САБАҚТАРДА БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

БАЯНДАМА

САБАҚТАРДА БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ  ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

 

 

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

Шалқар қаласы №5 орта мектеп

Бегімбетова Жансауле Құлтасқызы

информатика пәні мұғалімі

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ. «Білімді ұрпақ» дегеніміз алдымызда жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған  оқушы. Ал заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы – компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық-коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда.  Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл білімді ұрпағын тәрбиелеуші мұғалімдер- сонау ұстаз деген есімнің ұлылығын дәлелдеп кеткен, ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған, әмбебап жандар. Бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан – теңіз. Жаңашыл ұстаз болмысы, біріншіден, мұғалім – үздіксіз ізденуші. Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау. Ұстаздың тағы бір ерекше қасиетінің бірі – жетелеуші, алға ұмтылдырушы. «Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ…Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады.»— деген еді Л.Н.Толстой.

Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне бейнесабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, экскурсия-сабақ және т.б. жатқызуға болады. Соның бірі сабақтарда бейне материалдарды пайдалану тиімділігі туралы сөз қозғасақ.

Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесінде білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Қазіргі кезде оқу орындарында жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан оқу орынныңда техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері оқу орындар сабаққа қажетті электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.

Білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Біз оқушыларға күрделі және көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, сабаққа қарай көңілдерін аудару қажет. Әлем күн сайын өзгереді. Жаңа адамдар, жаңа оқиғалар, үйреншікті заттардың жаңа сапасы. Өткен уақыт бүгінгі күнмен алмасады, ал қазіргі уақыт келешекпен алмасады. Ақпарат біздің қасымыздан және біз арқылы орасан зор жылдамдықпен зымырап өтеді, ал сана айналада болып жатқаннын барлығын есте сақтауға қарсы болады. Өткенді есте сақтай алатын, қазіргіні бейнелейтін және болашақты алдын ала болжау жасайтын технология бар. Бұл бейне , бейнені сабақта қолдану арқылы оқушыларға жаңа материалды көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді және сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етеді. Бейнефильмдер оқушылардың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бұл жөнінде Я.А.Коменский былай деген: «Алтын ереже-бала сезім әсерлерін туғызып білдіргені жөн: көруге болатын нәрсені көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп көрсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын. Кейбір нәрселерді түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы». Сондай-ақ сабақтарда бейнсабақтар оқушылардың іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын дамытуда бейнефильмдердің пайдасы зор.

         Бейне материалдарды  қолдану оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады.Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Бейне материалды қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, бейне сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы  лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу бейнефильмдері — 10 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік  меңгеруге көп уақыт қалады. Бейне сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше бейне сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта мен информатика сабақтарын беруде көптеген Интернет  ресурстарымен жұмыс барысында Camtasia Studio бағдарламасы көңіліме қонды. Бұл бағдарлама монитордың өзің таңдаған бөлігін ғана видеоға түсіріп алады. Артынан оны өңдеп, соңғы нұсқаны оқушыларға ұсынуға болады. Осы бағдарламамен сабақтарымның әртүрлі бөліктерінде шағын бейнероликтер жасау арқылы сабағымды жаңа тәсілмен ұйымдастырдым. Бұл роликтердің маңыздылығы сол, мұғалім түсіндіргенде оқушы өзі түсінбеген тұстарды  қайтадан айналдырып көру мүмкіндіктеріне ие бола алады.

Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді және білім сапасын көтереді.

Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау информатика сабақтарында оқушылардың білімдерін арттыру мақсатында бейне материалдарды қолданудың маңызы зор және өзекті екенін көрсетіп отыр.

Ал ұстаздар ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдыланады. Сонымен қатар мектептің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жұмысын біріктіре отырып дайындауға мүмкіндік беріп, сабақ берудің жаңа технологиясын игеру ісін оқытушылардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді.

Оқыту процесін жеделдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан маңызы зор:

  1. Бейнефильмдер оқушылардың материалдарды жақсы меңгеруіне көмектеседі.
  2. Бейнефильмдер оқытушыға оқу- тәрбие жұмысын өмір шындығын ажанастыруға мүмкіндік береді.
  3. Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады.
  4. Бейнефильмдер тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушылардың бойында тыңдап, түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
  5. Сабақта бейнефильдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Бейне сабақтардың пәндердегі тиімділігі:

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндеріндегі бейне сабақтардың тиімділігі.

  • Бейнефильмдер оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды жақсымеңгеруіне көмектеседі.
  • Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген лексикалық, фонетикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады.
  • Сабақта бейнефильдерді қолдану оқу оқушылардың тілдерді үйренуге қызығушылығын арттырады.
  • Тақырыпты бейнефильдер арқылы түсіндірсе сол тақырып бойынша оқушылар өз ойын бейнефильм арқылы еркін жеткізе алады.

Физика пәндеріндегі тиімділігі.

Жаратылыстану пәндеріне оның ішінде физика пәніне бейне материалдарды есептер шығаруға, лабораториялық жұмыстар жасауға, тәжірибелер, өзіндік есептер, зертханалық жұмыстар жасауға болады. Бейне материалдарды пайдалана отырып, үлкен ізденіс үстінде жұмыс істеуге, оқуға, дүниені біліп-тануға деген қабілеті шыңдай түседі. Физикалық құбылысты, объектіні өз бетінше көре білуі, көріп бақылаған құбылыс пен объект туралы өз ойларын, фактілерді іздеу тәсілдерін тұжырымдай біледі. Оның ішінде:

  • бір физикалық объектіні нақты бақылай білуі, оның белгілері мен сапаларын танып, ажырата және ортақ белгілерді топтай білуі;
  • қарастырып отырған физикалық құбылыстың және объектінің сипатын, олардың белгілері арасындағы байланысты таба білуі;
  • фактілер туралы сұрақтарды тұжырымдау;
  • қойылған сұрақтар бойынша проблеманы, есепті тұжырымдай білуі;
  • қажет болған жағдайда проблеманың эксперименттік қойылуы.

Бейне материалдар бойынша өткізген ашық сабағым.

Класс: 8В

Уақыты: 14.02.2012

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:      Окушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі:  Оқытудағы белсенділік және интенсивтік

Сабақтың көрнекілігі: Флипчарт, бейнематериалдар

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәтті

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «MS Word мәтіндік редакторы. Мәтіндік құжат құру, сақтау және ашу» тақырыбы бойынша тақырыптық тест алу – 5 минут

  • МS Word қандай редактор?
  • Іске қосу реті қандай?
  • Мәтінді пішімдеу әрекеттері?

Үй тапсырмасын қорытындылау: /тест/

  1. Солдан оңға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?

а) Shift                 ә)Delеte                      б)Backspace               в)Alt

  1. Оңнан солға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?

а) Shift                 ә)Delete                   б)Backspace              в)Alt

  1. Бас әріппен жазуға арналған перне.

а) Shift                     ә)Delete                     б)Backspace               в)Alt

  1. /MS WORD/ Мәтіндегі сөзді ерекшелеу үшін мыналар қажет

а) Правка- Вырезать командасын беру

ә) сөзге оң батырманы түрту және Ерекшелеу командасын таңдау

б) сөзді оң батырмамен екі рет түрту

  1. Құжатты сақтау үшін

а) Файл – Печать ә) Файл – Сахранить как    б) Файл — Закрыть

  1. Пішімдеу дегеніміз не?

а) Мәтіндік құжатты рәсімдеу   ә) Құжатты баспаға беру   б) Мәтіндік құжатты өшіру

Кілті

  1. Ә
  2. Б
  3. А
  4. Б
  5. Ә
  6. А

ІІІ. Жаңа сабақ

Бейнематериал (видио түсіндіру)

Кез-келген терілген мәтіннің бөлігін қиып алуға, қоюға, көшірмелеуге болады. Ол үшін сатандарттау панеліне назар аударамыз.

Қиып алу батырмасы қайшы тәріздес болып келеді, ол өшіру командасын қоса орындайды. Мәтіннің бөлігін қиып алу үшін мәтінді ерекшелейміз, қиып алу батырмасын шертеміз. Қиып алынған мәтін компьютердің оперативті жадысындағы буфер алмасуда уақытша сақталады.

Мәтінді қою үшін мәтіннің тұратын орнына меңзеді орналастырамыз, қою командасын шертеміз.

Мәтіннің бөлігін көшірмелеу үшін мәтінді ерекшелейміз, көшірмелеу батырмасын шертеміз. Көшірмеленген мәтін компьютердің оперативті жадысындағы буфер алмасуда уақытша сақталады. Көшірмеленген мәтіннің тұратын орнына меңзеді орналастырамыз, қою командасын шертеміз.

Компьютердің оперативті жадысындағы буфер алмасуды көру үшін меню жолындағы Правка — буфер алмасу командасын орындаймыз. Ол құжаттын оң жақ бөлігінде көрініп тұр. Қиып алынған, көшірмеленген мәтін буфер алмасуда сақталған.

Мәтіндік блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейін <СТRL> пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде «плюс» белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс. Ақпаратты көшіру жэне орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.

Правка-Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка-Вставить командасы арқылы буферден қою керек..

  1. Жаңа сабақ бойынша бейне мысал:(Бейнематериал)
  2. Мәтінді теріңіз.

Мен – озат оқушымын.

  1. мәтінді толығымен көшірмелеңіз мына үлгі бойынша.

Мен – озат оқушымын. Мен – озат оқушымын.

Мен – озат оқушымын. Мен – озат оқушымын.

Мен – озат оқушымын. Мен – озат оқушымын.

Мен – озат оқушымын. Мен – озат оқушымын.

  1. Ортасындағы екі жолды өшіріңіз.
  2. Келесі мәтінді теріңіз.

Март

Январь

Апрель

Февраль

  1. Рет-ретімен койыңыз.
  2. Жаңа сабақ бойынша тапсырма.

Жұмыс столында Мақал-мәтел деген тақырыпта құжат берілген. Құжатты ашамыз.

Тапсырма: Төменде мақал мәтелдер дұрыс аяқталмайәр жерге жазылған. Мақал-мәтелдердің дұрыс ретімен тауып жаз. Ол үшін Қиып алу, қою командаларын пайдалан. Орындалған тапсырма Yandex.kz сайты арқылы электрондық поштаға жіберіледі.

Ерді намыс өлтірер,                         Ер жігіт ел үшін туады,                   Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артық.                     Қоянды қамыс өлтірер.                   Өнер көкке жеткізер.

 

Акыл көпке жеткізер,                      Жүздің көркі – сақал,                      Тіл қаруы – сөз,
Ел үшін өледі                                   Сөз қаруы – ой.                                Сөздің көркі — мақал.
Ата көрген оқ жонар,                      Қына тастан шығады,

Білім жастан шығады.                     Ана көрген тон пішер.
Дұрыс жауап:

  1. Ерді намыс өлтірер, Қоянды қамыс өлтірер.
  2. Жаман жолдастан,  Жақсы дұшпан артық.
  3. Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі
  4. Өнер көкке жеткізер. Акыл көпке жеткізер,
    5. Жүздің көркі — сақал, Сөздің көркі — мақал.
  5. Тіл қаруы – сөз, Сөз қаруы – ой.
    7. Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер.
  6. Қына тастан шығады, Қына тастан шығады,
  7. Жаңа сабақ бойынша тапсырма.

Экранға назар аударыңыз.

  1. Кесте
  2. Ұяшық
  3. Печать
  4. СТRL
  5. Көшірмелеу
  6. Орын ауыстыру
  7. Бетті номерлеу

Есте сақтауға 1минут  беріледі, жазуға 3минут.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді әр оқушы оқиды. Берілген тірек сөздердің мағынасын ашады.

  1. Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары: Оқушы «Иә», «Жоқ» деп жауап береді, ООМ белгіленеді.
  • Құжаттарды басу үшін Файл Печать командасын орындау қажет? (Иә)
  • Кесте дегеніміз ұяшық? (Жоқ, баған мен жолдың қиылысы)
  • Кестені Вставка Таблица командасын орындау арқылы құрамыз? (Иә)

4.Мәтінді ерекшелеу үшін Shift пернесін басамыз? (Жоқ, СТRL)

5.Беттерді номерлеуге болады? (Иә)

6.Шекаралар типін таңдау үшін Формат    Границы и заливка командасы орындаймыз? (Иә)

  1. Кестедегі келесі ұяшыққа Ctrl пернесі арқылы өтеміз? (Жоқ, Tab немесе бағыттаушы пернелер)
  2. Правка-Копировать командасының көмегімен қажетті құжатты қиып аламыз? (Жоқ, көшіреміз)
  3. Вставка-Номера страниц бет номерлеуге арналған команда (Иә)
  4. Таблица — Объединить ячейки командасының көмегімен ұяшықтарды бөлеміз? (Жоқ, ұяшықтарды біріктіреміз)

ІҮ. Бекіту: Оқулықтағы 7.7 —  практикалық тапсырманы орындау

Ү. Үйге тапсырма: 7.7 тақырыпты оқу

ҮІ. Бағалау:  парақ бойынша бағаланады.

 

Бейнефильмдер арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады деп ойлаймын. Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

Қорыта айтқанда, барлық пәндерде электрондық ресурстар оқушылардың сабаққа деген ынталарын, назарларын, қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейлерін жоғарылатады.  Ал бүгінгі күні жаңа ғасырдың жастарына жан-жақты білім беру, тәрбиелеу — әрбір ұстаздың басты борышы деп ойлаймын.