Кембридж бағдарламасы бойынша мектептегі іс- тәжірибе кезінде орындалған тапсырмаларға қатысты есеп.

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

№1 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі

Аймағамбетова Нұршат Коптлеуовна

Кембридж бағдарламасы бойынша мектептегі іс- тәжірибе кезінде орындалған  тапсырмаларға қатысты есеп.

Мен осы бағдарламаны толықтай бітіріп, сертификат алғаннан кейін, қазіргі 8-9 сыныптармен жұмыс істей бастадым. Ал 2013-2014 оқу жылынан бастап 8-9-10-11 сыныптармен жұмыс жасап келемін. Жұмысты бастамас бұрын, бағдарламаның жеті модулі аясында тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын жасадым. Жоспарда әдеттегі практикаға өзгерістер енгізуді көздедім және оны мектеп әдіскерімен және әріптестеріммен бөлістім. Олар өз пікірлерінде оқушылардың топқа бөлінуі, сабақ барысында өткізілген сергіту сәттері, әр топтың өзара бағалауы көп уақытты алмайма деген сұрақтар қоя отырып, сабақта топтық жұмыста оқушылардың пікір алмасуының, бір-біріне көмектесуінің және сыни ойлауда Блум таксономиясының тиімділігін айтып өтті. Сабақ барысында тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауда қандай әдіс тиімді деп сұрағанымда әдіскеріміз Айгүл Балғалиева блиц турнир, сәйкестендіру стратегияларын қолдануды ұсынды, оның пікірінше бұл топтық жұмыс болғандықтан аталған стратегияларды қолдануда жарыс ұйымдастыруғада болатындығын айтып өтті. Ал әріптесім Абдикадирова Камшат сабаққа қатысқысы келмей, диалогқа қосылғысы келмей отырған немесе үнемі сабақта үндемей отырған оқушыны диалогқа қосу үшін оқушыларға білдірмей орындығына стикер жабыстырып, содан кейін кімнің орындығында стикер болса сол постерді қорғауын сұрау арқылы оларды диалогқа қатыстыру әдісін ұсынды. Бұл әрине мен үшін  өзгерісті жоспарлауда және жүзеге асыруда таптырмас қолдау болды.

 

 

 

 

 

 

Ал мектеп психологы Асқанбаева Жанат сыныпта ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастыру үшін сергіту сәттерінің бірнеше түрлерін ұсынды. Соның ішінде шеңбер құрып, оқушылармен пікір алмасу, доп лақтыру арқылы сұрақтар беру сияқты сергіту сәттерін өз сабақтарыма  қолдандым. Осының нәтижесінде Муфтулаева Динараның сырт көзге тұйық көрінгенімен қызығушылығы жоғары, өз ойын еркін жеткізе алатындығын айқындадым, ал Рустамова Айнұрдың сөйлеу мәнерінің жоғары екендігін, Эльдардың шығармашылық қабілетінің басымдығын байқадым. Сондай-ақ зерттеуге алынған  8, 9, 10, 11 сыныптарының ішінде 8- сынып оқушыларының басқа сыныпқа қарағанда ойын толық және нақты жеткізетіндігі, шығармашылық ойлау қабілеттерінің басымдығы байқалды.  Сергіту сәттерінде сондай ақ логикалық қызықты есептер ұйымдастырдым. Бұл арине олардың логикалық ой өрісін шыңдаумен бірге қызығушылығын арттырды, тіпті әр сабақта осындай логикалық есептің болуын сұрады. Жаңа тақырып өтетін сабақтарымда оқушыларға жаңа тақырыпты меңгертуде сұрақтар қоюды блум таксономиясына сүйене отырып ұйымдастырдым яғни «білу» процесіне бұл туралы не білесіз? кімде қандай пікір бар? тағы не айта аласыз? деген сұрақтар пайдалындым, «түсіну» процесінде неге олай ойлайсыңыз? неліктен? не себепті?қалай дәлелдейсің?сенімдісіңбе? кімде қандай ұсыныс бар? сияқты сұрақтарды пайдаландым, «талдау» процесінде айырмашылығы неде?  ұқсастығы неде? өткен тақырыптардың қайсысымен байланысып тұр? сұрақтарын пайдаландым, ал жинақтау процесінде дұрыс жауаптардың барлығын жинақтай отырып жаңа тақырыпқа анықтама ұсынуды және қасиеттерін табуды оқушылардың өздеріне ұсындым. Соңғы «қолдану» процесінде алған білімдерін, түсініктерін, анықтамаларды практикада есеп шығаруда қолдануды ұсындым. Ал келесі сабақтарымда осы сұрақтарды оқушылардың өздері бір-біріне қоя отырып қаншалықты меңгергенін анықтау үшін арнайы жетекші сұрақтарын дайындап әкеліп, оны жұппен талқылауды және топпен бөлісуді ұсындым. Менің аздап көмектескенім болмаса, сабақ нәтижелі шығады, оқушылар өзара пікірлесе отырып, бір-біріне сұрақтар беруде қызығушылық танытып, сіздер бұған келісесіздерме? қалай ойлайсыңдар?деген сұрақтарымен таң қалдырды. Болашақта оқушылардың өздері сұрақтарды ұйымдастырып,менің көмегімсіз нәтижеге жетуін қадағалауды ұйғардым. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтарында күтпеген жауаптар логикалық әзіл есеп ұйымдастыруымда кездесті, осы есеп барысында сыныпта үнемі үндемей отыратын Жанасыл мен Тайр ойлау қабілетімен есте сақтау қабілетінің жоғары екенін байқадым. Бұл мен үшін үлкен сын болды, өйткені бұрынғы сабақтарымда бұл екеуін елемейтінмін, ал осы бағдарлама аясында оларға деген көзқарасым өзгерді, болашақта бұл екеуін зерттеуге алуды негізге алдым. Талантты және дарынды баланы анықтау үшін  мен 8-сыныптан  үш оқушыны алдым. Алмагүл әр түрлі деңгейдегі есептерді жылдам орындайды, тақырыпты тез меңгереді,  логикалық ойлау қабілеті жоғары. Ал, Жайнаш орташа, тапсырмаларды орындауда біршама көп уақыт жұмсайды. Ол жеке жұмысты және белгілі бір оқушымен бірге жұмыс жасағанды ұнатады. Айнур өте баяу, есеп шығаруда қиналады. Бұл үш оқушыдан 1 жылдың ішінде өзгерістерді байқай бастадым. Алмагүл аудандық олимпиадаға қатысып, 2-орын жүлдегері болса, Жайнаш қасындағы сыныптастарына көмек беріп, есептерді бірігіп шығарып, сабаққа деген ынтасы артты.  Ал Айнұр бұрын үштік бағамен оқып жүрсе, қазіргі таңда төрттікке көтеріліп жұр.

 

 

 

 

 

 

   «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

    Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығарамшылық ізденістегі адам. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін қажымай-талмай еңбектену қажет.Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш жұмсауы керек. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды баланы анықтауда кейс стади және  «Lesson Study» әдісін қолдануды ұйғарып, өз сыныбымның тәрбие сағаттарын әр түрлі шығармашылық жұмыстар ұйымдастырып, қорғау жұмыстарын жүргіздім. Оқушылар өз қабілеттерін өте жақсы деңгейде көрсетіп, осы жұмыстарының нәтижесінде аудандық «жыл  сынып жетекшісі – 2013» сайысынан бас жүлдені, ал облыстан І орынды иелендім. Осыған қатысты  тамыз конференциясының секциясында «Lesson Study және кейс стади әдістері тәрбие сағаттарында» атты баяндама оқыдым. Ал қараша айында мектепішілік панарама сабақ өткізіп, бұл бағдарламаның білім саласында өте тиімді екенін әріптестеріме түсіндіріп өттім.

    Оқушыларды бағалауда марапаттау арқылы оқыту үшін бағалауға көп көңіл бөлдім. Үнемі үндемей отыратын оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысып, өз пікірлерін ортаға салып отыруы мен үшін жетістік болды және олардың әрбір жетістігін ескеріп оқушылармен бірге марапаттап отырдым. Сондай ақ әр сабақта оқушыларға бағалау критериі мен өзара бағалау әдістерін, соңғы сабақтарымда кубизм әдісі арқылы және де «табыс ағашы» арқылы бағалау әдісін түрлендіріп отырдым. Жалпы алғанда бұл курстың маңыздылығы ой бөлісіп, әдістеме алмасуда мүмкіндік туғызуында және ең тиімді әдістер мен стратегияларды жинақтап, оқытудағы қиыншылықтарды жоюға мүмкіндік тудыратындығы. Бұл курста мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтың одан да арта түсетініне сенемін. Ойымды қорытындылай келе Питер Клайнның мына сөзімен аяқтағым келеді: « Балаға  өз бетімен  зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан  әрі  жақсы оқи түседі.