Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы
№ 44 орта мектептің география пәнінің мұғалімі
Адамбаева Айгуль Омирсериковна
Сабақтың тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Сабақтың оқыту мақсаты: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материкке тигізетін әсерін сын тұрғысынан ойландыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу.
Міндеттері: — Ынтамақтастық атмосферасына ықпал ету;
— Дербес оқуға жетелеу;
— Жұпта, топта жұмыс істеу машықтарын жетілдіру;
Сабақтың оқу жабдығы: Атлас. Еуразияның физикалық картасы, плакат, интерактивті тақта
Қолданылатын модулдер: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ –жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау.
Стратегиялар: «Топтастыру», «Еркін жауап стратегиясы», «Ой салу», «Ментальды карта», «Рефлексия»
Бөлімдері | Эпизод | Мұғалімнің іс -әрекеті | Оқушының іс -әрекеті | Ресурстар
| ||||||||||||
Кіріспе | 7
| Амандасу Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау «Көпір» Үй тапсырмасын пысықтау
Топтастыру 14 аланы 3-топқа бөлемін. |
1. Еуразия материгінің ауданы қанша? 2. Қанша дүние бөлігінен тұрады? 3. Материкті зерттеген зерттеушілерді ата?
Оқушылар топқа бөлінеді. |
Суреттер | ||||||||||||
Тұсаукесер
| 10 | Ой қозғау «Дүние жүзілік мұхит деген не?» Еуразия материгі жағалауына саяхат жасайық: «Қандай мұхиттар Еуразия жағалауын шайып жатыр?» (топ ішінде спикер, тайм спикер, хатшы рөлдерін болу) | Оқушылар өз білетіндерін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. | Қолдан жасалған материал Ватман Атлас | ||||||||||||
Негізгі бөлім | 5 | Семантикалық карта «Сәйкестігін табыңдар» ойыны. Алдарына тапсырма таратылады.
| Оқушылар интерактивті тақтадан тапсырма жауаптарын балалар өздері тауып, сәйкестендіреді.
А) Парсы шығанағы В) мұнай С) Солтүстік мұзды мұхиты Д)Тайфундар Г)Үнді мұхиты Е)Жерорта теңізі
| Таратпа материал | ||||||||||||
15
| Мағынаны тану. «Теңізде жүзу саяхаты» 1-топ. Норвегия мемлекетінің азаматтарысыңдар. Норвегия астанасынан шығып, Жапонияға теңіз жолы арқылы келу керек. Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер? 2-топ. Қытай елінің астанасына саяхатқа келдіңдер. Саяхатты әрі қарай Шри-Ланка аралына дейін теңіз жолы арқылы жалғастыру керек. Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер? 3-топ. Сауд Арабиясы елінен шыққан мұнай тиелген танкер-кеме Францияға қарай сапар шекті. Сендер ол кемеге қандай көмек берген болар едіңдер? Жол бойында кездескен аралдарды, бұғаздарды, ағыстарды атаңдар. Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер? | Балалар шығармашылық жұмыспен айналысады. Топ ақылдасып, бір тоқтамға келеді. Топбасшы топтық жұмысты қорғайды.
| Атлас | |||||||||||||
« Мені анықта» ойыны. Кескін картада сандармен көрсетілген теңіздер беріледі. Сол теңіздердің атауын анықтаңдар.
| Жауаптар: 1. Солтүстік теңіз 2. Жапон теңізі 3. Қызыл теңіз 4. Араб теңізі 5. Қара теңіз
| Кескін карта Атлас флипчарт | ||||||||||||||
Қорытынды | 5 | Қорытындылау Бағалау:сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы оқушылар өз -өздерін бағалайды. | Өз жұмыстарын топта бағалайды.
| Бағалау парағы | ||||||||||||
3 | Рефлексия. Стикерлер таратылады. | Не ұнады, не ұнамады? Ұсыныс Оқушылар сабақ барысында не ұнады, ұсыныстарын, пікірлерін жазады . | стикерлер |