Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сабақтың оқыту мақсаты: Материктің жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы сыни және рефлективті қатынас жасай алуға төселдіріп, шығармашылыққа жетелеу.
Міндеттері: — Оқушылардың бірлесе оқу машықтарын жетілдіру;
— мәтіндегі негізгі ойды анықтату арқылы танымдық іс — әрекетке тарту;
— топтық жұмыстағы жауапкершілікті орнықтыру.
Қолданылатын модулдер: Оқытуды басқару және көшбасшылық. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Бағалау, АКТ
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ –жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау.
Стратегиялар: «Блум таксономиясы», «Көпір», Венн диаграммасы, «Ой салу», «Ментальды карта», «Рефлексия»
Бөлімдері | Эпизод | Мұғалімнің іс -әрекеті | Оқушының іс -әрекеті | Ресурстар
|
Кіріспе | 7
| Амандасу Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау «Көпір» Үй тапсырмасын пысықтау
Топтастыру 15 баланы 3-топқа бөлемін. |
1. Еуразияның ең биік нүктесі? 2. Ең төмен жатқан нүктесі? 3. Материк жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр?
Оқушылар топқа бөлінеді. |
Суреттер
|
Тұсаукесер
| 10 | Теория бойынша « Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
| Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840м Материктегі 14 шыңның абсолют биіктігі 8000 м-ден жоғары. Ең биігі- Джомолунгма 8848м Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403м) Ең ежелгі – Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, және Оңтүстік Қытай платформалары. Еуразия литосфералық тақтасының соқтыңысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жасалу жүрді. Аса биік, құрылымы күрделі тау жүйелері – Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты. Альпі –Гималай белдеуі Еуразияның оңтүстік батысынан Азияның оңтүстік – шығысына дейін созылып жатыр. Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуде де байқалады. Жер сілкіну орталықтарынан жан – жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар – цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән Оңтүстіктегі Альпі – Гималай белдеуінде материктің ең биік таулары шоғырланған. Памир тауында материктегі ең ірі тау мұздығы Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан. | Қолдан жасалған материал Атлас Оқулық |
Негізгі бөлім | 5 | Теория бойынша « Түсіну» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады) | 1.Неліктен Еуразия материгі пайдалы қазбаларға бай болып келеді? Ж: себебі. Материктің даму тарихының ұзақтығы, жер қыртысы құрылымдарының күрделілігі. 2. Неліктен Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуді «Отты шеңбер» деп атайды? 3. Неліктен биік таулпардағы шыңдарын альпілік жер бедері деп атайды? | Таратпа материал оқулық |
15
| Теория бойынша « Талдау» 1. Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? Венн диаграммасы арқылы қамту | Венн диаграммасы арқылы Арабия және Үндістан түбектерінің пайдалы қазбаларын салыстырыңдар. Арабия Ұқсастығы Үндістан
| Атлас Ватман флипчарт | |
Теория бойынша « Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны құрастыру тапсырмалары оқушының басты идеясына жазған жауабына қойылады) | Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде беріп, толтыру
| Ватман | ||
Қорытынды | 5 | Практика бойынша: «Қолдану»
| Кескін картаға Еуразия аумағындағы ежелгі платформаларды және оларға сәйкес келетін ірі жазықтарды, геосинклиналдық белдеулер мен олардағы тау жоталарының жату бағыттарын белгілеп, аттарын жазыңдар.
| Кескін карта флипчарт Атлас Бағалау парағы
|
3 | Рефлексия. Эссе жазу | Оқушылар сабақ барысында не ұнағанын, ұсыныстарын, пікірлерін жазады . | стикерлер |