Дүкенде
Әдебиеттік оқу пәнінің сабақ әзірлемесі
3 – сынып
Сабақ тақырыбы: Дүкенде
Сабақ мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды мәтінді түсінікті меңгеруге жағдай жасау; Мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету; Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру;
Дамытушылық:
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; Кейіпкердің іс — әрекетін сыни тұрғыдан бағалау;
Тәрбиелік:
Оқушыларды үлкенді сыйлауға, мәдениетті қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ –жауап, «Ішіне – сыртына» стратегиясы
Көрнекіліктер: суреттер, таразы, алма
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану
Сабақ барысы:
І Қызығушылығын ояту.
Қуаныш шеңбері (бала өзін достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенім артады)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Сабақты ойынмен бастаймыз, бұл ойынның мақсаты: жаңа сабақ тақырыбын ашуға дайындық ретінде қолдану.
Кім мамандықтың атын жылдам табады?
Білімнің нәрін теретін,
Балаға тәлім беретін. (мұғалім)
Айнытпай келбетті
Салатын суретті. (суретші)
Бүгінгі тақырыбымыз сатушы мамандығымен байланысты болады.
ІІ Мағынаны ашу
- Мәтінмен жұмыс (мәтінді оқудың бірнеше түрлерін алудағы мақсаты: оқушылардың оқу дағдысын арттыру)
мәтінді мұғалім оқиды
І топ Мәтінді тізбектеп оқиды
ІІ топ Мәтінді күбірлеп оқиды
ІІІ топ Мәтінді рөлге бөліп оқиды
- Сөздікпен жұмыс (мәтінді мазмұнын толық түсіну үшін және сөздік қорын молайту үшін қолданамын, оқушылар сөздікті дәптерге жазады)
Қос жұдырықтай — үлкен
Бедірейіп тұра берді – көңіл бөлмегендей тұра берді
Тілалғыш –жұмсағанға жүгіріп бара беретін, айтқан жұмысты екі еттірмей қалтқысыз орындайтын адам
Зыта жөнелді – қаша жөнелді
- «Ішіне – сыртына» стратегиясы арқылы баланың жағымды, жағымсыз жақтарын көрсетіңдер
(Мақсаты: кейіпкердің жағымды, жағымсыз әрекеттерін бағалай білу)
Жағымды | Жағымсыз |
Анасының айтқанын тыңдап дүкенге барады
| Сатушының айтқанын естімегендей болып тұра береді |
ІІІ Ой толғаныс
1) Көрініс көрсету Орынтай мен сатушы арасындағы әңгімеден
үзінді көрсетіледі
Рөлде ойнайтындар: Сатушы және Орынтай
(Мақсаты : оқушылар өзін еркін айта білу және қоршаған ортада өзін ұстай білуге тәрбиелейді)
Сатушы:
— Қарғам, түскен алманы әперіп жіберші, — деді.
— Апай, сіз жаққа домалап кеткен екі алманы әперіңізші, — деп өтінді.
- Жеке оқушымен жұмыс
1- тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұны бойынша жоспар құр.
2- тапсырма
- Осы мәтіннен өзіңе не алдың?
3- тапсырма Сұрақтарға жауап бер
-Кім өкінді? Кім ұялды? Кім кімнің қателігін бетіне басып айтты?
- Мәтін мазмұнына сай мақал –мәтелдер айтып, мағынасын түсіндір.
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
Үлкенге құрмет,
Кішіге ізет.
Қорытынды.
Бағалау
Үй тапсырмасы
Мәтін мазмұнын айту, «Сен үшін ұялдым» тақырыбына эссе жазу
Жүректен –жүрекке
Әр оқушы жанындағы досына жүрекке жылы сөз жазып береді