« Қазақстан аумағының зерттелу тарихы » тарауына 8 сыныптағы география пәні сабақтарының орта мерзімді жоспары
« Қазақстан аумағының зерттелу тарихы » тарауына 8 сыныптағы география пәні сабақтарының
орта мерзімді жоспары
№ | Сабақтың тақырыбы, мақсаты және күтілетін нәтижелер. | Белсенді жұмыс түрлері (ӨЖ, ЖЖ, ТЖ) АКТ-ларды қолдану арқылы оқу үдерісін жақсарта аласыз ба? | ОүБ—ды қалай пайдаланасыз? | Сіз сабақтағы барлық оқушыларды қалай қамтисыз. (талантты және дарынды) | Пәнді оқытуда кедергілерді қалай жеңесіз? | Сіз жоспарыңыз бойынша, оқушылардың күтілген нәтижеге жеткенін қалай анықтайсыз? |
1 сабақ | Тақырыбы: Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі. Мақсаты және күтілетін нәтиже: Еліміздің зерттелу тарихын,кезеңдерін анықтап түсінік беру және ерте кездегі мағлұматтармен танысу.Ұлы жібек жолы ,қалалары туралы білім беру. Туған жерді аялау, алған білімдерін пайдалана білу.Сөйлеу қабілеттерін дамыту,пікір айта білуге дағдыландыру. | Оқушыларды сабақта топтарға бөлу, 1-тапсырма «Миға шабуыл»тест өзіндік жұмыс. 2-тапсырма кестені толтыру «Үйрете отырып ,үйренемін» 3- тапсырма мағананы ажырату топтық жұмыс. Синквейн. . Бейне жазбадан үзінді көру . Кескін карталарға түсіру. Қортынды. Бағалау. | Тапсырмаларға нақты бағалау критерийлерін қолданамын. Оқушыларды қызықтыру үшін жұлдызшаларды пайдаланамын .Өз-өздерін бағалу болады. | Сыныптың барлық оқушыларын сабаққа қатыстыру үшін кескін картамен жұмыс, оқушының деңгейіне арналған жеке-жеке «Мағынаны ажырату» тапсырмалар тарату.Дарынды оқушылар мәтінде берілген ойды өмірмен байланыстыру | Мәтінді оқығысы келмейтін оқушылар үшін.Оқушылар тапсырмаларды орындағанда түсініксіз сұрақтарды талдаймыз,картадан көрсетеміз | -Тапсырмалардың жауаптарын тексеру арқылы. -Өз жұмыстарының нәтижесін сынып алдында қорғауын бақылау арқылы. -Тапсырмаларды орындау барысындағы оқушылардың іс-әрекетін бақылау арқылы. -Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексивті «Бүгінгі күнгі» жаттығу арқылы. |
2 сабақ | Тақырыбы: Орта ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі.Мақсаты және күтілетін нәтиже:Орта ғасырда зертеулерінің сипаты,еркшеліктері,мақсаты және зерттеуші ғалымдар туралы мағлұмат беру.Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе,отансүйгіштік қасиеттерін арттыу. | Оқушылар сабақ барысында төрт тапсырма орындайды.Қызығушылықты ояту. 1- тапсырма:Сұрақ –жауап әдісі өзіндік жұмыс, 2-Мағынаны ажырату жұптық жұмыс, 3-өзіндік жұмыс, 4- постер жасу топтық жұмыс. Оқушыларға қажетті материалдарды ұсынамын.Бейнефильмнен үзінді көрсетем. | Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды қолданамын. Ол үшін әр тапсырманың бағалау критерийлерін дайындаймын. Оқушылар осы критерийлер бойынша бір-бірлерін бағалайды, топбасшы жазып отырады. | Өзіндік жұмыстарды орындау үшін, әрбір оқушыға кеспе карта түріндегі тапсырмаларды таратып беремін және әрбір оқушының жауабы бағаланады. | Егер де оқушылар арасында түсініксіз терминдер, ұғымдар пайда болса, онда оқушы – мұғалім арасында диалог құрып, ұғымдардың физикалық мағынасын талқылаймыз. Постер дайндауда тақырыптан ауытқымау үшін кілт сөздер беру. | — олардың орындаған тапсырмаларының нәтижесін тексеру; — сабақ кезінде оқушылардың іс-қимылын бақылау; — оқушылардың сабақ барысында жинаған ұпайларын талдау |
3 сабақ | Тақырыбы: XYI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі.
Мақсаты және күтілетін нәтиже: физикалық –географиялық тұрғыдан зерттеулерінің басты мақсаты еңбек сіңірген ғалымдар ,қазақ елінің дамуына ықпалы туралы мағлұматтарын кеңейту.Географиялық мәдениетке тарту. | Оқушыларды топтарға бөлу . Оқушылар сабақ барысында 3 тапсырма орындайды. 1-тапсырма өзіндік жұмыс. 2-тапсырма топтық жұмыс 3 – тапсырма кескін картамен жұмыс. Оқушыларға тапсырмаларды, бағалау критерийлерін және Электрондық оқулық қолданамын. | Оқушыларды бағалау үшін. Әр тапсырманың соңында бағалау критерийлері бойынша жұмысты қорғау. | Тапсырмаларды үш түрлі деңгейде дайындаймын. 1-топқа орта деңгей, 2-топқа төменгі деңгей. | Әр топты бағалау кезінде пайда болған түсініксіз сұрақтарды талқылаймыз.
| — бірінші тапсырмада оқушылардың толтырған кестелерін тексеру арқылы. — екінші тапсырмада оқушылардың орындаған тәжірибелері арқылы. — Өзін-өзі бағалау парағын қалай толтырғанына байланысты. — оқушылардың стикерлерге жазған пікірлері арқылы. |
4 сабақ | Тақырыбы: XX ғасырдың басында және ортасында Қазақстан аумағының зер ттелуі .Мақсаты және күтілетін нәтиже: Жаңа дәуірде зерттелуінің басты мақсаттары , ғалымдардың зерттеуге қосқан үлесі туралы білім беру.Отансүйгіштік қасиеттерін арттыру,отан туралы білімдерін тереңдету.
| Топтарға бөлу үшін, алманың суретін өздері ағаштан алады, суретінің артқы жағындағы сызық бойынша бөлінеді, меридиан мен паралелдерге . Сабақ барысында оқушылар Блум таксономиясы бойынша әр деңгейгегі тапсырмалар орындайды 1-кроссворд 2-сұрақ-жауап арқылы 3-кескін картаға түсіру 4- топтық жұмыс Венн диаграмасы . 5-Эссе . «Егер ,Шоқанның ғұмыры ұзақ болса» өзіндік жұмыс. Бейне жазбадан үзінді, интербелсенді тақтаны қолданамын. Блум таксономиясы бойынша.БағалауАқылдың 6алты қалпағы. | Әр тапсырма үшін нақты бағалау критерийлерін дайындайым және оқушылардың орындаған тапсырмаларын осы критерийлер бойынша бағалап, жұлдызша таратып отырам. Эссені бағалау.Топ топты бағалайды.Екіжұлдыз бір тілек. | Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдердің көмегімен барлық оқушы жұмысқа жұмылдырылады, топтық , өзіндік жүмыс барысында жоғарғы деңгейдегі оқушылар өз қабілеттерін көрсетеді. | Сыныптастарымен ашық түрдегі сұрақтар қою арқылы оқушылардың тілдік және ойлау қабілеттерін дамыту. | — Берілген тапсырмаларды орындау нәтижелерін тексеру барысында. — Оқушылардың тапсырманы қалай орындап жатқанын, олардың белсенділігін бақылау сәтінде Кері байланыс жасаған кезеңінде. |
7 модульді қолдану түстері:
1.Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту: жасыл түс
2.АКТ: сары түс
3.Сыни тұрғыдан ойлау: қызыл түс
4.Бағалау : көк түс
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту: сұр түс
6.Көшбасшылық: қызғылт
7.Жас ерекшеліктеріне сай оқыту: көктас түс