Германияның экономикалық – географиялық жағдайы.Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Тақырыбы: §4. Германияның экономикалық – географиялық жағдайы.Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Мақсаты:
А)Білімділік: Оқушыларға Германияның экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік- дағдыны қалыптастыру.
Ә)Тәрбиелік: қосымша ақпарат көздерінің көмегімен Германияның ірі қалаларымен, неміс халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
Б)Дамытушылық: Оқушыларды ізденіске,еңбекқорлыққа,іскерлікке,қиындықты ойлана отырып шешуге, логикалық ойлауын дамыту,география пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: конференция сабақ, рольдік ойын, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, слайд, видеоролик.
Барысы:
І.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу және бағалау критерийлерімен таныстыру.
ІІ. Зерделілік блогы: «Еуропаның шаруашылығы». « Ең, ең…….» сұрақтарын қою.
- Қазіргі кездегі Еуропа экономикасының ең басты ерекшелігі? (шаруашылықтың батыс пен орталықта басым шоғырланып, біртұтас Еуропалық экономикалық орталықтың құрылуы)
- Еуропадағы өнеркәсіптің ең жетекші саласы? (машина жасау)
- Бүкіл дүние жүзіндегі ең «химияландырылған» ел? (ГФР)
- Еуропаның негізгі энергетикалық ресурсы? (көмір)
- Еуропадағы энергия өндіруде АЭС ең көп елі? (Франция 40)
- Аймақ бойынша энергия өндіруде СЭС негізделген елі? (Скандинавия елдері)
- «Мұз бен от елі» немесе геотермалдық энергияға бай елі? (Исландия)
- Еуропа бойынша қара металлургияның ең ірі комбинаты қай елде? (Италия)
- Түсті металлургияның аса маңызды саласы? ( алюминий және мыс өнеркәсібі)
- Еуропаның «орман цехы» немесе ағаш өнеркәсібі ең дамыған елдері? (Швеция, Финляндия)
- Ең алғашқы жеңіл өнеркәсіп орталықтары қандай елдерде дамыды? ( Ұлыбритания, Бельгия, Франция, Италия, Польша, Ресей)
- «Еуропаның сүт фабрикасы» атанған елі? (Дания)
- Еуропаның ең ірі порты? (Роттердам)
- Жүк тасымалында ең маңызды өзені? (Рейн өзені)
- Ғылыми-зерттеу орталығының ең ірісі? (Ұлыбритания – Кембридж)
- Аса ірі қаржы орталығы немесе «банкир елі»? (Швейцария, Цюрих қаласы)
- Дүние жүзіндегі туристер ең көп баратын елі? (Франция, жыл сайын 77 млн жуық)
- Еуропаның ең ірі бұғазы? (Ла-Манш)
ІІІ. Ақпарат блогы. Германияның әнұраны орындалады. Оқушылар рөлге еніп, берілген тапсырмаларын қорғайды.
Жоспары:
- Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы, аумағының құрамы –
Германия Сыртқы істер министрі
2.Табиғат ресурстары – Энергетика министрі, Спорт және туризм министрі
3.Табиғат қорғау — Қоршаған ортаны қорғау министрі
4.Халқы – Демограф
5.Сыртқы экономикалық байланыстары – ҚР баспасөз хатшысы
Пайдалы қазбалары |
Құрылыс материалдары |
Тас көмір |
Қоңыр көмір |
Табиғи газ |
Калий тұзы |
Мұнай |
Германияның экономикалық-географиялық жағдайы |
Шығыс Еуропа елдері аралығында орналасқан |
Балтық, Солтүстік теңіздермен шектесуі |
Құрлық, әуе жолдарының тоғы- сында орналасуы |
Маңызды ірі порттар орналасқан |
Халық саны | Халқы 82,4 млн адам (2004ж.) Батыс Еуропада 1-ші орында. |
Ұлттық құрамы | 92%-ы немістер, 2,5%-түріктер, 1%-ы югославтар т.б. |
Тығыздығы | 1 км2-ге 229 адамнан келеді. Діні христиан діні басым, басқаларынан ислам тараған. |
Қала халқы | Халқының 86%-қалада тұрады. |
ІҮ. Жаттығу блогы.
1) Картамен жұмыс. Германияның географиялық орнына жоспар бойынша сипаттама беру.
А)Физикалық – географиялық орны
Ә)Көршілес елдері
Б)Құрлық және теңіз көлік жолдарына қатысы
В)ЭГО –ның ел шаруашылығының дамуы мен орналасуына әсері
2)Оқулық және дәптермен жұмыс. Пайдалы қазба кестесін толтыру.
Пайдалы қазба аты | Шартты белгісі | Таралған аймағы |
Тас көмір | ||
Қоңыр көмір | ||
Газ | ||
Калий тұзы | ||
Құрылыс материалы |
- «Автор орындығы» «Егер де мен… » — Германия халқы
А) Экономикасы жоғары дамыған, халқының әлеуметтік тұрмысы өте жақсы, бірақ өлім көрсеткіші жоғары. Қандай пікір айтасыз?
Ә)Қазіргі кезде еңбек ресурсының 30%-ы өнеркәсіп пен құрылыс саласында, 50% қызмет көрсету сферасында жұмыс жасайды. Жалдамалы жұмысшылар арасында шетел жұмысшыларының саны артуда. Берліген мәлімет негізінде сіздің көзқарасыңыз?
Ү. Білімді есепке алу блогы: «Кубизм» стратегиясы.
- Суретте: Германия қандай елдермен шектеседі?
2.Елестет: Туристік саяхатқа Германияны таңдадыңыз? Неліктен?
3.Анықтама: репатриант, агломерация ұғымына түсінік бер.
4.Талда: 92%, 2,5%, 1%
5.Салыстыр: Германия аумағындағы халықтың орналасу тығыздығына қандай факторлар әсер етеді?
6.Әңгімеле: Германия қандай табиғат ресурстарына бай?
ҮІ.Бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма: §4. Германияның көлік маркалары туралы мәлімет алып келу.