Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай, жан-жақты ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілуі керек.
Ақпараттық-коммуникациялық технология білім беру жүйесін ақпараттандыруға, білім сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, электрондық есептеуіш техникамен жұмыс істеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернет желісін пайдалануға, телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру – Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткендей елімізде оқыту теледидарын құруға негізделген міндет.
Қоғамның ақпарттандырылуы білім беруге қойылатын талаптарды да өзгертеді. Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал.
Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен, кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар, қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Электрондық оқулықтарды енгізу уақыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады.
Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.
Мұғалімге жаңа материалды өте қызықты әрі түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті ең бірден-бір құрал бұл – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Интерактивті тақта өзінің аты айтып тұрғандай мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді.
«Есептеуіш техниканың даму тарихы» тақырыбын өту барысында пйдаланған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кейбір элементтеріне мысал келтіретін болсам:
«Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбын түсіндіру барысында тірек-сызбаларды пайдалана отырып, жаңа сабақты жинақы, оқушылардың тез меңгеруіне жағдай жасалынған.
Сабақты меңгергенін тексеру үшін гиперсілтемелер арқылы жасалынған «Ғажайып тоғыздық» ойыны және сабақты бекіту үшін пайдаланылған «Сәйкестендіру тесті»:
Сабақты қорытындылау үшін сөзжұмбақ алынған. Оқушылар тақтаға шығып, сұрақтарға жауап береді және интерактивті қаламмен жұмыс жасауды үйренеді.
Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, тірек сызбаларды техникалық құралдар көмегімен түрлендіре отырып, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. Интерактивті тақтаның бұл жағдайда көмегі мол. «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж.Аймауытов айтқандай әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашылады.