«Өнерлі өрге жүзер»
Тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзер»
Мақсаты: 1.Оқушыларды пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлсес отырып, жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсетуге үйрету.
- Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттеріндамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
- Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Жан-жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушылар! «Өнерлі өрге жүзер» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысқа 1-4 сыныптың оқушылары қатысады. Сайысқа 4 топ қатысады. Әр топ құрамында 4 оқушыдан.
Сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билеп барынша,
Жарыста сірә қалыспа!
Сайыс қызығын балалар,
Осылайша шабытпен,
Кәне енді бастайық.
- Алдарыңызда 4 топтың қатысушыларын қарсы алыңыздар.
Сайысты бағалайтын әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздыр!
Сайыс 5 айналымнан тұрады.
1 –айналым әр топ өздерін таныстырып өтсін.
Топтарға сұрақ: Бүгінгі сайысқа қандай дайындықпен келдіңдер және не күтесіңдер?
- Бәрекелді, олай болса, сендерге сәттілік тілеймін.
2- айналым – «Білгенге маржан». 1-2 сыныптар сурет салуға қажетті құрал жабдықтарды, 3-4 сыныптар бейнелеу өнеріне байланысты сөздер жазады. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.
3- айналым – «Құпия кітапша» деп аталады жұмбақтар беріледі, оның шешуін суреттер арасынан тауып жабыстырып, 3 тілде айтады.
Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал. /Алма- яблоко- арріе/
Мұртымен туады,
Мұртымен өледі./ мысық – кошка- саt/
Қыста жерді басады,
Жазда сайға қашады. / қар – снег- snow/
Жеті қазынаның бірі,
Адамды қорғап жүреді. /ит- собака- doq/
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. /қоңырау- звонок –bell/
3 тілде дұрыс айтыса 15 ұпай, 2 тілде 10 ұпай, 1 тілде 5 ұпай беріледі
4- айналым – «Кім жылдам?» 1- 2 сынып оқушыларына 1 сурет, 3-4 сыныпқа 2 сурет
5- айналым – «Сәйкестендір» бейнелеу өнеріне байланысты сөздердің мағынасын сәйкестендіреді.
- Акварель- суда еритін мөлдір бояулар және осы бояулармен орындалған шығарма.
2 . Аппликация – белгілі бір фонға әр түрлі қиындылардан бейнені жапсыру арқылы шығарма орындау қажет.
- Архитиктура – сәулет өнері.
- Палитра –бояу араластыратын тақтайша.
5.Пейзаж –бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанр.
6- айналым «Топ басшылар сайысы». Суретті кім әдемі бояйды?
Қорытынды. Әділқазыларға сөз беру.
- Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рахмет.
Акварель — белгілі бір фонға әр түрлі қиындылардан бейнені жапсыру
арқылы шығарма орындау қажет.
Архитиктура- суда еритін мөлдір бояулар және осы бояулармен
орындалған шығарма.
Аппликация – сәулет өнері.
Палитра – бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанр.
Пейзаж – бояу араластыратын тақтайша.
Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал.
Мұртымен туады,
Мұртымен өледі.
Қыста жерді басады,
Жазда сайға қашады.
Жеті қазынаның бірі,
Адамды қорғап жүреді.
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.