Басты өзен жүйелері
Басты өзен жүйелері.
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы,
Айдархан орта жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі
Мырзақұлова Әсел Есентайқызы
Сабақтың тақырыбы: Басты өзен жүйелері
Сабақтың мақсаты:
- Қазақстанның басты өзен жүйелері, алаптары олардың негізгі өзендерінің қоректенуі, маңызы жөнінде білім беру
- Оқушының ойлау қабілеті, сөздік қоры, өзін өзі басқара білуі, ойын жүйелей алуына, жинақылыққа баулу
- Өзен суларының маңызын түсіне отырып, ауылымыздағы Қараөзеннің тазалығына көңіл аударып, жанашырлық танытуға ықпал ету.
Сабақтың әдісі: Б и С технологиясы
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, технологиялық карта
Пәнаралық байланыс: биология, экология, математика
Сабақтың барысы : I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі сабағымыз Б и С технологиясының негізінде « Ауызша сабақ – технологиялық картасы» арқылы өтеді. Тақтада сіздердің орындарыңыз белгіленген «матрица» кестесі берілген. Сабағымызды бастау үшін Сынып лидері Айбарға сөз берейік:
- Құрметті оқушылар! бүгінгі сабақта БиС технологиясы бойынша өз білімімізді көрсетіп, бәріміз бірге қатысып, белсенділік танытайық, сіздерге сәттілік тілеймін!
II кезең
- Б и С технологиясы дегеніміз – Биоақпараттық және синергетикалық әдіс. Біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Басты өзен жүйелері»
Қазақстанның физикалық картасы арқылы жаңа сабақтың қысқаша жоспарымен таныстырамын.
- Еліміздегі барлық өзендердің Солтүстік Мұзды мұхитқа және ішкі тұйық көлдер алаптарына құятынын білесіңдер. Солтүстік Мұзды мұхит алабының ең басты өзені – Ертістің негізгі салалары, қоректенуі, маңызы жөнінде;
- Каспий теңізі алабының негізгі өзені Жайық туралы;
- Арал теңізінің алабындағы Сырдария
- Балқаш – Алакөл алабындағы Іле өзені туралы білетін боламыз
№1 тапсырма Оқулықпен жұмыстану. Оқушылар тақырыпты оқып отырып кілтті сөздерді айтып отырады. Мұғалімнің ойлаған сөздерімен сәйкес келсе,
Матрицада №1 бағалау
№2 тапсырма Қабылдауды ұйымдастыру.Тақтаға «кілтті сөздер» тақырыптың негзігі ұғымдары жазылады. Оқушыларға 1минутта( 7,14,21 сөз) жаттау және жазу ұсынылады.Оқушылар бірін-бірі тексереді, нормаға сай болса , матрицада №2 бағалау
№3 тапсырма. Ұғынуды ұйымдастыру.Оқулықпен жұмыстану 6 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім барлық оқушыға 1-ден қарама – қарсы сұрақтар қоямын.
- Ертіс өзеніне құятын салалардың ең ірісі, сағасының төменгі жағында СЭС салынған.( Бұқтырма)
- Ертіс өзені қалай қоректенеді? ( Аралас- қар, мұздық, жерасты, жауын-шашын)
- 1974 ж іске қосылған ұзындығы 458 км, тереңдігі 5-7м өзен суының бір бөлігі неге пайдаланылады. ( Ертіс-Қарағанды каналы)
- Жайық өзенінің бастауы, құяр сағасы қай жерде?( Орал тауы, Каспий теңізі)
- Жайық өзенінің басты салалары ( Самара, Шаған, Елек, Ор т.б)
- Ертедегі аты Сейхун, Қазақстандағы ең лай өзен ( Сырдария)
- Сырдария Арал теңізіне қай жылдан бері құймайды 1974ж
- Іле өзені Қытайдағы Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын қандай өзендердің жалғасы ( Текес және Күнгес)
- Іле өзені бойындағы 1970ж салынған СЭС ( Қапшағай)
- Халық шаруашылығына зиян келтіретін тасты-лайлы тасқындар « селдер) жиі болып тұратын өзен ( Іле) Матрицада №3 бағалау.
№4 тапсырма. Тестілеу. Оқушылар өздері тест тапсырмасын дайындайды. 1 сұраққа 3 жауап.Саны уақытқа байланысты беріледі. Жауабын тапса, сұрақ қойған минус алады. Осы жерде картамен жұмыс .Басты өзен жүйелерін көрсету.Матрицада №4 бағалау
№5 тапсырма Тақырыптық сөз қоры. Бүгінгі өткен жаңа тақырыпты қорытындылап, ауылымыздағы Қараөзеннің жағдайын қосып түсінгендеріңізді шағын шығарма , эссе түрінде жазамыз.
Қосымша шығармашылық тапсырма, бірге ойланайық!
«Басты өзен жүйелері» тақырыбын неге жасыл түсті;«Кілтті сөздерді» көк түсті;Матрицадағы есімдеріңізді « тамшылар» түрінде бердім?!
Қорытынды: Оқушылар жазған шығармаларын оқып, тақырыптық сөздік қорын санайды. Норма 63-100 сөздің аралығын көрсетеді. Матрицада №5 бағалау. Балалардың ойларын тыңдаған соң, тақырыпты өзім түйіндеймін.
Жасыл түс – өзендердің көпшілігі жазықта ағады, жазда жағасы жайқалады, сіздің де өміріңіз жасыл жайлаудай жарқын, жайлы болсын!
Көк түс – кіршіксіз таза судай таза, ақыл-ойыңыз терең болсын!
Көгілдір тамшылар- ол сіздер! Менің кішкентай тамшыларым, қазіргі мөлдір судың тамшысындай алған білімдерің өсіп, толғаннан кейін өздерің өзен жүйесіне айналып , «Білім»атты мұхит әлеміне жетсеңіздер екен деп тілеймін! Матрицадағы бағалауды есептеп,қорытындылау.