«Қазіргі кездегі демографиялық проблемалар»
Сынып: 10 «а»
Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі кездегі демографиялық проблемалар»
Мақсат: Демографиялық мәселелердің өзектілігі, олардың туындау себептері және мәселені шешу жолдары туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Дүние жүзі елдерінің демографиялық жағдайы туралы, демографиялық мәселенің өзектілігі және оны шешу жолдары туралы тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіру.
Дамытушылық:
— Үлкен көлемдегі ақпараттармен жұмыс жасау.
— Мәселені шешу тұрғысында өз көзқарасын білдіру.
— Статистикалық таблицаларға, карта-сызбаларға талдау жасау,
-Білімі мен білік -дағдыларын өз көзқарасын дәлелдеуде қолдану.
Тәрбиелік: оқушыны өз интеллектуалдық қабілеттерін бағалай білуге, көп алдында өз пікірін ашық жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың түрі: семинар –сабақ
Оқытудың әдістері мен формалары:
Білім көздері бойынша: ауызша, көрнекті.
Танымдылық қызметінің түрі бойынша: жартылай-ізденіс; репродуктивті, ұжымдық талқылау.
Оқушы қызметін ұйымдастыру: Индуктивті (жекеден жалпыға қарай – қорытынды тұжырым); Жеке тапсырмалар беру (мәселеге қатысты материалдар жинақтау, өз пікірін білдіру, презентация, анализ жасау),Фронтальды (тест, сұрақ- жауап)
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Презентациялар, атластар, “ Дүние жүзінің саяси картасы”, интерактивті тақта мен мультимедиялық құрылғы, ноутбуктер.
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын және жүрісін таныстырып өту:
–Оқушылар, бүгінгі сабағымыз дәстүрлі өткізіліп жүрген сабақтардан өзгеше формада –семинар түрінде ұйымдастырылып отыр.Семинарға алдын ала талқыланатын тақырыптар бойынша өздеріңізге тапсырмалар берілді. Бүгінгі семинар–сабағымыздың барысында семинар қатысушылары «Мамандар» және «Ізденушілер» тобы болып 2 топқа бөлініп, жаңа тақырып бойынша баяндамалар, хабарламалар немесе презентациялар түрінде өздеріне берілген тақырып төңірегінде ой тұжырымдайды. Семинар барысында олардың мағлұматтары тыңдалады, талқыланады және толықтырылады.
- Жаңа сабақ кезеңі:
«Ауызша айтқаныңды ұмытып қалам, Көрсеткенің есімде сақталады, Ал өзіме орындауға мүмкіндік берсең – мәңгілік жадымда қалады». Қытай даналығы Қытай даналығы.
|
Эпиграф:
-Оқушылар бүгін біз «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыбы бойынша өзекті мәселелердің бірі- Қазіргі кездегі демографиялық проблемалар төңірегінде сөз қозғайтын боламыз.
Осы тақырып бойынша алдымен «Ізденушілер» тобының мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша дайындап әкелген жұмыстарын презентация немесе ауызша баяндама, бейне баян түрінде таныстырады.
Семинарға қатысушылар баяндамашыға сұрақтар қояды. Егер оқушы жауабы толық болмаған жағдайда немесе осы мәселе төңірегінде терең мағлұматтар беру үшін «Мамандар» тобының мүшелері көмекке келеді.
Семинарда талқыланатын мәселелер:
- Дүние жүзі халқының саны мен өсу қарқыны.
- Демографиялық проблеманың туындау себептері.
- Дүние жүзі халқының өсімі қандай аймақтардың есебінен артуда?
- Демографиялық жарылыс проблемасы- бүкіл әлем қауымдастығының проблемасы.
- Халықтың ұдайы өсуінің 2 типі бойынша демографиялық жағдайға талдау.
- Демографиялық жағдайға әсер етуші әлеуметтік-экономикалық себептер.
- Демографиялық жарылыс елдеріндегі халық санының шектен тыс артуымен байланысты туындайтын проблемаларлар.
- Дамыған елдердегі халық санының азаюынан туындайтын проблемалар.
- Демографиялық саясат және оның түрлері.
- Қазақстандағы демографиялық жағдай.
- Бекіту: Тест –activote арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдері пысықталады.
- Қорытынды: Мұғалім қысқаша қорытынды жасайды.
Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсері туралы пікірлері кесеге толырылады.
Мағлұматтар | Пікірі | Мақалмен ой қорыту |
|
- Бағалау. Сабақ соңында мұғалім бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларды «5» және «4» бағаларына сәйкес сертификаттармен марапаттайды.
- Үй тапсырмасы (оқушының таңдауына қарай):
- Жазбаша жұмыс( эссе)
- Мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап беру
- Екі елдің демографиялық жағдайына баға беру.
Тест
- 2025жылға қарай дүние жүзінің халқының саны қанша адамға жетеді деп болжанған?
А) 6,5 млрд
Б) 7 млрд
В) 8 млрд
Г) 9 млрд
2.Дүние жүзі халқының шектен тыс көбеюі:
А) «Демографиялық жарылыс»
Б) «Демографиялық дағдарыс»
В) «Демографиялық көктем»
Г) «Депопуляция»
- «Демографиялық жарылыс» аймағы:
А) Еуропа
Б) Азия
В) Африка
Г) Солтүстік Америка
- «Демографиялық дағдарыс» елдері:
А) Германия, Швеция
Б) Үндістан, Қытай
В) Бразилия, АҚШ
Г) Нигерия, Эфиопия
- «Отбасын жоспарлау» саясатын ұстанатын елдер:
А) АҚШ, Италия
Б) Қытай, Үндістан
В) Жапония, Ресей
Г) Қазақстан, Түркия
6.Қазақстан демографиялық саясаттың қандай бағытын ұстанады?
А) Тууды арттыру бағытында
Б) Тууды шектеу бағытында
В) Шетелдегі қазақтарды елге тарту бағытында
Г) Көп некеге рұқсат ету арқылы бала санын арттыру бағытында
- Демографиялық проблеманы шешу жолдары:
А) Дамушы елдердің экономикалық-әлеуметтік даму деңгейін көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту
Б) Халқы көп елдерге қаржылай және материалдық көмек беру
В) Ел халқын басқа аймақтар мен елдерге көшіру арқылы адам санын азайту
Г) Тууды шектеу
- Демографиялық проблеманың туындау себептері қандай?
А) Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеп кетуі
Б) Халық санының көбейіп кетуі
В) Дамушы елдердегі «демографиялық жарылыс» пен дамыған елдердегі «демографиялық дағдарыс»
Г) Халық санының азайып кетуі
- «Демографиялық жарылыс» қандай елдерде байқалады?
А) Дамушы
Б) Дамыған
В) Екеуінде де
Г) Өтпелі экономикалы
- Орташа өмір сүру жасы мен қарт адамдардың үлесі қай елдерде жоғары боп келеді?
А) Дамушы елдерде
Б) Дамыған елдерде
В) Өтпелі елдерде
Г) Аталған барлық елдерде
Жауабы:
- Г
- А
- В
- А
- Б
- А
- А
- В
- А
- Б