Ұлыбритания. Мемлекттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.Халқы
Сабақ тақырыбы: Ұлыбритания. Мемлекттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.Халқы
Сабақ мақсаты:
1.Білімдік: Ұлыбритания экономикалық-географиялық жағдайы туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс.
Құрал-жабдықтар:Дүние жүзінің саяси картасы, мектеп атласы, кескін карта, интерактивті тақта.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
1 І. Өткен сабақты шолу
Сұрақтар:1.Германия өнеркәсібі салаларын атаңдар. Олардың өркендеуіне қандай алғышарттар болды?
2.Рур өнеркәсіпті ауданындағы өнеркәсіп салалары және олардың орталықтарын ата.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Ұлыбритания ( Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. ҚұрлықтанЛа-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аум. 244, 11 мың км2. Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар,уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемл. шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі —пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.[6]
Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):
- Англиядан(45 графтық пен ерекше әкімш. бірлік — Үлкен Лондон, әкімш. орт. — Лондон),
- Уэльстен(8 графтық, әкімш. орт. — Кардифф),
- Шотландиядан(12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. — Эдинбург),
- Солтүстік Ирландиядан(26 округ, әкімш. орт. — Белфаст) тұрады. Ал Мэн аралы (әкімш. орт. — Дуглас) менНорманд аралдары (әкімш. орт. — Сент-Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады.
Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері:
- Еуропада— Гибралтар,
- Америкада— Ангилья,
- Бермуд аралдары,
- Британдық Виргин аралдары,
- Кайманаралдары,
- Монтесеррат,
- Теркспен Кайкос,
- Фолкленд(Мальвин) аралдары,
- Африкада— Әулие Елена аралы,
- Океанияда— Питкэрн аралы бар.
Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық мемлекет — парламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі — фунт-стерлинг. Ұлттық мерекесі — патшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі).
. Елдің ең биік нүктесі — Бен-Невис тауы (1343 м).
Үйге тапсырма:1.Ұлттық құрамына диаграмма сызу.
2.Кескін картаға 4 әкімшілік-саяси бөліктерін түсіу.
3.Стоунхендж жайлы мақаламен танысу.