Америка Құрама Штаты
Жампеисов Ерлан Турсбекұлы
Зырян қаласы, №9 орта мектебі
география пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Америка Құрама Штаты
Сабақтың мақсаты: 1) АҚШ-ты экономикалық-географиялық тұрғыдан жан-жақты қайталау,еске түсіру.
2) Осы тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, қорытындылау.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сыныпта кім жоғын тексеріп өту. Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.
- Білімді жан-жақты тексеру.
А) «Аукцион» оқыта үйрету стратегиясы. «АҚШ-на жалпы мінездеме»
1) Жерінің ауданы – ( 9 млн. 363 мың км\2 )
2) Халқы – (290 млн адам)
3) Астанасы – ( Вашингтон )
4) Мемлекеттік құрылымы – ( федерациялық республика )
5) Мемлекеттің басшысы – ( Президент )
6) Заң шығарушы органы – ( конгресс )
7) Мемлекеттік тілі – ( ағылшын )
8) Ұлттық валютасы – ( доллар )
9) Әкімшілік-аумақтық бірлігі –( штаттар, федерациялық округтер )
10) АҚШ жер көлемі бойынша нешенші орында? ( 4 )
11) Жер көлемі бойынша АҚШ-тың алдында қандай елдер бар? ( Ресей, Канада, Қытай )
12) АҚШ-та неше штат бар? ( 50 )
13) Ел астанасы Вашингтон қаласы қай штатта орналасқан? ( Колумия федерациялы округінде )
14) АҚШ-тың 50-ші штаты қалай аталады? ( Гавай аралы )
15) АҚШ-тың президенті кім? ( Барак Обама )
Ә) «АҚШ-тың шаруашылығы»
1) 1-нұсқа. Білімдерін жан-жақты тексеруге арналған тест жұмысы.
2) 2-нұсқа. а) Картамен жұмыс. ( жоспар бойынша ) АҚШ ( Материктің қай жағында орналасқан, шекарасы, астанасы, астанасы мемлекеттің қай жағында орналасқан, географиялық координатасы )
ә) «АҚШ-тың ауыл шаруашылығы» (Сәйкесін тап )
- Бидай белдеуі А) Мексика жағалауы
- Жүгері белдеуі Ә) Ұлы көлдер
- Мақта белдеуі Б) Ұлы жазық
- Сүт белдеуі В) Монтана, Дакота Оклахама
- Мал шаруашылығы Г) Айова штаты
- Балық, аң терісі Ғ) Гавай аралдары
- Қант қамысы, ананас Д) Аляска
б) «АҚШ-тың өнеркәсібі» ( «Мені түсін» оқыта үйрету стратегиясы )
- Темір кені – ( Чикаго, Кливленд, Питсбург )
- Автомабилдер астанасы – ( Детройт )
- АҚШ-тың автомабиль жасау саласындағы әйгілі корпорациялар – («Дженерал моторс», «Крайслер»)
- Ғарыштық техника жасау орталығы – ( Лос-Анджелес )
- «Боинг» фирмасының алғашқы авиациялық зауыты – ( Сиэтл )
- «Мұнай химиясының астанасы» — ( Хьюстон )
- Елдегі ең сапалы маталар өндірісі – ( Бостон )
- Тоқыма өнеркәсібінің орталығы – ( Гринвилл, Нашвилл )
Б) «АҚШ-тың экономикалық аудандары» ( Географиялық диктант )
№ | Экономикалық аудандар | 1-нұсқа | 2-нұсқа | 3-нұсқа |
1. | Орта Батыс аудан | 1 | 3 | 2 |
2. | Оңтүстік аудан | 3 | 2 | 1 |
3. | Батыс аудан | 2 | 1 | 3 |
- АҚШ-ғы ең биік ғимарат – «Сирс Тауэр» .
- АҚШ-тың әскери- өнеркәсіп орталығы – Калифорния .
- «Кока-кола» фирмасы Атланта қаласында.
- Әйгілі Голливуд «Кино фабрикасы» — Лос-Анджелесте.
- Ірі көл маңы мегаполисі – «Чипиттс».
- Мұнай байлығымен әйгілі – Техас штаты.
- Мұнда кино жұлдыздары тұратын атақты Беверли-Хиллз ауданы орналасқан.
- Хьюстонда АҚШ-тың ғарышқа ұшу барысын басқару орталығы – НАСА орналасқан.
- Бұл аудан Ұлы көлдер маңы мен Ұлы жазықтың негізгі бөлігінде.
- Аляска, Гавай штаттары осы ауданға енеді.
Жауабы: Бағалау:
1-нұсқа. 123-213-231-2 «5» — 10
2-нұсқа. 312-132-123-1 «4» — 8-9
3-нұсқа. 231-321-312-3 «3» — 5-7
В) «АҚШ-тың туристік объектілері» ( Викториналық сұрақ «Иә» + «Жоқ» — )
1) Йеллоустон ұлттық саябағы 1882 жылы құрылды. ( 1872 ж )
2) Әлемдегі ғажайып табиғатескерткіші бар Колорадо каньоны-Колорадо үстіртінде орналасқан.
3) Әлемдегі ең әдемі Ниагара сарқырамасы Онтарио және Эри көлдері аралығында орналасқан.
4) Диснейленд 1956 жылы құрылған. ( 1955 ж. )
5) Дүние жүзіне әйгілі курот- Майами қаласында.
6) 2002 ж. Қысқы Олимпиадалық ойындар Солт-Лейк- Сити қаласында өтті.
7) АҚШ жерінде 40-тан аса ұлттық саябақ бар. ( 50 )
8) Қабылданатын шетелдік туристердің саны жөнінен АҚШ д.ж алдыңғы орынды алады.
9) Ниагара сарқырамасының үндіс тілінен аударғандағы атауы «Зырылдауық» деген мағынаны білдіреді. ( «Күркіреуік су» )
10) АҚШ-ғы көптеген мультипликациялық фильмдердің авторы- Уолт Дисней.
Жауабы: — + + — + + — + — +
Г) «Сен білесің бе?» ( Қатармен жұмыс )
1) 2010ж. Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарынан АҚШ құрама командасы қанша медаль алды? ( 9 алтын, 15 күміс, 13 қола – 37 )
2) Қазақстанға ең алғаш Американдық компания қай өнеркәсіп саласына келді? ( тамақ )
3) Қазақстанға ең алғаш қандай Американдық компания келді? ( Филип Морис )
4) Қазақстанның мұнай өнеркәсіп саласында АҚШ-тың қандай компаниясы жұмыс істейді? ( Экссон, Тексако, Шеврон )
5) Қазіргі уақытта АҚШ-тан Қазақстанға қандай ет өнімдерін әкеледі?
- Қорытындылау. Оқушыларды бағалау.