Қазақстанның көлік және коммуникация кешені

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көлік және коммуникация кешені

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Шаруашылық салалары мен өнім өндіретін кәсіпорындарды және олардың тұтынушылары арасын байланыстырушы топ ретінде еліміздің экономикасындағы көлік кешенінің маңызын түсіндіру.
  2. Аумақтық еңбек бөлінісін дамытудағы көліктің рөлін және осының негізіндегі Қазақстанның көлік кешенін құрайтын шаруашылықтың мамандануын барлық көлік түрлерінің біртұтастығын көрсету.
  3. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа кіру проблемаларын шешудегі көлік байланыстарының болашағы туралы түсінік беру.
  4. Тақырыптық карталармен және статистикалық материалдармен жұмыс істеу біліктіліктерін қалыптастыруды жалғастыру

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Карта, тірек-сызбаларды,суреттерді қолданып түсіндіру әдісін пайдалану.Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тест

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік бөліну картасы, тірек-сызба, суреттер

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

                           ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /тест әдісі

                           ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа материалды меңгерту жоспары:

  1. Шаруашылықтағы көлік кешенінің құрамы мен маңызы.
  2. Құрлықта, суда және әуеде жүретін көлік түрлері. Жүк айналымы
  3. Қазақстанның біріккен көлік жүйесін құру.
  4. Әлемдік бірлестіктерге шығудағы көлік байланысың перспективалары

 

Практикалық жұмыс.

Кескін картаға көлік кешенін түсіру.

 

Қазақстанның көлік-коммуникациялық кешені республиканың экономикалық-базалық секторларының бірі болып табылады. Республикадағы ірі магистральды жолдардың ұзындығы 115 мың км-ді құрайды, оның ішінде 15 мың км-і теміржол, 95 мың км-і автомобиль жолы,оның ішінде республикалық деңгейде /22,2%/, ал 4,1 мың км-і өзен жолы.

Теміржол магистралдары:

Трансқазақстандық /бойлық бағытта/

  1. Орынбор-Ташкент
  2. Түркісіб
  3. Петропавл-Астана-Қарағанды-Мойынты-Шу

Трансібірлік /ендік бағытта/

  1. Ұлы Сібір /Петропавл арқылы/
  2. Орта Сібір /Қостанай-Көкшетау арқылы/
  3. Оңтүстік Сібір/Астана арқылы/

Трансазиялық

Достық –Алашанкоу

Автомагистралдар:

Алматы-Астана-Бурабай

Алматы-Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент

Самара-Шымкент /Орал-Ақтөбе-Қызылорда арқылы/

Салынып жатқан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомагистралы

 

Су көлігі жолының ұзындығы 6 мың км. Оның 4 мың км-і өзен көлігіне келеді. 2мың км-і теңіз көлігіне сай келеді. Ірі порттар: Ақтау, Атырау, Орал, Павлодар, Өскемен,Баутино

 

Әуе жолдарына 51 әуежай /21-і республикалық маңызы бар/жұмыс істейді. 19 шетелдік әуе компанияларының 9-ы алыс шетелдерге жүк тасымалдайды.

 

Құбыр желісі.

Мұнай құбырлары:

  1. Атырау-Ор
  2. Өзен-Жетібай-Ақтау
  3. Өзен-Атырау-Самара
  4. Омбы-Павлодар-Шымкент-Чарджоу
  5. Кенқияқ-Атырау
  6. Қарашығанақ-Атырау

Халықаралық маңызы бар бес бағытта мұнай құбыры жоспарланып, соның кейбіреуі іске қосылды.

  1. Теңіз-Новороссийск КҚК  ұзындығы -1500 км. Қуаты жылына 75 млн тн..2001ж.
  2. Теңіз-Баку-Супса /Грузияның Қара теңіз жағалауы/ ұз. -1730 км.  2005 ж.
  3. Теңіз-Харг /Иран/  ұзындығы -2505 км.
  4. Батыс Қазақстан –Қытай-Тынық мұхит жағалауы /Атасу-Алашанкоу/ 2006 ж.
  5. Батыс Қазақстан –Құмкөл екі бөліктен тұрады.

Батыс Қазақстан-Кеңқияқ. Кеңқияқ-Құмкөл

 

Газ құбырлары:

  1. Орталық Азия-Орталық
  2. Бұхара-Орал
  3. Мүбәрәк-Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы
  4. Ақсай-Красный Октябрь-Қостанай-Көкшетау-Астана құбыры салынуда.

 

Телекоммуникация

Қазақстанның ұлттық байланыс операторы және кеңес үкіметінен кейінгі ең серпінді дамып келе жатқан телекоммуникация компанияларының бірі «Қазақтелеком» АҚ, инфокоммуникациялық қызметтің кең ауқымын ұсынады.

«Қазақтелеком» АҚ-ның 51% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры атынан мемлекетке жатады. «Қазақтелеком» АҚ компаниясы тобының құрылымына: «Алтел» АҚ (100%), «Мабайл-Телеком Сервис» ЖШС (51%), «GSM Казахстан» ЖШС — «Қазақтелеком» ААҚ (49%), «Нұрсат» АҚ (77,08%), «Сигнум» ЖШК (100%), «ШығысТелеком» ЖШС (100%), «Кептер телеком» АҚ (100%), «Radio Tell» ЖШС (100%) жатады. Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ компаниясының тобы инфокоммуникациялық қызметті тұтынушыларының барлық негізгі мақсатты нарығын қамтиды.

Компанияның орталық кеңсесі Қазақстанның астанасы – Астана қаласында орналасқан. Компанияда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. «Қазақтелеком» АҚ еліміздің әр облысында аймақтық бөлімшесі бар және еліміздің бүкіл аумағы бойынша байланыс қызметінің көрсетілуін қамтамасыз етеді. Жедел деректер бойынша 2009 жылдың 1 қаңтар күнгі жағдайына компания 3,333 млн. бекітілген байланыс абонентіне қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы телефон тығыздығы орташа есеппен 100 адамға шаққанда 21,3 бекітілген желіні құрайды. «Қазақтелеком» АҚ алыс және жақын шетелдердің 40 астам операторларымен ынтымақтаспен жұмыс істейді және өзара әрекет етеді.

 

«Қазақтелеком» АҚ ірі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырумен, телекоммуникация желілерін жаңғырту және цифрландырумен, жаңа технологияны енгізумен және ауылды телефондандырумен, сонымен қатар Интернетке кең жолақты қосылу қызметін дамытумен айналысады.

. 2006 жылы Қазақстанның облыс және аудан орталықтарының деңгейінде ADSL — «Megaline», IP VPN технологиясы негізінде Интернетке кең жолақты қосылу қызметтері іске қосылды

«2004-2010 жылдарға арналған ауылды аумақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2008 жылы келешегі бар және электр қуатымен қамтамасыз етілген барлық ауылды елді мекендерді телефондандыру аяқталды.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

  1. Көлік кешенінің міндеті
  2. Қазақстандағы негізгі теміржол магистальдарын ата
  3. Салынып жатқан халықаралық автомагистраль
  4. Қазақстандағы негізгі ұлттық телекоммуникация операторы.

Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмалар орындалады.

 

ІV. Үйге тапсырма. «Қазақстанның көлік және коммуникация кешені» тақырыбын оқу