«Білгір географ — XXI» /сайыс сабақ/
Жармуханов Алмаз,
Шаған ЖОББМ география пәні мұғалімі,
Жаңа Өмір ауылы
Теректі ауданы
Батыс Қазақстан облысы
«Білгір географ — XXI» /сайыс сабақ/
8-сынып оқушылары арасынан география ғылымына қызығушы талапты , алғыр оқушыларды анықтау, оларды ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу, экологиялық тәрбие беру, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында ойын түрінде Қазақстанның физикалық географиясынан сайыс сабағы өткізілді.
Сайысқа 8 оқушы қатысады және сайыс III турдан тұрады. I турдан соң балы аз 4 оқушы ойыннан шығады. II турды 4 оқушы жалғастырады. II турдан соң балы аз 1 оқушы ойыннан шығып қалады. III турда 3 оқушы қалады ойынның соңында балы көп оқушы жеңіп шығуы керек.
I тур. Бәйге.15 сұрақ.
- Қазақ тілі қандай тіл семьясына жатады?
1.Үнді-европалық 2. Оралдық 3. Алтайлық
- Қазақстандағы ең төмен жатқан жердің абсолют тереңдігі:
- -132м 2. -133 м 3. -142 м
- Өзеннің құяр жері:
- Арна 2. Саға 3. Кемер
- Ауданы жағынан үшінші көл:
- Арал 2. Балқаш 3. Зайсан
- Егемендік туралы Декларация қабылданған жыл:
1.1990 ж 2. 1991ж 3. 1992 ж
- Іле өзені құятын көл:
- Алакөл 2. Балқаш 3. Зайсан
- Қорғалжын қорығы орналасқан облыс:
1.Қостанай 2. Ақмола 3. Павлодар
- Триас,юра,бор дәуірлері қай эраға жатады?
- Палеозой 2. Мезозой 3. Кайнозой
- Геохронологиялық жержылнамалық кесте қай жылы бекітілді?
- 1900 ж 2. 1905 ж 3. 1910 ж
- Алғаш рет «Арал өңірінің экологиялық картасының» жасалған
жылы:
- 1990ж 2.1991 ж 3.1992 ж
- Орман ел аумағының қанша %-ын алып жатыр?
- 3,5% 2. 4,2% 3.5,2%
- Қазақстанның солтүстік ендігі:
1.56° 26′ с.е 2. 55° 26′ с.е 3. 54° 36′ с.е
- Ақмола атауы Астана деп өзгертілген жыл:
1.1997ж 2. 1998ж 3. 1999ж.
- Қоңырат,Бозшакөл кен орындарынан қандай кен өндіріледі?
1.Мыс 2. Алтын 3. Хром
- Қапшағай СЭС-і қай өзенде салынған?
- Ертіс 2. Сырдария 3.Іле
II тур. Қазақстан аумағын физика-географиялық аудандастыру
- Шығыс Европа жазығы.
а/ Ш.Европа жазығының Қазақстанға қай бөлігі енеді?/оңтүстік-шығыс/
б/Жем үстірті қай жерде орналасқан? /Каспий маңы ойпаты , Мұғалжар/
в/ Ірі өзендері. /Жайық,Ойыл,Жем /
г/ Қазақстандық бөлігіндегі табиғат зоналары./ дала,шөлейт,шөл/
д/ Жем өзені қайдан басталады? / Мұғалжар тауының батыс беткейінен/
- Тұран жазығы.
а/ Торғай үстірті қай жерде орналасқан?/ Сарыарқа мен Мұғалжар арал./
б/ Мойынқұм қай өзендердің төменгі ағысында жатыр?/ Шу,Сарысу/
в/ Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығ. үстіртті шөл./Бетпақдала/
г/ Жауын-шашынның жылдық мөлшері. / 80-100 мм /
д/ 1984 ж ұйымдастырылған қорық. / Үстірт/
- Солтүстік Қазақ жазығы.
а/ Қазақстан жеріндегі алып жатқан ауқымы./ Орал тауынан Алтайға дейін/
б/ Пайдалы қазбалары./ темір,көмір,боксит,хромит,кобальт,құр.мат./
в/ Есіл өзені қайдан басталады?/ Сарыарқанының солт.Нияз тауынан/
г/ Жазықтағы табиғат зоналары./ орманды дала, дала/
д/ 1929 ж ұйымдастырылған қорық./ Наурызым/
- Сарыарқа.
а/ Сарыарқаның екінші атауы./ Қазақтың ұсақ шоқысы/
б/ Ең биік тауы,биік нүктесі/ Қ.ызыларай,Ақсораң 1565 м/
в/ Басты өзендері./ Есіл,Нұра,Сарысу,Сілеті,Шідерті т.б/
г/ Батысында қандай үстіртпен шектеседі?/ Торғай/
д/ 1968/58/ ж ұйымдастырылған қорық./ Қорғалжын/
- Орал.
а/ Мұғалжар тауының ең биік нүктесі./Үлкен Боқтыбай 657 м /
б/ Қай қатпарлықта пайда болған? / Герцин /
в/ Тауды батыс және шығыс жоталарға бөлетін ойыс./ Біршоғыр/
г/ Мұғалжар тауы қай қаланың тұсынан басталады? / Орск/
д/ Пайдалы қазбалары./ никель,кобальт,хромит,мыс,сирек металдар,көмір/
- Алтай.
а/ Қазақстанға қай бөлігі кіреді?/ оңтүстік-батыс/
б/ Ең биік нүктесі./ Мұзтау 4506 м/
в/ Қаз-ғы бөлігі қандай аудандарғабөлінеді?/Кенді Алтай,Оңт.Алтай,Қалба
г/ Ең үлкен көлі. / Зайсан /
д/ 1976 ж ұйымдастырылған қорық./ Марқакөл /
- Жоңғар Алатауы.
а/ Ж.Алатауын бөліп жатқан өзендер./ Бат.Көксу,шығысында Боротала/
б/ Солтүстік жотасының ең биік нүктесі./ Бесбақан 4622 м/
в/ Жауын-шашынның жылдық мөлшері./ 600-800 мм /
г/ Қанша мұздық бар? /700 /
д/ Климатына әсер ететін ауа массалары./ Арктикалық,Тұранның ыстық
ауасы/
- Сауыр-Тарбағатай.
а/ Сауыр қай жерден басталады?/Қытайдан,Улюнгур көлінің батысынан/
б/ Қай қатпарлықта пайда болған?/ Герцин /
в/ Сауырдың , Тарбағатайдың биік нүктелері./Мұзтау 3816 м,Тастау 2992м/
д/Сауыр батысқа қарай аласарып, қай жотаға ұласады?/ Маңырақ жотасына
г/ Сауыр тауындағы көмір кен орны. / Кендірлік /
- Тянь-Шань
а/ Ең биік нүктесі қай жотада орналасқан? / Сарыжаз жотасы/
б/ Корженевский мұздығы қай тауда орналасқан? / Іле Алатауында/
в/ Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы. / Қаратау жотасы/
г/ 1926/27/ ж ұйымдастырылған қорық. / Ақсу-Жабағылы/
д/ Талғар шыңы қай таудың биік нүктесі./ Іле Алатауының/
III тур. Физика-географиялық сипаттама бойынша сұрақтар.
- Пайдалы қазбалары.
а/ Мұнай алғаш рет қай кен орнынан алынды?/ 1899 ж Қарашүңгіл,Эмбі/
б/ Тұздың қоры қай аймақтарда шоғырланған?/Каспий маңы ойпатында/
в/Қазақстанның темірдің қоры жөнінен дүние жүзіндегі орны./ 8 /
- Климаты
а/ Қазақстанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері. / 130-1600 мм/
б/Жоңғар қақпасы арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
қарай соғатын жел. / Сайқан желі/
в/ Солтүстіктегі қардың орташа қалыңдығы. / 20-30 см /
- Ішкі сулары.
1.Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер./Ертіс,Тобыл,Есіл,Жайық,Іле,
Сырдария,Шу/
2.Іле өзені қандай екі өзеннің қосылуынан басталады?/ Күнгес,Текес/
3.Балқаш көлінің батысы мен шығысы қандай бұғаз арқылы жалғасып жатыр
/Ұзынарал бұғазы/
- Қорытындылап,бағалау.