Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу

Семей қаласы

№ 19  жалпы орта білім беретін  мектеп

Абылова Гүлсім Қырықбаевна

4 сынып

 

Математика

Тақырыбы: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу.

Мақсаттары:

  1. Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлуді үйрету
  2. Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: монеталар, қима қағаздар, қалалардың аттары, ақша қағаздар, «білім банкі», «касса» жазулары.

Сабақ түрі: «Капитал » ойыны

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сабақтың мақсатын айту.

Бүгін көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға көбейту және бөлуді үйренеміз. Сабақ кезінде «капитал» ойынын ойнаймыз.

  • Банк деген не?
  • Қор жинау деген не?

Біз бүгін «Білім банкіне» қор жинаймыз. Мен – Банк президентімін. Сендерге жинақтық қорын ашуды ұсынамын. Ең кіші салым – 4 монета. Әрбіреуіңе 6 монета берілген. Дұрыс жауап үшін Банктың кассасына барып монета саласыңдар.

1 тапсырма. Ауызша санау

Әрбір торкөз 4 апельсин деп санасаңдар, әрбір себетте неше апельсин бар?

 

 

 

8         6          9        12
16        32       24       36        48

 

 

 

 

Әрбір торкөз 3 кг алма деп санасаңдар, әрбір себетте неше кг алма бар?

 

 

 

8         6          10        7
12           24       18        30        21

3 оқушы бірінші болып тапсырған кредит алады. Кредитқа 2 монета беріледі.

2 тапсырма. Банк жүйесі деген ұғым бар. Банк жүйесі дегеніміз- ол қаланың әр ауданында не болмаса басқа қалаларда осындай банктер жұмыс істейді дегені. Білім банкі қандай қалаларда бар екенін анықтайық. Дәптерлеріңе бағанмен мысалдар шығарасындар.

468*13                       8592 : 6                   716*2

817*43                       19456 : 8                      6000-4568

6534-879                 8642-905                     1131*5

4308+249                4805+2609              1264+168

908*20                     2864 : 2                    3707*2

304*8                       4065+2019               23*12

Қатармен жұмыс.

Жауаптары:

6084-С

35131-Ы

5655-М

4557-Л

1432-А

2432-Е

7737-Й

7414-Т

18160-Н

3 қала:  АСТАНА, АЛМАТЫ, СЕМЕЙ.

3 тапсырма

Білім банкі «Үлгілі депозит» ашуға болады деп жариялайды. Онда үш саты бар.

1 саты- жай есеп

Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір – біріне  қарама- қарсы жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 348 км, ал екіншісі одан 3 есе кем жол жүрді.Қалалардың арасы неше километр?

2 саты- орташа есеп

Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 тенге артық төледі. Кітап қанша тұрады? Олардың әрқайсысы қанша төледі?

3 саты- күрделі есеп.

Шаруа қожалығы 1128 т бидай, одан 250 т кем қара бидай және бидайдан 8 есе кем арпа сатты. Шаруа қожалығы барлығы қанша астық сатты?

Осыған байланысты әркім өз мүмкіндігіне қарай есеп алады.

Тақтада шығарылады.

4 тапсырма.

Білім банкі оқу курсын ашып жатыр. Мұнда «Банк менеджері», «Озат тұтынушы» деген лауазым беріледі.

Ол үшін күрделі теңдеу шеші керек.

Х+1800=20*360

A*8=640+160

Қорытынды: Кассадағы монеталар саналады. Бағаланады.