Жетісу Алатауы,Сауыр-Тарбағатай,Тянь-Шань таулары
Тақырыбы: Жетісу Алатауы,Сауыр-Тарбағатай,Тянь-Шань таулары
Білімділік мақсаты: Оқушылардың Жетісу Алатауы,Сауыр-Тарбағатай,Тянь-Шань таулары турал ыбілімдерін жинақтау, толықтыру.
Дамытушылық: Қазақстанның ең биік таулар туралы білімдерін салыстыруарқылы,білім дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Туған жердің табиғи кешендерінің табиғатын қорғауға, Отанға, жерге деген сүйінпеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Тақырып туралы слайдтары, табиғат суреттері, 9 табиғи аумақ торкөзі, Қазақстанның карталары
Ойын түрі: Қорытынды , жинақтау
Ойын әдісі: Сайыс
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру. Мұғалім сөзі
Тапқыр, білгір,дарынды
Жарысқаны орынды
Сүйсең туған жеріңді
Ортаға сал барынды
Ойынға 8 сынып оқушыларынан «Хан Тәңірі», «Жетісу» топтары қатысады.
Ойын ережесі:5 турдан тұрады
Кезеңдері :
1.Өткел
2.Белес
3.Бекет
4.Асу
5.Жерұйық
І.Өткел ( топ басшыларына сұрақ) әр жауап 5 ұпай
1.Сауыр жотасының ең биік нүктесі? (Мұзтау 3816м)
2.Сауыр тауында ашылған пайдалы қазба? (кендірлік көмір кені)
3.Үржар, қатынсу, Емел өзендері құятын көл?(Алакөл)
4.Тарбағатайдың ең биік нүктесі? (Тастау, 2992 м)
5.Тарбағатайдың екінші атауы (Барқытбел)
6.Қазақстандық Тянь-Шань географиялық орналасуы бойынша неше топқа бөлінеді? (3 топқа)
7.Біздің елімізгетаудың қаңдай бөлігі енеді?(Солтүстік, батыс)
- Тянь-Шаньатауы қандай мағына береді?(қытай тілінде «Тәңір шыңы, «Аспан тау»)
9.Ең биік шың? (Хантәңірі 6995м)
10.Іле Алатауындағы ең үлкен мұздық? (Корженевский)
ІІ.Белес.
1.Топтарға 2 сұрақтан,дұрыс жауап 10 ұпай, 1мин.уақыт.1рет қосымша көмек алуға болады.Нартәуекелі бар. Кезегін берсе ұпайынан айырылады.Бұл жел-жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек.Көбіне 1-2 күн, кейде 3-7 тәулік бойы, барлық майлы жоталарынан соғады.
Сұрақ: Қаңдай желге қатысты айтылады?(Ебі желі)
Қосымша көмек. Жетісу қақпасынан соғады.
2.Бұл тау Батыс Тянь-Шанның батысы мен жер бедері жағынан Шу-Іле тауларымен ұқсас. Ең биік жері-Мыңжылқы тауы (2176м)
Пайдалы қазбалардың мол қоры Қорғасын-мырыш Шымкент қорғасын зауытына шиікзат ретінде пайдалынылады.Фосфорит байлығы Тараз зауыттарын қамтамасыз етіп отыр.
Сұрақ: Қаңдай тауға қатысты сипаттау?
Қосымша көмек: Тау солтүстік-батысқа қарай аласарып, Сарысу, Шу өзенінің атырабында бітеді.
3.Бұл қорық мәңгі қар мен мұз жамылған , беткейі шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «Әнші тауы», «Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құмтөбе) жатады. Көктерек , долана, жабайы алма,өрік, Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан.
Сұрақ: Қорық қалай аталады?
Қосымша көмек: 1964 ж құрылған (Алматы)
Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын зертегендердің бірі.1856-1857 жылы Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасап, Хаңтәңірі шыңына дейін жеткен .Бұл тау жүйесінде жанартау құбылыстарының жоқтығын дәлелдеді.Осы саладағы еңбегі үшін ғалым үлкен атаққа ие болды.
Сұрақ: Бұл тауды зерт№
Қосымша көмек: Сол кезде Еуропа ғылымында қалыптасқан Тянь-Шань жанартау әрекеті нәтижесінде пайда болған деген ұғымды теріске шығарады.
ІІІ.Бекет (топ жанкүйерлеріне сұрақ )
1.Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасын алып жатыр.
(Ақсу-Жабағылы)
- Тянь-Шань «қытай» тілінде қалай аталады?(Тәңір шыңы, Аспан тау)
3.Аягөз өзені қай көлге құяды.(Балқаш көлі)
4.Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады.Соңғы жер сілкінісі қай жылы болды?(1990 жылы Зайсанда)
5.Тізімнен? таулары бар Жетісудың
Ішінде орман-тоғай біткен нудың.
Дариядай сол таулардан тулап тасып,
Көресің тамашасын аққан судың (Жамбыл )
6.Ілеге Өсек, Тышқан, Қорғас құйған,
Ол жылжып Қапшағаймен жалғастырған.
Қапшағай теңізіне жүзгісі кеп,
Қарт Жоңғар қозғалады малдас құрған-(жергілікті ақын Тоқпай Исабеков
7.Жетісу өзендерін ата?(Лепсі,Көктал,Қаратал, Ақсу, Тентек,Іле)
8.Жетісу Алатауындағы биіктік белдеулікті ең алғаш зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын жасаған (Ш.Уәлиханов)
ІV Асу (9 терезе( ұяшық) 3сұрақ, 5ұпай
- Тянь-Шань аймағы(картадан ең биік нүктені көрсету)
2.Сауыр Тарбағатай.тарбағатау Сауырға қарағанда биік пе, аласа ма (аласа)
3.Жетісу Алатауы. Қытайдың Ебінұр ойысы мен Алакөлдің арасын қосып жатқан табиғи өткел.(ойыс) (Жоңғар қақпасы)
4.Жоңғар Алатауы.Осы Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстанды батыс Қытаймен жалғастыратын теміржол салынды(Достық теміржолы)
5.Ақсу-Жабағылы қорығы қай облыс териториясында ?
(Оңтүстік Қазақстан)
6.Қаратау жотасының пайдалы қазбаларын ата? (полиметалл,фосфорит)
- Жерұйық Асанқайғы бабамыздың желмаямен желіп жүргендегі сөзінен:
«Ағашы тұңған жеміс екен шаруаға жақсы қоныс екен»
«Биылғы шаншыған таяғыңнан келесі жылы арба шығады екен»