарбаев.
Тәуелсіздік алғаннан бергі еліміздегі қайта құрулар, эканомиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы мен ақпараттануы мектепте білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қоғамдық пәндер сабақтарында қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты өткенді білуге деген құштарлық өсе түседі. Бұл жағдай тарих ғылымының жаңа дидактикалық жүйені іздестіру,салалық басылымдарда,бұқаралық ақпарат құралдарында, көпшілікке арналған әдебиеттерде бұрын белгісіз болған , құпия құжаттар, жеке хаттар мен күнделік жазбаларды іріктеу арқылы оқулыққа енгізу қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан ,өткенді ғылыми танып білуде осындай тың деректерді, мұрағат материалдарын жас ұрпақтың таным-түсінігіне сәйкестендіре отырып , мектеп бағдарламаларында , оқулықтарына енгізу, сапалы, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырамыз.
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін гі мектептерде жүргізіліп келеген Қазақстан тарихы пәніне тиянақты өзгерістер енгізу проблемасы соңғы жылдарда болған түрлі саяси ,тарихи және әлеуметтік –эканомикалық өзгерістерге тікелей байланысты туындаған болатын. Бұл жағдай 1990 жылы Қазақстан тарихын республика мектептерінде дербес пән редінде енгізді.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамыту мәселелерін қоғамдық пәндер сабақтарында үйрету-жүйелі білімді баяндаумен қатар ,оқушыларды елін ,Отанын сүйетін елжанды азаматтар тәрбиелеуде ,жеке тұлғаның қалыптасуында ,тұрлі мәдени құндылықтардан хабар болып ғылыми түсінік береді. Қоғамдық пәндер оқушылардың ойлау логикасын қалыптастыруға ,ізденуге ,талдауға, сұрыптауға ,баға беріп, қорытынды жасауға үйретеді, аналитикалық ойлауын дамытуға септігін тигізеді.Оқушы қоғамдық пәнді меңгеруге ,қосымша әдебиетті оқуға және өзіндік ізденіс жасауға ,танымдық дербестік әрекетінің артуына көмектеседі.
Қоғамдық пәндер оқулығының өзегі ,желісі болуы керек ,ол
« күнделік » сияқты түрлі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, фактілер мен адам аттарын даталарды оқушылардың санасына тізіп қоймай , өз елінің болашағын ойлайтын азаматтар тәрбиелеуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамыту мәселелерін қоғамдық пәндерді оқыту арқылы Отан тарихын барлық қырын обьективті, байыппен, жан-жақты диалектикалық тұрғыдан қарастырады.
Құқықтану пәні-оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, оқушылардың ой- өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
А.Байтұрсыновтың мына бір сөзін айтқым келеді
Мектептің жаны -мұғалім.Мұғалім қандай болса,мектебі hәм сондай болмақшы.
Яғни мұғалім білімді болса,білген білімін басқаға үйрететін болса,ондай мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы.Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі- білімді,педагогика,методикадан хабардар,оқыта білетін мұғалім.