Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту

 

 

Мазмұны:

І. Кіріспе

  1. Тақырыптың өзектілігі

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Тақырыптың ғылыми – әдістемелік  негізі
  2. Тақырыптың жаңашылдығымен практикалық құндылығы
  3. Жұмыс жүйесінің қалыптасуы мен дамуының динамикасы;

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі:  Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін  дамыту.

Жұмыстың мақсаты: Физика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдей білуге үйрету.

Осы аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік :

1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау

2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру

3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Физика пәнінің оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады.                Оқушылардың  танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:

  • таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
  • өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
  • оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
  • игерілген білімді тасымалдай білуі;
  • өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;

Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз  іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.

 

Жұмыстың зерттеу әдістері: салыстыру, талдау, анализ–синтез.

 

  1. Негізгі бөлім

2.1.Тақырыптың ғылыми – әдістемелік  негізі:

Білім беру саласында қол жетілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерінде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Экономикалық ынтымақтастық және даму үйымы жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасырдың моделі болып табылады. Бұл жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі түйінді құзыреттерді сипаттайды. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімдері мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс.

Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін оқушылардың оқушылардың өздеріде оқу үрдісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдірісіне толыққанды қатысу үшін қалай оқу керектігін білуі керек. Басқаша айтқанда оқу бар, бірақ сонмен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.

  1. 2. Жаңашылдығы мен практикалық құндылығы:

Физика сабағында алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірмен байланыстар алуын қамтамасыз ету менің бірінші міндетім болып саналады. Физика пәні күрделі екеніне ешкімніңде дауы жоқ. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім әр түрлі әдіс –тәсілдерді қолдануы тиіс. Жаңа форматтағы оқудан кейін менің сабақ беру стилім көптеген өзгерістерге толы десем қателеспес едім. Бұған дәлел сабақтардан кейінгі оқушылардың рефлексиялары «Бүгін физика сабағы ұнады», «Маған ұнағаны физикалық құбылыстарды мақал-мәтелде қолданғанымыз», «Өзіміз жаңа сабақты аштық, тәжірибені өзіміз жасадық». Сабақ жоспарымның әр бөлімінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын анықтап отырамын. Сабақ барысында білімді меңгеру деңгейі төрт сатыдан тұрады:

  1. Үйренушілік деңгейі «Білу»- оқушының функционалдық сауаттылығының төменгі деңгейі,
  2. Алгоритмдік деңгейі «Түсіну», «Талдау» — оқушының функционалдық сауаттылығының орта деңгейі,
  3. Эвристикалық деңгейі «Қолдану», «Жинақтау» — оқушының функционалдық сауаттылығының жоғары деңгейі,
  4. Шығармашылық деңгейі «Бағалау» — оқушының функционалдық сауаттылығының ілгері деңгейі.

Шығармашылық деңгейдегі оқушылар танымдық қабілеті қалыптасқан, толық құзырлыққа ие. Физика сабағында танымдық белсенділіктерін арттыру үшін түрлі әдіс –тәсілдерді жиі пайдаланамын.

Сабақ барысында тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың шешуші критерийі

Тапсырмалар тізімімен мұны есте сақтай аламын ба?Маған мұны есте сақтау қажет пе?бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?
Бірқалыпты  түзусызықты қозғалысЕсте сақтай аламын, өйткені  бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға орын ауыстырадыЕсте сақтау қажет, себебі жылдамдықтарды анықтауда кездеседіБұл тақырыпты меңгердім, мысалы сағат тілшігінің қозғалысы бірқалыпты қозғалыс
Тапсырмалар тізімімына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысПарашуттың қозғалысы  —  автомобильдің қозғалысы
Тапсырмалар тізімі(мен мұны дұрыс түсіндім бе?);мен тығырыққа тірелдім, менің стратегияларым нәтижесіз болып шықтысондықтан маған көмек қажет
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысҚозғалыс түрлерін түсіндім.Қозғалыс теңүдемелі және теңбаяулағыш болып шықты.Менің теңайнымалы қозғалыс туралы білгім келеді

Осыған орай, әр сабағымда оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеяларымен эксперимент жасайды және қателер-оудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Оқушылардың оқу пирамидасын төмендегідей тұрғызуымызға болады:

Оқушының танымдық белсенділігін арттыру үшін сапалы тапсырмаларды қолданамын. Оқушылардың танымдық қабілеттерін  арттыру үшін физика сабағында төмендегі есеп шығару әдістер өте тиімді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Физика пәнінде шығармашылық есептер оқушының шығармалығын шыңдайдын есептер болып табылады. Шығармашылық есептерді пәнеге деген қызығушылығы жоғары оқушылар орындағаны өте тиімді. Олимпиодаға дайындау барысында оқушының танымдық қызығушылығын арттырады. Оқушыларда оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру әдістерін қалыптастыру үшін, ең алдымен оларды қызықтыру керек. Физика сабағында сапалық есептерді пайдалану осы қызметті орындауға мүмкіндік береді. Қарапайым сапалық есептер – ойды, зейінді қызықтырып әкететін тартымды есептер. Әсіресе 7-8 сыныптарда физиканы бастағанда сапалық есептерді көбірек шығартса, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Сапалық есептер оқушыларды әртүрлі ой әрекетіне: салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Сапалық есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, физикалық білім деңгейінің жоғарлауына, мектеп курсын саналы қабылдауына жетелейді.Сапалық есеп оқушылардың физика заңдарын, құбылыстарды, постулаттарды тез естеріне түсіріп, білу дағдыларын, тапқырлықты, шығармашылықты, мұқияттылықты, кеңістікте елестету қабілеттерін дамытады, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кең мүмкіншілік береді.

2.3. Жұмыс жүйесінің қалыптасуы мен дамуының динамикасы:

Оқушылардың осындай танымдық белсенділігін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқардым:

10 және 11 сыныптарында  «Физика ғылымындағы ілгері эксперименттер» және «Физика пәнінен есептер шығару әдістері» тақырыбында қолданбалы курсты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргіздім. Сабақта оқушылар қиын деңгейлі есептерді шығаруға әр түрлі әдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға қалыптасты. Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатты. Оқу жылының басында мектеп психологы мен бірлесіп, сауалнама жүргіздік. Сауалнамаларға жауап алу арқылы физикаға қабілетті оқушыларды іріктеу жүргізілді. Қарапайым тәжірибелерді жасап, ілгері тәжірибелермен салыстырып отырды. Әр тоқсанда оқушылар кішігірім зерттеу жұмыстарын орындап, сынақтан өттіп отырды. Оқушылардың танымдық белсенділігінің өсу динамикасын әрдайым бақылаудамын. Оқудағы жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері төмендегідей:

 

Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.

Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты борышымыз.

Зертеушілік әдісте  қолдану дағдысы тұлға дамуының негізі: керекті ақпарат, фактіні жинау, түрлі көзқараста сараптау дағдысы, қорытынды жасап, пайымдау .

Ғылыми жобалау әдісіндегі іс-әрекететуші тұлға, зертеушілік шығармашылдық,  ролде ойнаушы,  іздемпаз тұлға.

Жобалаудың жалпы құрылымы :

1) алдымен жобаның тақырыбын типін таңдау ;

2) зерттеудің маңыздылығы;

3) міндеттерді топтарға бөлу, зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу,     шығармашылық шешімдер қабылдау

4) зерттеулердің, шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы, бақылау

5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу

6) қорғау

Жобалау әдісіне қойылатын талаптар

-зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету.

-практикалық , теориялық , танымдық нәтижелердің көрсеткіштері

-оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі.

-жобалаудың мазмұнының құрылымы.

Жобалау әдісінің алгоритмі

1.Проблема

2.Жобалау

3.Ақпарат көздерін іздестіру

4.Нәтижені қорытындылау

5.Презентация.

Білуге деген құштарлық, бақылауға  тырысушылық, тәжірибеден өндіруге дайын тұру,  әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.

Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі  білім беру саласының маңызды міндеті баланы өзіндік  ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның  танымдық қабілетін түрлі әрекете көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет .

 

Қорытынды:

  • Оқу тапсырмаларының үлгі кезеңдеріне бағытталуы (дидактикалық аспект);
  • Әр түрлі деңгейлілікті және әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеру (педагогикалық аспект)
  • Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы жүйелікті сақтауды төмендегі негізгі жағдайлар қажет етеді;
  • Оқушылардың парасаттылығын қалыптастыруда, ойлау әрекетінде шығармашылық, ақпараттық мәдениет және сауаттылық қызмет байқалады;
  • Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың түйінді мәселелерін шешу мұғалімінің кәсіптілігімен байланысты шеберлігінде дамитыны сөзсіз.

Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау  қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.

«Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы
  2. Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық технологиялары. Авторы : К.Ж Бұзаубақова
  3. Үшөлшемді әдістемелік жүйе-білім беру сапасын арттырудың тиімді құралы. Авторы : Ж.У. Кобдикова