Әлемді география арқылы таны (сыныптан тыс іс-шара)
Әлемді география арқылы таны
(сыныптан тыс іс-шара)
Мақсаты:
Екі топтың Еуразия елдерінің халқы,табиғаты басқа географиялық ұғымдар туралы білімдерін ортаға салып жарысу мүмкіндігін туғызу.География пәніне қызығушылығын,белсенділігін дамыту,оқушыларды ұйымшылдыққа , достыққа,тез ойлап,тез шешім қабылдауға,бір-біріне көмектесуге көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері : интерактивті тақта,слайд.
Өткізілу түрі: жарыс
Барысы:
Ұйымдастыру:Оқушыларды дайындаған үстелге отырғызу.
Жүргізуші:
Бүгінгі апталықта география пәнінен 7-ші сыныптар арасындағы өткізгелі отырған «Әлемді география арқылы таны» сайысына қош келдіңіздер.
Топтарды ортаға шақырайық
І-топ 7 «А»сынып оқушылары-Азия елерінен келген
ІІ-топ 7 «Б» сынып оқушылары Еуропа елдерінен келген қонақтарымыз
Әділқазылар алқасымен таныстырайын
1.География пәнінің мұғалімі- Ташкенбаева Динара Тахировна
2 Тәрбие ісінің орынбасары-Калиева Багила Сагидоллаевна
Жүргізуші:
-Ал енді сайысымызды бастайық!
Сайыстың жоспарымен таныс болайық
1.Топтардың өзін таныстыруы.
- Капитандар сайысы. «Блиц турнир»
- Бұл кім?Бұл не?
- Артық сөзді табу
5.Сәтті сапар
- Бұл қай ел?
- Бейне сұрақ
- Халықтың салт дәстүрі
- Қорытынды.Марапаттау
1-кезеңі Топтар өздерін таныстары
Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады
2-ші кезеңі. «Капитанлар сайысы» Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.
І-топ
1.Дүниежүзінде қанша материк бар? (6)
2.Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүктесі (Челюскин мүйісі)
3.Еуразияның биік тауы (Гималай)
4.Еуразияда неше климаттық белдеу бар? (7)
5.Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма (Мариан шұңғымасы)
ІІ-топ.
- Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)
- Еуразияның батысындағы шеткі нүктесі (Рокко мүйісі)
- Ең кішкентай мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
- Еуропадағы биік тау (Альпі тауы)
- Еурапа елдері неше аймаққа бөлінеді? (4)
3-кезең. «Бұл кім? Бұл не?»
Бұл сайыста сөздер беріледі олар нені білдіретінін анықтау
Миной— Еуразияның Крит аралында мекендеген ежелгі тайпалары
Уэд- (кеуіп қалған өзен арналары)
Терая— гималайдың етегіндегі батпақты жер (құбыжық)
Шұрат- шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында қалыптасады
Тайфун- қытай тілінен аударғанда «үлкен жел» деген мағынаны білдіреді
Тайга-қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы
4-кезең. «Артық сөзді табу»
Сөздер беріледі артығын табу керек
1.Африка,Америка,Еуропа,Антарктида,Арктика (Арктика)
2.Меконг,Висла,Амур,Янцзы (Висла-еуропа өзені,қалғандары Азияның өзендері)
3.Тянь-Шань, Альпі,Памир,Гималай,Сахара (Сахара-шөл)
- Өзен,теңіз,көл,мұхит,түбек (түбек)
5.Жапония,Қытай,Корея,Үндістан (Үндістан)
6.Вашинктон,Сидней,Сингапур,Астана,Пекин (Сингапур)
5-кезең. «Сәтті сапар»
Екі топтың әрқайсысына жеке тапсырма.Елдердің астанасын,мемлекеттік тілін атау қажет.
1-топ 2-топ
1.Германия 1.Испания-
2.Ресей 2.Франция
3.Үндістан 3.Жапония
4.Қытай 4.Қазақстан
5.Ұлыбритания 5.Монғолия
Жауабы:
- Берлин,неміс тілі 1.Мадрид,испан тілі
2.Мәскеу ,орыс тілі 2. Париж,француз тілі
3.Дели,ағылшын 3. Токио,жапон тілі
4.Пекин,қатай тілі 4.Астана,қазақ тілі
5.Лондон,ағылшын тілі 5.Ұлан-Батор,монғол
6-кезең. «Бұл қай ел?»
1-топ
Бұл Еуразия материгінде ,Орталық Азия бөлігінде орналасқан.Көлемі бойынша төртінші орын алады.Ол бес мемлекетпен шектеседі.Жер бедері алуан түрлі болып келеді.Оның теніз деңгейінен биік түктесі -6995 м. Климаты қоңыржай белдеуде континентті құрғақ болып келеді.Тілі-түркі тілдес елдерге жатады.Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Қазақстан)
2-топ
Дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет.Жерінің 97 % Азияда,ал 3% Еуропада жатыр.Солтүстігінде Қара теңіз,батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңіз сулары шайып жатыр.Халықаралық туризм өте жақсы дамыған. Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Туркия)
7-кезең. «Бейне сұрақ»
Биология мұғалімі:Қазақстандағы қай қорықта қоқиқаз құсы қорғалады?
Жауабы: Қорғалжын қорығы
Тарих мұғалімі: «Орталық Қазақстанды зерттеген қазақ жерінен шыққан саяхатшы» .Жауабы: Шақан Уалиханов.
8-кезең. «Халықтың салт дәстүрі»
Әр топ қалаған елдерінің салт дәстүрін көрсетеді
- Қорытынды.Марапаттау
Әділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттайды