Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары.
Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жергілікті жердің табиғатын жан-жақты оқып үйренуге, географиялық ұғымдармен заңдылықтарды терең меңгерулеріне көмектесу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымдық көзқарасын алыптастыру, және қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған орта табиғатын аялауға,
ұжымшылдыққа және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сұрақ – жауап, топтық, жеке жұмыс.
Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Атлас, кескін карта, интерактивті тақта, тапсырмалар парағы,плакаттар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағдай.
Үй тапсырмасын тексеру.
Шығармашылық жұмыс.
Практикалық жұмыс.
Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын беру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару (психологиялық жағдаят).
- Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушы
| Мұғалім |
Топтарға бөлініп отырады. Топ басшыларын сайлайды. | Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызады. Топ басшыларын анықтайды. |
Әр топ басшы бағалау парағына аттарын жазып толтырады. әр топ үй тапсырмасынан берілген сұрақтарға жауап береді.
1 топ. 1) Орманды дала зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын анықта.
2 топ. 1) Дала зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын анықта. 3 топ. 1) Шөлейт зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын анықта. 4 топ. 1)Шөл зонасының географиялық орны, климаты, ішкі сулары, топырағын, шөлдің түрлерін анықта.
Топ басшылары бағалау парақтарына жинаған балдарын жазады. (Әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдық жүйемен) | Бағалау парағын таратады. Үй тапсырмасы бойынша дайындалған тапсырмаларды тақтаға шығарады. |
Оқушылар дайындаған «Табиғат зоналарының өсімдік, жануарларын қорғау» тақырыбындағы слайдтарымен таныстырады.
| Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар дайындаған слайдтарды интерактивті тақтада жариялауға бағыт береді. |
3)«Жергілікті жердің табиғаты» шығармашылық жұмысты жариялау.
1 топ. Атыраудың географиялық орны,климатымен таныстырады. 2 топ. Атыраудың ішкі суларымен таныстырады. 3 топ. Атыраудың экологиялық жағдайымен таныстырады. 4 топ. Атыраудың тарихы мен бүгінгі тынысы жайлы слайд көрсетеді. Әр топтың топбасшылары бағалау парақтарына белгілеп отырады. | Мұғалім оқушыларға дайындалған тақырыптарын баяндауына бағыт береді. Топ басшыларына оқушылардың еңбегін бағалау парағына белгілеп отыруды тапсырады. |
- Практикалық жұмыс тапсырмалары.
1) Тапсырма бойынша: 4 топтағы әр оқушы кескін картаға Қазақстанның табиғат зоналарын, Атырау қаласын атласты пайдалана отырып белгілейді. 2) Тапсырма бойынша: Табиғат кешендері компоненттерінің байланысын көрсететін кесте құрастырады. | Тақтадағы Қазақстанның физикалық картасына назар аударуларын сұрайды. Оқығандарын қалай қабылданғанын, жинаған ақпараттарды жүйелеп, кескін картаға Қазақстанның табиғат зоналарын түсіруге, табиғат кешендері компоненттерінің байланысуын көрсететін кесте құруға тапсырма береді. |
Әр топтың топбасшылары бағалау парақтарын толтыруды аяқтайды, оқушылардың жинаған балдары бойынша қойған бағаларын айтады. | Бағалау парақтарын жинап алып, оқушыларды бағалайды. Үй тапсырмасы: Қазақстанның табиғат зоналары тақырыптарын қайталау, «Табиғатты аялайық» тақырыбында эссе жазуды тапсырады. |