Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасы

 

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасы.

Сынып ұжымының ұйымшылдығы сыныптағы жайлы ахуал мен ұйымшылдық сезімінің негізі болып саналады. Сынып ұжымындағы жұмыс атмосферасын сүйемелдеу үшін тұлғааралық қатынастардың маңыздылығын білу шарт.Сыныптағы ынтымақтастықтың болуы мұғалімге өте тиімді. Себебі, қазіргі таңда біздер материалдық теңсіздікте өмір сүреміз, яғни, әр отбасының әлеуметтік жағдайлары әр түрлі. Сондықтан оқушылардың дүниеге деген көзқарасы, жалпы ересек адамдардың да көзқарастары әр түрлі болып келеді.Осының салдарыоқушылардың біліміне кері әсерін тигізетіні белгілі. Міне осындай әр түрлі жағдайдағы адамдардың яғни оқушылардың ой-пікірлерін бір жерге топтастырып, бір сыныпта бірегей атмосфера қалыптастыру оңай шаруа емес. Дегенмен, оның жолдарын табуға да болады.

Ол үшін сыныпта оқушылардың  өздеріне мұғалім бағыттай отырып топтық ережені дайындатқызудың маңызы зор. Бір сынып — бір отбасы, бір жанұя мүшелері екенін саналарына сіңіру.Өздері шығарған ережеге бағынбай бара жатса қабырғаға ілінген ережені көрсетіп естеріне салсаң болды.

Педагогикада білім мен тәрбие егіз деген ұғым бар. Әрине, бұл тіркес бекерден бекер айтылмаған. Баланы оқыту үшін оның жан дүниесін, қоршаған ортасын, ата-ана отбасын, әлеуметтік жағдайын мұғалім егжей-тегжейлі білгені абзал. Ол үшін:

  • Мұғалімнің ата-анаға ықпалы, яғни мұғалім ата-анасына баласының мектептегі қабілетінің жақсы жақтарын айта отырып, отбасы тарапынан үнемі қолдап, демеп отыру керектігін түсіндіру;
  • Ата-ананың балаға ықпалы, яғни баланың дүниеге деген көзқарасы бойынша ата-анасы баласымен ой бөлісіп, моральдық және материалдық қолдау көрсету керек.

Сайып келгенде, мұғалім ата-ана арқылы баланың тәрбиесі мен біліміне оң әсер ететіні анық. Бұл бір жолы. Екінші жолы, күнделікті мұғалімнің сабақта балаға тікелей  ықпалы. Үшінші, сыныптағы оқушылардың жеке оқушыға ықпалы. Ең соңында оқушының мұғалімге кері байланысы жоғары нәтижені көрсетеді. Мұғалім, ата-ана, бала – үшеуі үздіксіз сағаттың тіліндей айналыста, байланыста болуы керек деп түсінемін. Яғни, гармонияда болу. Грек тілінен аударғанда – үйлесім, үндестік мағынасында.

Біз бұл жерде ата-ана арқылы оқушы сеніміне ие болуымыз керек және өзіміз де оларға сенім білдіруіміз керек. Оқушылармен диалог жүргізудің маңызы да аса зор болып саналады. Әр бала жеке тұлға, жеке адам, өзіндік қайталанбас үлес қоса алатындай жағдай жасау керек. Сондықтан әр баланың пікірімен санасуымыз керек. Бұл жерде анкета толтыртқызғанан көрі, оқушымен диалог жүргізіген он есе артық деп есептеймін.

Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың білім беру мен білім алу

Туралы пікірлеріне назар аударылды. Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге баса назар аударылып келеді. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылар мен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады.

Осы жоба бойынша оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер, соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша кеңес жүргізілді.

Сонымен қатар топқа жылдық жоспарлау: ата-аналарға арналған кештерді өткізу, сыныптағы оқуға ықпал ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға қатысты сұрақтар қойылды. Зерттеулер оқушылардың көпшілігінің сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқу мен білім беру туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне түсінік беру «олардың жұмысы емес» деп санады. Алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті педагогикалық проблемалар мен бос сөзділікті жіктей қарастыра отырып, нені өзгерткілері келетіні туралы өз пікірлерін жеткізді.Оқушылармен пікірлесу – басшылықтың дәстүрлі қатынасынан өзгеше және оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс. Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеу маңызды, әсіресе, «үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс. Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуі шынайы болуы, оқу мен білім беруге байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтар қамтылуы аса маңызды.

«Оқушы үні» жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама

жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылар мен пікірлесу:

  • оқушылардыңөзін-өзіқұрметтеуін;
  • мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;
  • мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал ететіндігі расталды.

Жобаға қатысқан мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таң қалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар:

  • өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын сезінді;
  • мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;
  • өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;
  • бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады;
  • оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты;
  • мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынасты қалыптастырды.

 

 

Бұдан шығатын қорытынды біз өзімін жоғарыда айтылған оқушымен және ата-анамен тығыз қарым-қатынаста, ынтымақтастықта болуымыз керек екен. Олармен санасуымыз, олардың пікірін тыңдап көруіміз керектігін тілге тиек етемін. Егер сыныпта ынтымақтастық болмаса, оқушылардың барлығында ортақ мақсат болмаса, олардың білімі мен тәрбиесіне кері әсерін тигізетінін біз жасырмауымыз керек.

Пайдаланылған материалдар:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ деңгей.