Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жастардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу.

 

 

Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы

Түркістан қаласы

«Шорнақ» жалпы орта мектеп коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жастардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу.

 

 

 

 

Дайындаған: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Жапарова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдар-ға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жастардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу

 

Мақсаты:

Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік

жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне

көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

Міндеті:

Жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеу жəне олардың азаматтық

белсенділігін, əлеуметтік жауапкершілігін жəне əлеуетін ашу тетіктерін

қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.

Елбасымыз атап кеткендей, біздің балаларымыз нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні және қалыптасатыны және есейетіні. Бұл әрбір отбасын да толғандырады.

Сондықтан да бүкіл жаңарту үрдісінің табысқа жетуінің түйінді факторы ұлттық білім беру  жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлкеттің жаңа саяси бағыт – бағдары»» атты Қазақстан халқына Жлдауын және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасын бағдаршам етіп алуға болады.

Өскелең ұрпақ  ел ертеңі , ұлт болашағы. Еліміздің дамуы жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланысты. Халық даналары «Балаларды жақсы тәрбиелеуе – бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу – бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы айыбымыз» — деген екен.

Жастар саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-

адамгершілік мəдениетті тəрбиелеу, ұлттық сəйкестікті қалыптастыру

негізінде жүзеге асырылады.

2011 жылдан бастап:

консультациялық, ақпараттық-талдамалық, оқыту жəне басқа

да қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс

шеңберінде жастардың үкіметтік емес ұйымдары базасында қызметті

жүзеге асыратын облыстық жəне республикалық əлеуметтік қызметтер

одан əрі дами бастады;

республикалық деңгейде мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты іске асы-

ру шеңберінде ерікті, əскери-патриоттық ұйымдардың, əскери-спорттық,

əскери-іздеуші жəне спорттық-техникалық клубтардың желісі 20 дан 30-ға

дейін көбейе бастады;

білім беру ұйымдарында спорт секцияларының желісі дамытылады;

қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде

мемлекеттік рəміздерді таныту, тарих, салт-дəстүр жəне ана тілін білу

жөнінде іс-шаралар жалғастырылатын болады;

түрлі жобаларды іске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық

мəдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар қабылданыла басталды.

Алматы қаласы үлгісінде жастардың үкіметтік емес ұйымдарының

жəне жастардың қызметін үйлестірудің орталықтандырылған жүйесін құру

мақсатында жастар саясаты басқармасы құрылды.

Девиантты жəне деликвентті балалармен жұмысты күшейту жоспар-

лануда. Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың

алдын алуы түрлі факторлардың өзара іс-қимылымен қамтамасыз етілетін

болады: отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта жəне тұтас қоғам.

Одан басқа, тəрбие мен оқытуды, девиантты жəне деликвентті мінез-

құлықты балаларды əлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету бойынша ар-

найы білім ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарына

баса назар аударылатын болады.

Білім беру жүйесіне кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,

бейімдеу жəне оңалту орталықтарын беруге байланысты олар Кəмелетке

толмағандарды бейімдеу орталығы (бұдан əрі – КТБО) болып қайта

ұйымдастырылады.

КТБО-ның негізгі міндеті – кəмелетке толмағандардың дағдарыс

жағдайынан шығуға жəне өмірін орнықтыруға, баланы отбасымен қосуға

көмек көрсету мен отбасын əрі қарай сүйемелдеу.

Тұтас алғанда, мектепке дейінгі жастан бастап тəрбиеге ерекше көңіл

бөлінетін болады.

Жастардың əлеуетін ашу тетіктерін іске асыру

Жастар саясаты саласындағы мəселелерді шешуге жастардың

қатысуы үшін оның өкілді органдарда қатысуын қамтамасыз ету міндеті

қойылып отыр.

Ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті бар студент-

тер арасынан белсенді жастарды, сондай-ақ əлеуметтік жобаларды іске

асыру аясында жастар ұйымдарының жетекшілерін оқыту жоспарлануда.

Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық кон-

курстар, ойындар, турнирлер, КТК, оның ішінде Дельфий ойындарын өткізу

жəне кейіннен қазақстандық құрамалардың халықаралық конкурстарға,

турнирлер мен ойындарға қатысуын қамтамасыз ету көзделуде.

Осылайша, шығармашыл жастарды қолдау 2020 жылға қарай Дель-

фий ойындарына қатысушыларды 2000 адамға дейін жеткізуді көздейді.

Республиканың ғылыми-техникалық əлеуетін тұрақты негізде нығайту

үшін ғылыми ұйымдарда жəне жоғары оқу орындарында консультативтік-

кеңесші органдардың қызметіне жастардың шығармашылық жəне

инновациялық бірлестіктері тартылатын болады.

Мəдениеттегі, өнердегі, ғылымдағы, ақпараттық технологиялар

саласындағы ұзақ мерзімді конкурстық жобаларды дамыту бойынша

ведомствоаралық жұмыс күшейтіледі.

Осылайша 2020 жылға қарай:

өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі 15%-ға жетеді;

жастар ұйымдарының қызметіне жастардың 29 %-ы қатысатын болады;

мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс шеңберінде əлеуметтік маңызды

жобаларды іске асыруға тартылған жастар ұйымдарының үлесі 24 %-ды

құрайды.

  1. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Қазіргі заманғы жағдайда стратегиялық ресурсы адами капитал бо-

лып табылатын еңбек өнімділігі экономикалық өркендеу мен бəсекеге

қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс. Мемлекет осы ресурстың

дамуына үлес қосуы керек.

Білімді адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді

мемлекеттік аппарат құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету

мүмкін емес.

Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргізуге негіз болып табылады.

Бағдарлама екі кезеңде іске асырыла бастады:

2011 – 2015 жылдар

мен 2016 – 2020 жылдар.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) же-

келеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін əзірлеумен,

оларды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ауқымды қайта құрулар мен

эксперименттердің басталуымен байланысты жұмыстарды жүргізу көзделген.

Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) басымдық жабдықтарды сатып алу-

ды, білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларға

инвистициялар салуды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын

жаңғырту жəне басқа да шығыны көп жұмыстар, əдістемелік, кадрлық,

ақпараттық қамтамасыз ету) көздейтін іс-шараларды жүзеге асыруға

беріледі, негізінен, өткен кезеңдерде алынған нəтижелерді енгізуге жəне

таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылған.

Əрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылу бары-

сын жəне бағдарламалық іс-шаралардың білім беру жүйесінің жай-күйіне

əсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.

Күтілетін нəтижелер:

2015 жылға қарай өтпелі кезең аяқталады жəне Қазақстанның білім

беру жүйесі құрылымы, мазмұны, басқару мен қаржыландыру тетіктері

бойынша дамыған елдер моделіне сəйкес келетін болады.

Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан

көшбасшылық орындарға шығады.

2020 жылға қарай білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі

түрінде нəтиже беретін болады.

Бағдарламаны іске асыру нəтижесінде мынадай əлеуметтік-

экономикалық əсерлер қамтамасыз етіледі:

2015 жылға қарай:

  1. Жаңа қаржы-экономикалық тетік əзірлеу.
  2. Электрондық оқыту жүйесін құру.
  3. Оқытудың 12 жылдық моделіне көшудің басталуы.
  4. Ұлттық біліктілік жүйесінің негізі жасалады.
  5. Мектептің жəне жоғары білімнің бағдарламалары кіріктіріледі.
  6. Білімді, ғылымды жəне өндірісті кіріктіру басталады.

2020 жылға қарай:

  1. Адами капиталдың сапасын арттыру мен еңбек ресурстарын пай-

далану тиімділігінен туындаған мемлекет экономикасының бəсекеге

қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру.

  1. Ғимараттарды жобалау, салу жəне қайта салудың жаңа принциптерін

ескере отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық ба-

засын нығайту. Тозған жəне апатты білім беру объектілерін жою. Білім

берудің технологиялық жəне əлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту (ас-

ханалар мен спорт залдарын, автопарктерді, компьютерлік техниканы

жаңарту жəне т.б.).

  1. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
  2. Білім беру саласының қолжетімділігін, сапасын, ашықтығын артты-

ру; корпоративтік басқару принциптерін енгізу.

  1. Нормативтік-жан басына шағу принциптері, ваучерлік негізде

біліктілікті арттыру жүйесі негізінде орта, техникалық жəне кəсіптік білім

беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін

енгізу.

  1. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың вариативті нысандарын

енгізу, балалардың мектепте білім алуға дайындығының жоғары болуын

қалыптастыру, олардың жастай оңды əлеуметтенуін қамтамасыз ету.

  1. Мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекторияларын пайдалану

арқылы бейіндік мектеп моделін құру.

  1. Оқушылардың əлемдегі барлық білім беру ақпараттық ресурстарына

on-line арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету.

  1. Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу.
  2. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ересектерге арналған

мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың, мектептегі жəне кəсіптік білім

берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін оқытудың инклюзивті жүйесін

құру.

  1. Республикада жаңа тұрпаттағы педагогтердің қажетті санын

жəне тиісті біліктілігін қалыптастыру. Білім саласы қызметкерлерінің

еңбегін экономикалық жəне əлеуметтік жағынан ынталандыру жүйесін,

оқытушылардың еңбек ақысын еліміздегі орташа еңбекақы деңгейіне

жеткізетін жəне жұмыс сапасын ынталандыратын еңбекақы төлеудің

икемді жүйесін енгізуге басымдық беру.

  1. Ішкі нарықта білім берудің үлес салмағын арттыру, еліміздің білім

беру жүйесіндегі білім беру қызметінің экспорттық көлемі мен құрылымын

ұлғайту.

  1. Еңбек нарығының талаптарына сай келетін, азаматтардың кəсіптік,

мансаптық жəне жеке тұлға боп өсуіне ықпал ететін үздіксіз кəсіптік білім

берудің икемді жүйесін қалыптастыру.

  1. Білім беруге мемлекеттік-жеке меншік əріптестікті енгізу.
  2. Кəсіптік білім бағдарламаларының, сондай-ақ ұлттық жəне

халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының санын арт-

тыру.

  1. Заманауи ғылыми білім-білікке ие жəне еліміздің инновациялық да-

муына үлесін қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау.

  1. Бəсекеге қабілетті ғылыми-техникалық өнімді жасау жəне өткізу.
  2. Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға

қатысатын жастардың үлесін 55 %-ға арттыру.

  1. Қажетті ресурстар

2011 – 2020 жылдары білім беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын

кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі

үлесін дамыған елдердің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету

жоспарланып отыр.

Білім беру саласында педагогтік қызметтің ерекшелігін ескере отырып,

еңбекақы төлеудің сараланған жаңа жүйесі əзірленіп, енгізіледі.

Ауылдық ШЖМ педагогтерін қолдауға арналған шаралар жүйесі

қарастырылуда.

Болжамды қаржы шығындары (күрделі жəне ағымдағы)

Шығын құрылымында АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға,

3 ауысымды жəне апатты жағдайдағы мектептердің орнына бейіндік, «На-

зарбаев зияткерлік мектептерін» салуға, жетекші ЖОО-ларға шетелдік

ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға

қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына шығындар басым.

Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық бюджеттен

қаржыландырудың қосымша көлемі 461,1* млрд. теңгені құрайды, оның

ішінде:

2011 жылы – 59,7 млрд. теңге;

2012 жылы – 62,3 млрд. теңге;

2013 жылы – 52,8 млрд. теңге;

2014 жылы – 145,9 млрд. теңге;

2015 жылы – 140,4 млрд. теңге.

Бағдарламаның іс шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру

жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға

бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

*2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тиісті қаржы жылдарына

арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.

 

Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жас адамды тәрбиелейтін жүйе енгізілетін болады.

Жастардың патриотизмін дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру Білім және ғылым, мәдениет және, ақпарат, әділет, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және жаңа технология, шетел тілдері, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы министрлігі, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспары шеңберінде жүргізілетін болады.

Оларды жүзеге асырудың ішінде табысты жас қазақстандықтың бейнесін, патриоттылық құндылықтар, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді насихаттайтын көлемді жобалар жүзеге асырылады.

Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады:

  1. Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;
  2. Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;
  3. Еңбекке құрмет;
  4. Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;
  5. Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;
  6. Қиындықтан қорықпай табысқа жету;
  7. Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.

Осылайша жас қазақстандықтардың санасында құндылықтарды толықтыру келесідей идеологемалармен анықталады:

  1. Адалдық адамдықтың белгісі;
  2. Қарапайымдылық адамның көркі, еңбек ерлікке жеткізер;
  3. Батыр айқаста танылар;
  4. Отан отбасынан басталады, шаңырақ бірлік пен берекенің белгісі;
  5. Достық — басты байлық, жұмыла көтерген жүк жеңіл;
  6. Бейнет түбі зейнет;
  7. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Осы құндылықтарды насихаттау үшін «Отандастар» жобасы әзірленетін болады.

Бұдан басқа, шетелде білім алып жатқан жастарды қазақ диаспорасы өкілдерінің іс-шарасына тарту арқылы патриоттылыққа тәрбиелеуге ерекше назар аударылатын болады.

Жастар арасында жетістік пен патриоттыққа ынталандыру мақсатында әлеуметтік саты тетіктері іске қосылатын болады. Ол: еріктілік, мәслихаттардағы шешімдер қабылдау процесі мен мемлекеттік қызметке кіруге кең мүмкіндік болады.

Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жастар өкілін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке көбірек тарту мақсатында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы мен жастар парламентаризмі жетілдірілетін болады. Сонымен қоса, еліміздің білім ұйымдарында студенттер кеңесі, клубтар желісі және т.б. ұйымдар дамитын болады.

Жастармен жұмыстың жеке блогы «Үштұғырлы тіл» идеясы жастармен белсенді түрде жүзеге асырылатын болады.

«Орта білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбиені ұйымдастыру» пәнінің оқу әдістемелік кешенін әзірлеу жоспарланады және бұдан әрі гуманитарлық және педагогикалық оқу пәндері тізіміне енгізілетін болады.

Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде, азаматтық тәрбие берудің бағыттарының бірі ретінде «Жасыл ел» және т.б жобалары дамиды. Танымдық фактор ретінде жастар экотуризмі дамитын болады.

Неке және отбасы институтының рөлін нығайту мақсатында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мен үлкендерді құрметтеп, кішілерге қомқорлық көрсетуге бағытталған кең көлемді «Шаңырақ» жобасы іске асырылатын болады.

Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту үшін «Отаныма қызмет етемін!» жалпыхалықтық жобасы әзірленіп, жүзеге асыру жоспарланады.

Мықты, ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу ұйымдастырылатын болады, оның ішінде, жастар саясаты саласындағы оқиғаларды жариялап отыратын республикалық жастар газеті, аналитикалық журнал, телебағдарлама, толықметражды көркем және документалды фильмдер, телесериалдар, жаңа әндер мен музыкалық клиптер шығарылады, «e-zhastar» интернет-порталы құрылады.

2017 жылы 28-Бүкіләлемдік Қысқы универсиада сынды оқиғаларға көптеген жастардың қатыстыра отырып іс-шаралар өткізу жоспарланады.

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 07 желтоқсандағы

№ 1118 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН2

  1. Бағдарламаның Паспорты

Бағдарламаның

атауы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –

2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Əзірлеу үшін

негіз

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық

даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің

2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;

«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957

Жарлығы

Бағдарламаны

əзірлеуші

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі

Мақсаты Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің

қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамы-

ту, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру

Бағдарламалық

мақсаттар

білімберу қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдар-

ланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

педагог мамандығының беделін көтеру;

білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалып-

тастыру;

білімберу процесінің барлық қатысушыларының үздік білімберу

ресурстарыментехнологияларынатеңқолжеткізуінқамтамасыз

ету;

балаларды мектепке дейінгі сапалы тəрбиемен жəне оқытумен

толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі

тəрбие мен оқытудың əр түрлі бағдарламаларына тең қол

жеткізуді қамтамасыз ету;

жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының

зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын

қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын

қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,

еліміздің экономикалық əл-ауқаты үшін бəсекеге қабілетті адами

капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу;

қоғамныңжəнеэкономиканыңиндустриялық-инновациялық даму

сұраныстарына сəйкес техникалық жəне кəсіптік білім (бұдан əрі

– ТжКБ) жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;

еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму

міндеттерімен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын

жəне білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай

келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;

өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік

жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік

жəне көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру

Міндеттері сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім

беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін əзірлеу;

білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынта-

ландыруды күшейту;

3 білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік

басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік- жеке

əріптестік жүйесін қалыптастыру;

білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның

ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім

статистикасын құру;

оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау;

мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;

мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;

мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен

қамтамасыз ету;

12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын

жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;

шағын жинақталған мектептердің (бұдан əрі – ШЖМ) проблема-

ларын шешу;

мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру;

экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын

ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;

экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын

дамыту;

ТжКБ-да оқудың беделін арттыру;

еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай

келетін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету;

жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету;

білімнің, ғылымның жəне өндірістің бірігуін қамтамасыз ету,

зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммер-

цияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми жəне

ғылыми – педагог кадрларды даярлау;

өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;

жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеу жəне олардың азаматтық

белсенділігін, əлеуметтік жауапкершілігін жəне əлеуетін ашу

тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру

Іске асыру

мерзімдері

(кезеңдері)

2011 – 2020 жылдар

Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады:

бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар;

екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар.

Нысаналы

индикаторлар

ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына

шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізілген;

педагогтердің жалпы санынан жоғары жəне бірінші санаты бар

біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі – 52 %;

білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық кеңестер

құрылған;

білім беру ұйымдары басшыларының 100 %-ы менеджмент са-

ласында біліктілігін арттырған жəне қайта даярлаудан өткен;

орта білім беру ұйымдарының 90 %-ында электрондық оқыту

жүйесі пайдаланылады;

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100 %-ы мектепке дейінгі

тəрбиемен жəне оқытумен қамтамасыз етілген;

12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған;

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік

мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны – 20;