Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемесі.

 

Тақырыбы:

Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемесі.

 

Жоспар

Кіріспе.____________________________________________

Тарау. Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемелік негізі.

1.Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда оқытудың жаңа технологиясын пайдаланудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру.________________________________

2.Компьютер көмегімен дизельді іске қосу үшін қосымша қозғалтқыш жүйесін бейнелеу әдістемесі.____________

Сөзжұмбақ_____________________________________

Тест сұрақтары__________________________________

Қосымшалар ____________________________________

Қорытынды_____________________________________

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.___________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде білім беру саласының алдына білім берудің жаңа жүйесіне көшу, және оның сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін әрине білім берудің сапасын көтеру міндеті қойылып отыр.

Көп жылғы тәжірибеден оқушылардың білім сапасы  «ескі», әдеттегі тәсілдермен артпайтындығы белгілі болды. Білім беруде неғұрлым жоғары нәтижелерге жету үшін оқытудың пайдалы әсер коэффиценті төмен ескі әдіс тәсілдерін тиімділігі жоғары жаңа технологиялармен алмастыру қажеттігі туып отыр.

Осы орайда мына алдарыңыздағы жұмысқа орта мектептердің мұғалімдерін оқытудың жаңа технологиялармен біршама таныстыруды көздеп отырмын. Жаңа технологиялардың саны да әжептеуір бар. Жаңа технологиялар озық, тиімді идеяларға негізделген.

Атап айту керек, осы технологиялардың көпшілігі оқушының оқу үрдісінде дамуына негізделген. Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпау керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасауы керек. Сонда ғана білім сапасы көтеріледі, біз қоғамымыздың лайықты азаматын, тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Атап айтатын екінші мәселе, жаңа технологияны енгізу еш уақытта кеш болмайды. Мен мынандай сыныпқа кеп қалдым немесе біздің оқушылардың білімі жаңа технологияларды ендіруге жарамайды деген сияқты күдікті ойларды ысырып қойып оқыту жұмысын  жаңа технологиялардың бірі бойынша бастаңыз.

Ал керітарпалыққа салынып, жаңалықты мойындамай жүрген мұғалімдердің еңбектерінің нәтижесі әрине төмен болмақшы.

Бұл жағдай кейін мұғалімнің жұмыс нәтижесін есепке алғанда кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан жаңалықты жасырқамай өз жұмысымызды жаңа технологияларға сәйкестеп құрайық. Қазіргі кезде оқушыларды еңбекке даярлау технологиясына оқыту процессінде ғана емес, сонымен қатар мектептің бүкіл оқу-тәрбие іс-әрекеті процесінде жүзеге асатыны белгілі.

Оқушыларды еңбекке даярлау мектепте ғылым негіздері бойынша  білім және кейінгі тіршілік әрекетінің саласын таңдап алудың интеграциялау кезеңі ретінде әрекет етеді.

Жалпы орта мектептерде еңбек технологиясына оқытудың бұл тұжырымдамасында ғылым негіздері бойынша оқушылардың білім деңгейінің төмен екендігін  бірыңғай ұлттық тестілеу мәліметтері қорытындыланған  ресми құжаттарда  келтірілген.

Сондықтан, еңбек технологиясына  оқыту мұғалімі ғылым негіздері пәндері мұғалімдерінің берген және оқушылардың осы пәндер бойынша алған білімдері мен іскерліктеріндегі кемшіліктерінің орнын  толтыруына тура келеді. Әйтпесе, ол еңбек даярлығының алдында тұрған мына мәселелерді  шеше алмайды: оқушылардың әрбірінің  мүддесіне, қабілеттері мен бейімділіктеріне сәйкес олардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған еңбекке оқытудың дамытушылық сипатын қамтамасыз ету; оқушылар мүдделі  болған әртүрлі материалдар өңдеудің техникасы мен технологиясы жөнінде білім алуға мүмкіндік беру; мектептердің өндірістермен экономикалық серіктестікке негізделген өзара қарым-қатынасының формаларына көшу.

Еңбек технологиясына  оқыту процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуы мынадай бірқатар дидактикалық арнаулы талаптардың қанағаттандырылуын қажет етеді: еңбек білімдерін қалыптастыру мен  практикалық тапсырмаларды орындау процесінің шығармашылыққа бағытталуы; еңбектің инвариантты политехникалық жалпы еңбектік бөлігі мен кеңінен өзгеретін арнаулы бөлігін оңтайлы үйлестіру; оқушыларды еңбек іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін меңгеруге бағыттау.

А.Бұзаубақова, Е.Сарманов, А.Ниязымбетов, С.Дайырбеков және т.б. ғалымдардың зерттеулерiнде жаңа технологияларды пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Жаңа технологиялардың оқыту процесiне тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi Н.Ф.Талызина,  В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің, О.К.Тихомировтың және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе,  педагогикалық технологияны пайдалану әдiстемесi – Ю.И.Лобанов, Ю.А.Первин, А.А.Кузнецов, Ю.А.Шафрин және т.б. ғалымдар еңбектерiнде қарастырылған.

Орта мектептегi кәсіби еңбекке баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдаланудың әдістері  мәселесiмен көптеген ғалымдар айналысқан, атап айтқанда,  Б.Б.Беседин, Ю.А.Дробышев, И.А.Дробышева, инновациялық  бағыты бойынша бейімдеп оқытуда оқушылардың жеке iс-әрекетi негiздерiн қалыптастыруды  Ж.Төлегенов, Д.Жамбылова, М.Оспанов, О.Маханбетов сынды ғалымдардың еңбектерiнде зерттелген.

Келтiрiлген кәсіби еңбекке баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану  теориясы мен әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi талдау нәтижесiнде орта мектептерде кәсіби еңбекке баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану  оқушының потенциальды мүмкiндiгiн ескерiп оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестерi толық қарастырылмаған. Кәсіби еңбекке баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану  әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының  оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын ақыл-ойды сатылап қалыптастыру  теориясына  сай, әрi жаңа технология негiзiнде  жүргiзудi ұсынамын.

 

Шығармашылық жұмыстың мақсаты: Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда оқытудың жаңа технологиясын пайдалану әдістемесін жасау.

Жұмыстың обьектісі: Орта мектептерде оқушыларын ауылшаруашылық техникасына баулудағы оқу-тәрбие үрдісі.

Шығармашылық жұмыстың зерттеу пәні Орта мектептерде ауылшаруашылық техникасы еңбегін баулу сабақтарында оқушылардың жаңа технологияларын пайдаланудың әдіс тәсілдері.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Орта мектептерде оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулу сабақтарында жаңа технологияларды толық, әрі тиімді пайдалансақ  онда оқушыларды кәсіби еңбекке баулу үрдісінің  жұмыстары жетілдіріле түседі.

Шығармашылық жұмыстың зерттеу міндеттері:

Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда пайдаланылатын оқытудың жаңа технологияларының актуалды мәселелерін анықтау.

— Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияны пайдаланып оқыту мазмұны мен әдістемесін зерделеу.

— Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияны пайдаланып, олардың шығармашылық  іскерліктерін қалыптастыру.

— Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияны қолдануға бағытталған дидактикалық тапсырмаларды  әзірлеу.

 

Шығармашылық  жұмыстың ғылыми-әдістемелік және практикалық құндылығы: Орта мектептерде оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулу сабақтарында оқытудың жаңа технологиясын пайдалану әдістемесі жасалынды.

Зерттеудiң теориялық мәні мен практикалық маңыздылығы:

— зерттеу жұмысында ұсынылып отырған вертуалды лабораториялық жұмысы ауылшаруашылық техникасына баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту оқушылардың білім сапасының жоғарылауына септігін тигізеді;

—   ұсынылып отырған оқытуға арналған ауылшаруашылық техникасына баулу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі әдістемелерді  жоғары оқу орындарында, орта мектептерде және педагог  кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.

Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемелік негізі

1.Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда оқытудың жаңа технологиясын пайдаланудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру

Казіргі заманғы білім берудің басты мақсаты — мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды кұбылыс.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі — мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе — жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Со-крат, Руссо, Дистервег, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.

Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оның мәні неде?» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді, яғни — болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі — проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: «субъект — объект — субъект» қарым-қатынастарына түседі.

Проблемалық оқыту — оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді шыгармашылық тұргыдан менгеруге негізделген дидактикалық жүйе.

Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдастырылуын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың тандалынған әдіс-тәсілдерінен көрініс табады. Мұның бәрі оқытудың кұрылымына әсер етеді. Сондықтан да, проблемалық оқытуды өзінің ерекше технологиясы бар жаңа дидактикалық жүйе деп санауға әбден болады.

Бұл дидактикалық жүйенің технологиялық негізгі ұғымдары «проблемалық жағдай», «оқу проблемасы», «проблемалық міндет» т.б.

Проблемалық жағдай — субьектіден жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Оны оқыту процесінің кез-келген кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту және бақылау) кұруға болады.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялык және педагогикалық мақсаттары:

  • оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
  • оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білім-дері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
  • түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсен-ді окушы тұлғасын қалыптастыру;
  • кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі бола-тын кәсіби проблемалық ойлау жұйесін қалыптастыру және дамыту.

Проблемалық   жағдайды   құрудың   әдістемелік   тәсілдері

төмендегідей:

  • мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;
  • біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
  • сыныпқа берілген жағдайды әртұрлі позициядан қарастыруды ұсынады;
  • нақты сұрақтар қояды;
  • проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді

анықтайды;

  • проблемалық міндеттерді қояды.

Проблемалық жағдайдың кұрылуы және оның оқу про-блемасына ауысуы, проблемалық міндеттердің құрастырылуы — проблемалық оқытудың бастапқы кезеңдері ғана. әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:

  • проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту;
  • болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
  • қорытынды жасау;

*  шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру.

Сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезең-дерден өтеді. Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін тұсінуге алып келетін проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай бары-сында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрежеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және тұсіндірілуімен бірінші кезең аяқталады. Екін-ші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу ұшін жетпей-тін ақпараттарды белсенді тұрде іздестіруге кіріседі. Ұшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы ше-шіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра от-ырып тексереді.

Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:

  • проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатын-дай жеткілікті мотивациямен қамтамасыз ету;
  • әрбір әтапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
  • шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
  • педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік пен сыйластыққа құрылуы.

Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін атап өтуге тиіспіз. Бұл технологияның артықшылығына-оқушыныңөзіндікшығармашылықіс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мұмкіндіктері, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығының, жемісті ойлау қабілеттерінің дамуы жатады. Ал, кемшін жағына — кей кездерде процеске қатысушылардың танымдық іс-әрекеттерінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп шығындалуын атап көсетуге болады.

 

Қорытынды

Оқушыларды ауылшаруашылық техникаларына баулуда жаңа технология мен компьютерді тиімді пайдаланып оқыту жайындағы осындай әдiстемелiк көзқарастар мен ғылыми-практикалық  жұмыстардағы жетiстiктердi, нәтижелердi талдай отырып, қазiргi кезде мектептің компьютерлiк сыныптарындағы мүмкiндiктердiң артуына байланысты оқыту процесiн ұйымдастыруға, оқушының оқып-үйренуiне жағдай жасауға, оқыту процесiн қадағалап, басқаруға мүмкiндiк беретiн кешендi компьютерлiк оқыту құралын жасау қажеттiлiгi туындайды.

Республикамызда орын алып отырған әлеуметтiк-экономикалық бағыттар және жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресс, қазiргi заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу проблемасы, оқыту мақсатын, мазмұнын, түрiн, әдiстерiн қайта қарап, оқу процесiне көптеген өзгерiстер енгiзудi қажет етедi.

Бiлiм саласындағы мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасында: “Бұл саланы реформалаудың стратегиялық нысаны мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениетi биiк адамдардың жаңа легiн, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкершiлiкпен қарай бiлетiн, бiлiктiлiгi жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуға тиiс” – деп көрсетiлген болатын.

Осыған байланысты мектептерде оқу процесiнiң сапасын жоғарылату, оқушылардың танымдық мүмкiндiктерiн белсендi түрде дамыту, бiлiм мазмұнын толықтырып жетiлдiру бағытында жаңартылуда. Елiмiздегi бiлiм жүйесi дүниежүзiлiк бiлiм кеңiстiгiне дизельді іске қосу үшін қосымша қозғалтқыш жүйесін вертуальды  жұмыс кiрiсе бастауына байланысты, бiлiм мазмұнының мақсатты компоненттерi өзгертiлуде, оқушының оқу белсендiлiгiн жекелеген ұғымдарды игеруден бастап өз бетiмен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыруға дейiн дамыта оқыту жолдары қарастырылуда.

Біздің қарастырып отырған оқушыларды ауылшаруашылық техникасына оқытуда жаңа технологияларды пайдалану әдістемесі қарастырылды.

Компьютер көмегімен дизельді іске қосу үшін қосымша қозғалтқыш жүйесін вертуальды  жұмыс ұсынып отырмын.

Жұмыстағы ұсынып  отырған  оқушылардың белсенділігін  арттырудағы  қолданылатын дизельді іске қосу үшін қосымша қозғалтқыш жүйесін вертуальды  жұмысы жоғары сынып  мұғалімдеріне  оқу-тәрбие  процессінде  көмегі тиіп  жататын  болса,  автор  жұмыс  мақсатына,  міндетіне  жетті  деп  біледі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Атутов П.Р. Связь трудового обучения с основами науки: Книга для учителя. -М.: Просвещение, 1983. — 125с.,

2.Атутов П.Р Политехнический принцип в обучении школьников М., 1976.

Родичев В.А., Родичева Г.И. «Тракторлар және автомобильдер» аударғандар  Айнабеков Т,  Мусин Ж,  Алматы . Мектеп 1986-336бет.

3.Бабкин Н.И., Васильев О.Н.Связь трудового обучения с основами наук. М.Просвещение 1993.

4.Батышев С.Я.Трудовая подготовка школников.Вопросы теории и методики. М.Педогогика.1981.

  1. 5. Ильина В.А.Педогогика-Алматы.Мектеп 1977.

6.Методика трудового обучения с практикум.Под.ред Д.А.Тхоржевского.М.Просвещение 1987.

7.Агафонов А.П. Плеханов И.П. Автомобиль. Учебное  пособие  для учащихся 9-10 классов М.Просвещение  1984- 303 б.

8.Тулеков П. Ауыл шаруашылық  техникасымен байланыстыра оқыту. Қазақстан мектебі 1989, 46-48.

  1. 9. Евграфов В.Ф. Учебный кабинет по автоделу /Школа и производсто, 1981, №9, 31-32; 1982, №11, с. 43-46..

10.Федотов Г.Я.Дарите людям красоту.Книга для учащихся ст.классов. М.Просвещение. 1985.

  1. 11. Новожилов Э.Д.Научно-педогогические основы оборудования школьных мастерских.М.Педогогика.1986.144с.
  2. 12. Костин А.А. » Использование средств кино в обучении столяра» Школа ипроизводство, 1972, №6, с. 17-21.
  3. 13. З.А.Клепкина и др. Сельскохозяйственные работы. Москва Просвещение 1991 – 190с.
  4. 14. Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы. IBM дербес компьютерін мектепте оқыту. № 3, 1996. «Информатика, физика, математика» республикалық ғылыми журналы. Алматы, Мақала. 2-бет. 44-46-бет.

15.Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы. “Windows” операциялық жүйесі. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент, 1997, 62-бет

Бағдарламалық жабдықтар:

  1. Macromedia Flash MX 2004
  2. AutoPlay Menu Builder 5.4
  3. Adobe Photoshop CS 2
  4. Paint
  5. Anime Studio Pro 5

 

 

 Компьютер экранында тақырыпқа қатысты тест тапсырмалары шығады:

 

  1. Іске қосу қозғалтқышы ПД-10-У айналу жыдамдығы об/мин:

3500 об/мин;

3200об/мин;

3000 об/мин

 

  1. Іске қосу қозғалтқышы ПД-10-У 3500 об/мин жанылғы шығымы:

10 л.с.;

8 л.с.;

12 л.с.

 

  1. Іске қосу қозғалтқышының жұмыс процесі неше тактілі:

2;

1;

3.

 

  1. Карбюраторлы қозғалтқыштың айналу жылдамдығы мынадан кем болмайды:

0,66-0,83 с-1 (40-50 об/мин);

1,0-1,23 с-1 (50-80 об/мин);

0,26-0,43 с-1 (20-30 об/мин).

 

  1. Дизелді қозғалтқыштың айналу жылдамдығы мынадан кем болмайды:

2,5-4,16 с-1 (150-250 об/мин);

1,5-3,16 с-1 (90-150 об/мин);

1,7-4,36 с-1 (200-300 об/мин).

 

  1. Электр стартері ……. жұмысын жеңілдетеді:

Жүргізуші;

Қозғалтқыш;

Трактор.

 

  1. Көмекші іске қосу қозғалтқышы негізгі қозғалтқыш иінді білігіне не арқылы айналу қозғалысын береді:

Редуктор;

Жүйе;

Білік.

 

  1. Іске қосу қозғалтқышы:

Бір цилиндрлі, карбюраторлы, екі тактілі;

Бір цилиндрлі, дизелді, екі тактілі;

Бір цилиндрлі, карбюраторлы, үш тактілі.

 

  1. Цилиндр терезесінен жанылғы қоспасы мен жанған газ кіріп шығады, ненің көмегімен ашып жабылады:

Поршень қимылымен;

Клапан арқылы;

Ашып-жапқыш құрылғы.

 

  1. Цилиндр ішінде қандай терезелер бар:

Кіргізетін, үрлейтін, шығаратын;

Кіргізетін, шығаратын;

Кіргізетін, шығаратын, соратын.

 

  1. Іске қосу қозғалтқышының стартері істен шығып қалғанда оталдыру әрекеттері:

Қолмен сүйемелдеп тарту механизмі арқылы оталдыру;

Тракторды сүйреу арқылы;

Стартер арқылы.

 

  1. От беру свечасына келетін ток көзі:

Магнето;

Динамо;

Реле.

 

  1. Магнето тогының қуаты:

10-15 кВ;

15-20 кВ;

5-10 кВ.

 

  1. От беру свечасының екі электродының ара қашықтығы:

0,6-0,75 мм;

0,2-0,6 мм;

0,1-0,25 мм.

 

  1. Магнетодағы үзіп беру контактісінің ара-қашықтығы:

0,25-0,35 мм;

0,35-0,45 мм;

0,1-0,25 мм.

 

16.Іске қосу қозғалтқышының үлкен қуатпен қызбаған күйде оталып тұру ұзақтығы:

15 мин;

20;

10.

 

  1. Су көйлегінде су болмаған жағдайда оталу ұзақтығы:

2 мин;

3 мин;

5 мин.

 

  1. Кривошипті-шатунды механизмнің майлануы қандай жүйеде атқарылады:

Жанар-жағар майға матор майының қоспасының есебінен майланады;

Матор майы құйылады;

Майланбайды.

 

  1. Жанар-жағар май қоспасы:

15/1

15/2

20/1

 

  1. Поршенді гилзіге орналастыру реті қалай:

Поршендегі қойылған бағытты маховикке қарату керек;

Поршендегі қойылған бағытты карбюраторға қарату керек;

екеуі де дұрыс емес.

 

  1. Редуктордағы ажыратып қосқыш қызметі:

Іске қосу қозғалтқышының сынып кетуін қорғайды;

Іске қосу қозғалтқышының үйкеліс күшін азайтады;

Іске қосу қозғалтқышының маховигінің сынып кетуін қорғайды;

 

  1. Поршендағы компресс сақинасы қанша:

2;

4;

3.

 

  1. Трактордың 5 тәулік оталмай тұрғаннан кейін не жұмыс атқару керек:

Жанар-жағар май қоспасын құйып алып, қайтадан араластырып құю.

Іске қосу қозғалтқышын тазалау;

Свечасын тазалау.