Таным әрекетін дамыту.
Таным әрекетін дамыту.
Берденова Бағдагүл
Сәкен орта мектебінің
география пәні мұғалімі
Оқуышыларға білім беруде оқу–танымдық әрекетін ұйымдастыру әдістерінің бірі – көрнекілік болып табылса, оны сарамандық жұмыс түрлеріне қарай қолдану сабақтың танымдық құндылығын арттыратыны сөзсіз. Географиялық тілі – карта, әр сабақта к артамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. 6 – сыныпта «Жергілікті жердің планы» тақырыбына сәйкес өткізілген деңгейлік тапсырманың I – нұсқалық үлгісін ұсынып отырмын. Жұмысты орындауда негізгі көңіл бөлетін тұстары:
- Абсолюттік, салыстырма биіктіктер;
- Картадан биіктік, тереңдік шкаласын білуі;
- Жергілікті жер планынан жер бедерінің бейнеленуі.
I деңгей:
- Мына ұғымдарға анықтама беріңдер:
а) Абсалют және салыстырма биіктік
ә) горизонтальдар, бергштрих
- Картадан ойпатта орналасқан кез келген қаланы көрсет.
- 430с.е арқылы Еуразияның батыстан шығысқа қарай ойша саяхат жүргізсең, жер бедерінің қандай түрлерін кездестірер едің?
II деңгей:
- Абсолют биіктігін анықтаңдар: Амазонка ойпаты, Тибет, Альпі, Лабрадор түбегі, Жаңа Квинея аралы.
- Абсолют тереңдігін анықтаңдар: Балтық, Жапон, Каспий теңіздері.
- Қара және Беринг теңіздеріне салыстырмалы сипаттама бер.
- Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Американың ең биік нүктелерін анықта.
- Осы биік нүктелердің координаттарын табыңдар.
III деңгей:
- Қай қала теңіз деңгейінен биікте орналасқан: Бразилиа және Буэнос – Айрес, Вашингтон және Мехико, Тегеран және Дели, Париж және Лондон.
- Көлдер орналасқан территориялардың абсолюттік биіктігін салыстыр: Чад және Эри, Виктория және жоғарғы көл, Титикака және Эйр ,Ниагра және Виктория сарқырамасы.
- Қай теңізде су мөлшерінің көптігін анықта: Қара және Балтық, Охот және Беринг, Баренц және Шығыс Сібір.
- Қай өзеннің ағыс жыдамдығы көбірек? Кубань, Индигирка, Сырдария, Инд. Неліктен?
- Егер дүниежүзілік мұхит деңгейі 10 м көтерілсе, онда Коммунизм шыңы, Ключи шоқысы, Эльбрус тауының биіктігінде қандай өзгеріс болар еді?