Тәрбие жұмысын мультимедиялау

 

 

Тақырыбы:  Тәрбие жұмысын мультимедиялау.

 

І. Кіріспе

 

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме? Дана халқымыз.

Егемендігіміз есік қағып, тәуелсіздігіміз тәй-тәй басып кел жатқан заманымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуге, рухани және қауіпсіз дамуына жағдай жасау адамгершілік жағынан қамтамасыз ету міндетіміз. «Білімді ұрпақ бақытымыз, білімсіз ұрпақ – сорымыз!» екенін естен шығармаған жөн шығар, ағайын. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Қазіргі заманда бала дұрыс білім алу үшін жағдайдың бәрі жасалған. Егеменді Қазақстанды өркениетті елдердің қатарынан көру үшін білімді ұрпақ керек.

Әрбір адам, әрбір халық өз ұрпағының  болашағына жанашырылқы жасап, өмірдің талабына сай тәлім- тәрбие беру мінедтті ісі. Қазіргі таңдағы басты міндет- өз жерін сүйетін, халқының тарихын білетін, тілін, дінін, дәстүрін білетін азамат тәрбиелеу. Қазіргі заманның келелі келбетінің басты көріністерінің бірі- жас ұрпақ тәрбиесі. Қыз асырап, ұл өсірген халқымыз баланы өз өмірінің жалғасы деп есептеп, оның тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Әр ата-ана өзі өсірген баланың саналы азамат болғанын қалайды.

Қазіргі отбасындағы ұрпақ тәрбиелеудің жай-күйі кімді болса да ойландырарлықтай халге жетті. Біздің заманымыздағы ата-аналардың тыныс тіршілігіне, отбасыларының әркелкілігіне қарай, материалдық жағдайлары мен рухани деңгейлеріне қарай бағалауға тура келеді. Демек, отбасының темір қазығы мықты болмайынша, тәрбиенің де сәні болмайды.

«Алдымда толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба» – деп Сұлтанмахмұт жырлағандай күй кешіп жүрген жас ұрпаққа отбасында болсын, мектепте болсын, өнегелі тәрбие беру біздің борышымыз.

Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, дұрыс тәрбие бақыттың бастауы десек, қателеспейміз. Алғаш ұстаздың жолын бастаған жас ұстаздың тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қиындықтарға жолығатыны жасырын емес. Өзіне тапсырылған сыныптың тәрбие жұмысының жоспарын жасап қойғанмен, әр сынып сағатын өткізгенде «қалай қызықты жүргізіп, түрлендіруіме болады?» деген заңды сұрақ туады. Әрине, бұл кезде біз тәлімгер ұстаздарымыздың кеңесіне, баспасөз материалдарына, «Мектеп», «Тәрбие құралы» сынды әдістемелік журналдарға жүгінеміз. Мен де 2010 жылы №13 орта мектеп гимназиясына келгенде дәл осындай күй кештім. Алғаш еңбек жолымды сынып жетекшілік ғана емес, тәлімгерлікпен бастаған маған тәрбие саласында көбірек жұмыс істеуге тура келді. Тәрбие сағатынан алдымызда отырған әр шәкірт бір нәрсе алып кетсе, санасына жақсы ой түйіп кетсе деп ойлаймыз. Егер менің жинақтаған жұмыс түрлерім сіз және сіздің шәкірттеріңіздің игілігіне жараса мен өз мақсатыма жеткен болар едім.Сонымен, тәрбие жұмысын  ұйымдастыруға мен мынадай жұмыс түрлерін ұсынамын.

Бұл жұмыс түрлерін әр сынып деңгейінде ұйымдастыруға болады.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.1. Теориялық бөлім

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдасы Білім және ғылым Министрінің  16 қараша 2009 жылғы №521 бұйрығымен бекітілді

Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмай жатқан мәселелер:

  • тәрбиенің мақсаты мен басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік

беретін нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіз;

  • қоғамның әлеуметтік жіктелуі;
  • оқыту рөлінің жоғары бағаланып, тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;
  • педагогтардың жалпы адамзаттық құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермейді;
  • отбасының тәрбиелік рөлі әлсіреген;
  • адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
  • тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелік жағынан

жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

  • педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз

меңгеруі және т.б.

 

Тұжырымдаманың басты мақсаты:

Жас ұрпақтың тәрбиесіне  бірыңғай көзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдісіне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.

Тұжырымдаманың міндеттері:

  • Жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын

қоғамның түсінуін өзектендіру;

  • Тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық,

ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;

  • Балалар мен жасөспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметті топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
  • Жас қазақстандықтарды толеранттық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
  • Балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау және т.б.

Тәрбиенің   мақсаты

Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері тануларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбиенің  міндеттері

  • білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
  • балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
  • өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптастыру және т.б.

Тәрбиенің басым бағыттары

  1. Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік
  2. Рухани-адамгершілік
  3. Отбасы тәрбиесі
  4. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
  5. Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
  6. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
  7. Экологиялық
  8. Эстетикалық
  9. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір сүру салтын және денсаулық  қорғаушы орта қалыптастыру
  10. Еңбек және экономикалық
  11. Кәсіби-шығармашылық
  12. Интеллектуалды мәдениетті дамыту

Тұжырымдаманы орындаудан күтілетін нәтижелер

  • тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғам сезінеді, тәрбиенің

қоғамдағы мәртебесі нақты бекітіледі;

  • білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігі

және сабақтастығы қамтамасыз етіледі;

  • балалардың, жасөспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін

жоғары деңгейге жеткізеді;

  • салауатты өмір сүру салтын норма ретінде бекітеді;
  • қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;
  • барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі

дамытушы тәрбие жүйелері қамтамасыз етіледі

 

 

 

 

  • Практикалық бөлім

Перамида.

                                                     Тәсілдер

 

 

 

                          Бағыт                                              Нәтиже

 

Тәсілдер:

ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ “ТӘСІЛДЕР”

  • Пікірлесу
  • Суреттер сөйлейді
  • Тарихи-мәдени кеш
  • Кездесу
  • Тренингтер
  • Жәрмеңке
  • ойын

Бағыттар:

 

  1. Пікірлесу. Тақырып: « Ел тірегі- тәуелсіздік »

а) «Тәуелсіздік» деген не? – сұрағы қойылады, оқушылар ойлана отырып өз пікірін айтады.

б) 20 жыл не берді? – осы 20 жылдық мереке қарсаңында елімізде көптеген  мерекелік шаралар тарихи мағыналы көріністердің куәсі болдық.

в) «Көшбасшы … бұл кім? –

 

 

 

 

  халықты біріктіруші             хан          Н.Ә.назарбаев

                                                                               ел мақтаны

 

 

 

Ел қорғаны                                                         Басқарушы

 

 

 

 

 

 

 көшін бастаушы

                                                                         

                           елді аузына                  халыққа үлгі

                        

         Тиімділігі: Білімі толық қамтылады,  ұмытылған көптеген тарихты еске түсіреді.

Оқушыларды неге үйретеді: Еліне деген жауапкершілікке, жан – жақты оқушы болуға үйретеді.

Нәтиже: Оқушыларға ой салынады, білімі анықталады, қызығушылығы артады, партиоттық сезімі күшейеді, болашақта мамандық тандауда тиімді жолдарын таба алады.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,

Жаманың жамандығын айт құты қашсын» — дегендей, ел басының барлық халқы үшін жасаған еңбегін айпай кету мүмкін емес.

  1. Суретпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді»

Дайын суреттер бойынша ойын айту

Тиімділігі: Баланың есте сақтау қабілеті артады.

Оқушыларды неге үйретеді:  біреудің ойын түсінуге, суретке қарау арқылы сурет салушы адамның қандай екенін біле алады.

Нәтиже: суретті сөйлете біледі, ойлау, шығармашылық қабілеті дамиды, тіл байлығы дамиды, қиялдау қабілетін дамытады.

  1. Баяндама (Конференция)

Қазақтың көрнекті тұлғалары:

Н.Ә.Назарбаев

Абылай хан

Қайрат Рысқұлов

Ә.Кекілбаев

Тәуелсіздік жолында тер төккен қазақ тұлғалары.

Тиімділігі: оқушы ізденеді, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді, жауапкершілігі артады.

Оқушыларды неге үйретеді: қиындыққа мойымауға үйретеді, өжеттіліке, қайсарлыққа, батырлыққа тәрбиелейді.

Нәтиже:  Осы аталған тұлғалардың өмірімен танысады.

  1. Тренингтер.
  2. Жағдаяттар.

1) Сенің сыныбыңда әр түрлі ұлт өкілдері оқиды. Олардың арасында ұрыс туындаса не істейсің?

  • Сенің бір досың «алаңға ту бекер қойылған, орнына ескерткіш қою керек еді» деген пікір айтты. Сенің әрекетің?
  1. Танысу (доп лақтыру)

а) Атың кім? (6 оқушы)

ә) Сен кімсің? (оқушы, бала, азамат)

б) Сен қандай оқушысың? (тәртіпті, озат, т.б.)

в) Оған қалай жеттің?

Енді дәл осы тренингті өз мақсатымызға сай тақырыптық жағынан өзгертуге болады.

а) Сенің елің? (Қазақстан)

ә) Қазақстан – ол не? (Мемлекет, отаным, атамекенім, туған жерім, жер кіндігі)

б) Ол қандай мемлекет? (Бірлігі мықты, бейбіт, зайрылы, тәуелсіз, егеменді, демократиялы, жасампаз, т.б.)

в) Қазақстан бұл дәрежеге қалай жетті? (Елбасының саясатының арқасында, халық бірлігі арқылы, еңбекқорлығы нәтижесінде, мақсат қоя білуі арқылы)

  1. «Менің есімім»

Туған ел тарихымен байланысты ма?

Мақсаты: оқушыларды өз-өзіне  жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

Қазіргі мектеп оқушылары тәуелсіз ел ұрпақтары. Ендеше, оладың аттары да қазақ тарихымен байланысты болуы мүмкін. Мәселен, Томирис, Бекарыс, Бейбарыс, Нұрсұлтан, Абылай, Темірлан, Шыңғыс, т.б. аттар жиі кездеседі.

Тиімділігі: баланың машықтандырады, сергітеді, қызықтырады.

Оқушыларды неге үйретеді: өзін-өзі тануға, білуге, ізденуге үйретеді.

Нәтиже: ойын ашық айта біледі, өзін құрметтеуге, бағалауға үйретеді.

  1. Тарихи – мәдени кеш «Тәуелсіздік – ту етер жалғыз кие».

Сахналанған қойылым, мәнерлеп оқу, жас ақындар, күй, қазақ биі, патриоттық әндерді пайдаланып үлкен кеш өткізу. Кеш өткізерде үлкен дайындықпен өткізу.

Тиімділігі:  Уақытты үнемдеу, осы кеш арқылы баланың жан-жақты алған білімін бекіту.

Оқушыларды неге үйретеді:  Өнерлі болуға, еліне деген сүйіспеншілін, жауапкершілігін арттырады.

Нәтиже:  Эстетикалық тәрбие, сахна мәдениетін біледі. Дарынды баланы анықтайды.

  1. Кездесу.

Ә.Кекілбаев – тәуелсіздік жайында сындарлы пікір айтып жүр.

К.Ыбыраев – патриоттық әндер жазып жүр.

С.Нұржанов — «Тәуелсіздік – ту етер жалғыз кие» өлеңінің авторы.

Тиімділігі: осы тұлғалардан үлгі алады, олардың отанға деген патриоттық сезімін өз аузынан естиді.

Оқушыларды неге үйретеді: отанға деген үлес қосуға ынтасын арттырады, жауапкершілікті дамытады.

Нәтиже:  үлкенді құрметтеуге үйретеді. Осы кісілердіғң жақсы жақтарын өз өміріне қолдануға үйренеді.

 

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі тұтады. Халық педагогикасына нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ой-өрісті дамытатын ойындар, ұлттық тәрбие негіздері жатады. Міне, мұның барлығы адамгершілікке баулиды. Олай болса, тәрбие кілті – халық педагогикасында деуге толық негіз бар. Өйткені халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды адамгершіліктің құнды қасиеттерін сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші рөл атқарады. Яғни рухани-адамгершілік тәрбие – екіжақты процесс.

Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған
Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады.

Сонымен қатар, балалардың танымдық қабілетін дамытуда ойындардың да атқаратын маңызы зор. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін басты құбылыс. Ойын – баланың бірінші әрекеті. Ол баланың қабылдау, ойлау, қиял, есте сақтау сияқты даму үрдістерінің жетілуіне көмектеседі. Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын, алған білімдерін тереңдететін де – ойын. Соның ішінде, ұлттық ойындардың орны ерекше. Қазақ халқының ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздықты дамытады. Сонымен бірге, ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Сондықтан болар, ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, ортадағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады.

«Болар бала білім іздейді, болмас бала шылым іздейді» дейді халқымыз. Әке-шешесі арақ ішіп, темекі тарта жүріп, «бұл зиянды нәрсе, бұдан аулақ бол» деген әкенің ақыл – кеңесінен түк шықпайды. Күнде итше бала өсіп шығады дегенге ешкім иланбайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.

Отанымыздың аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.

Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.

Бірінші –танымдық, екінші — тәрбиелік, үшінші — дамытушылық.  Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік стандартты басшалыққа ала отырып, өз тәжірибемде оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келемін.

Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім. Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады.

Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз.

Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс — әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

Баяндаманы аяқтай келе, бәрі отбасындағы көрген-білген тәрбиеден бастау алады. Ендеше, ағайын, бала тәрбиесіне назар аударып, болашақ ұрпағымызды елдің болашағын ойлайтын, ұрпақ жалғастыратын ұл-қыздар тәрбиелеуге шақырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

 

№13 орта мектеп гимназиясы

 

 

 

Тақырыбы: Тәрбие жұмысын мультимедиялау