Өзендер
Сабақтың тақырыбы: Өзендер
Сабақтың мақсаты: өзен және оның негізгі элементтері, шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы ұғым қалыптастыру; жер бедері тау жыныстары менг өзен ағысы сипатының байланысын түсіндіру; өзендердің суға молығуы және өзендерді шаруащылыққа пайдалану туралы түсінік беру, өзенге сипаттама беру тәсілін меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың жүрісі | Мазмұны |
І.Ұйымдастыру | Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру |
ІІ.Қызыығушылықты ояту «Бинго» ойыны | Сұрақтар: 1.Көл дегеніміз не? 2.Шығу тегіне қарай көлдердің шығу тегі 3.Теңіз деп аталатын көлдер 4.Көлдің батпаққа айналуы 5.Қазақстанда қанша көл бар? 6.Неге көлдер ағынды, ағынсыз деп аталады? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? 7.Көлдердің экологиялық проблемалары 8.Тектоникалық көлдерді ата 9 «Консервленген су» деген не? Олардың маңызы |
ІІІ. Итермелеу сатысы: Жаңа сабақ түсіндіру | Сұрақтар: 1. Өзен дегеніміз не? 2. Өзен элементтерін сипаттау үшін «Өзен аңғарының көлденең қимасы» №1 слайд 3. №2 слайд «Өзен элементтері» 4. Өзендердің ағу бағыты неге байланысты?(Жер бедеріне) 5. Жазық жерде, таулы өңірде судың ағысы қандай болады? 6. №4 слайд «Тау , жазық өзені» 7. Неліктен өзен көктемде тасиды? 8. Қай кезде суы азаяды? 9. № 5 слайд «Өзендердің қоректенуі» 10. № 6 слайд «Өзен режимі» Жыл маусымдарына қарай өзенденгі судың мөлшері өзгеріп отырады,-бұл өзен режимі 11. № 7 слайд «Сарқырама, шоңғалдар» Олардың зияны мен пайдалы жақтары қандай? |
ІҮ.Сергіту сәті | Су туралы жұмбақтар, мақалдар |
Ү. Жаңа материалды бекіту
| Топпен жұмыс І-топ «Ертіс» ІІ-топ «Миссисипи» ІІІ- топ «Конго» Тапсырма №1 № 8 слайд «Жоспар бойынша өзендерге сипаттама беру» 1.Географиялық орны (қай материкте ,қандай мұхит және теңіз алабына жатады, бастау, саға , саласы ) 2.Ағысының сипаты (таулы, жазық) 3.Өзен қай кезде тасиды.қай кезде сабасына түседі? 4.Шоңғал, сарқырама бар ма? 5.Шаруашылыққа қалай пайдаланады? 6. Экологиялық проблемалары
Тапсырма №2 «Мыналар қалай аталады?» І-вариант ІІ-вариант 1.Өзен бассейні 8 2.Су айырығы 7 3.Өзен аңғары 6 4.Бастау 5 5.Жайылма 4 6.Өзен жүйесі 3 7.Өзен арнасы 2 8.Өзен сағасы 1 Жауаптары: І-вар 7,4,3,1,2,8,6,5 ІІ-вар 2,5,6,8,7,1,3,4
Тапсырма №3 «Географиялық аукцион»
|
ҮІ. Қорытындылау | Смайликпен |
ҮІІ. Бағалау |