Санды 5-ке көбейту және бөлуді пысықтау
Сабақтың тақырыбы: Санды 5-ке көбейту және бөлуді пысықтау
Сабақтың мақсаты:
а) санды 5-ке көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау. Есеп шығаруға машықтандыру;
ә) оқушылардың нақты және жүйелі ойлау қабілетін, өзін-өзі бағалауын және сабаққа деген ынтасын дамыту;
б) оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуге баулу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап; ойын түрлері; саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы.
Көрнекіліктер: кесте, ойындар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару.
- Үй тапсырмасын тексеру.
— (Көбейту кестесін жатқа айту)
- Ойын «Орамал тастамақ».
4×4, 3×5, 2×8, 5×2, 4×5,
3×8, 4×9, 2×6, 5×8 т.с.с;
- Жаңа сабақ.
— Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
— 16 желтоқсан тәуелсіздік күні.
-Жаңа жыл мейрамы.
Ендеше осы мерекелерді біз қандай табыстармен қарсы алады екенбіз! Бүгінгі сабақта белсенді қатысып, жақсы баға алса, сол оқушы бұл мерекелерді табыспен қарсы алады деп есептейміз. Әрі ата-аналарыңа арналған сыйлық деп есептеңдер. Қазір сабақта 5-ке көбейту, бөлу тәсілдерін пысықтап, есеп шығарып, әр-түрлі тапсырмалар орындаймыз.
1 тапсырма. Бәрімізге бір амал.
Есеп шығару (оқулықтың 69-беті: есеп №1).
Алынды-10 –ойыншыдан 5 қалам және 25 ойыншық.
Барлығы?
- Есеп неше амалмен орындалады?
- Неліктен?
- 1-амалда не белгісіз?
Шешуі: (10х5)+25=75(0)
Ж/ы: барлығы 25 ойыншық сатып алды
2 тапсырма. Кім жылдам?
5 10 15 20 25 30 35 40 45 -5 –ке кеміт
-5 есе кеміт
3 тапсырма. Формула сыры.
— Ережені еске түсірейік
-Алған затқа төленген ақшаны, яғни құнын қалай табамыз?
Қ=БхС
-Бағасы белгісіз болса ше? Б=Қ:С
-Саны белгісіз болса ше? С=Қ:Б
Ендеше мына кестеге қарап есеп құрастырып шығара қойыңдар.
Баға Саны Құны
5 теңге 7 ?
5 теңге ? 35 теңге
? 7 35 теңге
Бұл есептер бір-біріне кері есеп бола алады ма? Неге?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Біз отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
4 тапсырма.
«Ойлан тап»
6 1 (2қ)
7 1 (1қ)
8 1 (3қ)
9 1 )4қ)
5 тапсырма
Әріптерді алмастыр
45:а=5 х:3=4 х*2=4
(оқулықтың 69 беті. №7 теңдеу, қалғанын үйде орындау)
6 тапсырма. Мәре.
( деңгейлі тапсырмалар)
Бұл соңғы тапсырма. Әрқайсыңның білім дәрежелерің осы тапсырмалардан анықталады. Өз еңбектеріңнің нәтижесін көріп, алдағы мерекелерді қандай табыспен қарсы алғандарыңды байқайсыңдар.
1 нұсқа 2 нұсқа
1-деңгей 1-деңгей
5*7 35:7 50*5 35:5 7*5 60*5
5*6 30:5 90*5 30:6 6*5 80*5
2-деңгей 2-деңгей
(375+425)-219= 452+(700-289)=
3-деңгей 3-деңгей
Айжан-6 гүл Әйгерім -10 сурет
Асылжан-? 2 есе көп Айғаным-? 2 есе аз
4-деңгей
Екі балада 10 алма бар. Егер екінші бала біріншісіне 3 алма берсе, онда екіншісінде біріншісіне қарағанда 4 есе кем алма қалады. Әр балада қанша алма бар?
- Қорытынды.
- Таблодағы оқушылар алған бағаны күнделіктеріне қою.