«АКТ-ны қолдану» (семинарға келген ұстаздармен жүргізілген жұмыс)
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢ
«География сабақтарында ақпаратты коммуникативті технологияларды қолдану» атты география пәні мұғалімдерінің қалалық семинарында
өткен коуч-сессиясы жұмысының практикалық кезеңі
Тақырыбы:
«АКТ-ны қолдану»
(семинарға келген ұстаздармен жүргізілген жұмыс)
Информатика мұғалімі: А.О. Асенова
13 ақпан 2014 жыл
«География сабақтарында ақпаратты коммуникативті технологияларды қолдану» атты география пәні мұғалімдерінің қалалық семинарында өткен
коуч-сессиясы жұмысы
Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру жағдайларында мұғалімдердің педагогикалық біліктілігі мен теориялық деңгейін арттыруда педагогикалық іс-тәжирибені тарату, АКТ қолдану құзыреттілігін арттыру.
Міндеттері:
- Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды тәжірибеге енгізу.
- Мұғалімнің педагогикалық-кәсіптік құндылықтарын жетілдіру.
- Әр педагогтың өзіндік білім көтеруіне жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже: компьютер көмегімен «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 17 қаңтар 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының инфографикасына слайд жасап қорғау.
Оқыту формасы: АКТ
Сілтеме: аймақтық газеттер «Дидар», «Семей таңы»
Ресурс: интерактивті тақта, проектор, слайдтар, ноутбуктар, PowerPoint бағдарламасы, газеттер.
Бағалау түрі: «Екі жұлдық, бір тілек»
Жүргізген информатика мұғалімі А.О. Асенова
Мұғалім әрекеті | Уақыт | Семинарға қатысушы ұстаздардың әрекеті |
Ұйымдастыру Мұғалімдермен амандасып, өзін таныстырды, АКТ байланысты сұрақтар қойып, тапсырма береді. Топтардың жұмысын қадағалайды, тексереді, бағыт-бағдар беріп отырады. | 7 мин | Тапсырманы тыңдап, белсенді түрде топпен жұмыс атқарады. Сұрақтарға жауап береді. Топта бір-біріне көмектесіп берілген тапсырманы газеттерді қолданып бір слайд құрастырады, қызығушылықтарын көрсетеді, шыққан өнімді әр топтан бір адам топ алдына шығып қорғайды. |
Коуч-сессияда қолданылған слайдтар:
Семей қаласы