Сөйлем, Ғарыш үздігі

Тақырыбы:  Сөйлем, Ғарыш үздігі

                                   158  — 159 жаттығу

Мақсаты:

а) Сөйлем және оның тыныс белгілері туралы қайталау,  өлеңді мәнерлеп оқу. Қазақ ғарышкерлерімен танысу.

ә) Сауаттылыққа, мамандық таңдауға баулу

 б)Ойлау, танымдық ,қызығушылық қабілеттерін, арттыру.

Көрнекілігі:  Байқоңыр,  зымыран суреті, планеталар түрлері, Ғарышкер суреті.

Әдісі:  сұрақ-жауап,түсіндіру,суретпен жұмыс,топтастыру

Пән аралық байланыс: әдеп, бейнелеу, дене шынықтыру

Түрі:  саяхат,саябақ

Типі: жаңа сабақ

Стратегиясы: «Ойқозғау»,  «Өзің үшін жазу»

                     Барысы:

 І. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)

                                    Қайырлы таң достым,

                                    Қайырлы күн болсын,

                                    Жұма күнің сәтті

                                   Сәттілікке толсын.

                                   Біздің алар бағамыз

                                   Кілең бестік болсын.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар бүгін сабағымыздың жартысында «Геолог» Қ.Сәтбаев аталарыңның өлеңімен таныстық.

-Сонымен елімізде қандай қазба байлықтары бар екен?

-Көмір, темір, мыс

-Геолог деп не істейтін адамдарды айтамыз?

-Қазба байлықтарын зерттейтін адамды геолог дейміз.

-Ал балалар ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім?

-Тоқтар Әубәкіров

-Ал, балалар сендер Т.Әубәкіров ағаларың сияқты батыр болғыларың келе ме?

-Онда бүгінгі сабақта ғарышқа саяхатқа шығамыз.

-Саяхатымыз Әсем Планета –Жерден, Байқоңырдан басталады. Біз бүгін осы сабақта «Жаңалық» және «Білгірлік» планеталарына барып қайтамыз.

а) Өткенді қайталау

        — Ғарышқа ұшуға дайынбыз ба?Оны тексеру үшін өткен ережелерді қайталап жіберейік.

— Сөйлем нені білдіреді?

— Сөйлем неден құралады?

— Сөйлемдер мағынасына қарай қалай айтылады? 

— Балалар ғарышка ұшуға дайынсыз ба?

— 9,8,7,6,5,4,3,2,1,0 Кеттік!

— Байқонырдан «Жаңалық» планетасына келіп калдық.

  1. Жаңа сабақ: мұғалім: Балалар осыдан елу жыл бұрын, әлемді таң калдырған адамзат ғарыш кенішіне еніп, аспанды зерттеп, адамның орындалмайтын арманын жүзеге асырған күн болды. Ол күн 1961 жылдың 12 сәуір еді. Біздің туған елімізден «Байқоныр» қаласынан тұнғыш рет Ю.А.Гагарин ұшты. (Суретімен таныстыру «Жаңалық» планетасында ғарышка тікелей катысы бар, қазақтын тұнғыш ғарышкерлерімен танысамыз. Ол кім?

— Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев.

Мұғалім: — Т.Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа ұшкан тұңғыш қазақ азаматы, Қарағанды облысыңда дүниеге келген. Осы ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Ал енді Т.Әубәкіров туралы сөйлемдер кұрастырайық.

Дәптермен жұмыс:

 1.Тоқтар ғарышқа ұшты.

  1. Т.Әубәкіров – ғарышкер.

Бұл екі сөйлемде хабарлы сөйлем.

Өзіндік жұмыс: 158 – жаттығу «Байқоңыр» (жай, лепті сөйлем)

Серіту сәті :

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық.

Қарлығаш боп ұнайық

Ұшып-ұшып, қонайық.

Оқулықпен жұмыс (мұғалім оқиды) «Ғарышқа ұшу)

Оқушылардың окуы:

Ойын: «Ойлан тап!» (орны ауыстырылып берген сөздерден сөйлем құраңдар)

1.Мекені, Байқоныр, ғарышкерлер.

2.Байқоныр, жерім, ғажап!

3.Мақтанышы, Тоқтар, ел!

.Қорытынды: Т.Әубәкіров кім?

                          Ғарышқа қашан ұшты?

                          Ол қай жерде дүниеге келді?

 Мұғалім: Бүгін сабаққа кім жақсы қатысты? Оларды нағыз батырлар, болашақ ғарышкерлер деп есептейміз.Тоқтар ағаларың сияқты батыр болындар! Ол үшін әрине білім керек.

5.Үйге тапсырма: 159 – жаттығу. «Кім болам» тақырыбына әнгіме жазу. 172-бет мәтін оқу.

 

 

Мұғалім туралы мәлімет

 

Аты – жөні: Абылаева Гауһар Мухамадалиқызы

Туған жылы: 1 маусым 1966 жыл

Білімі: Жоғары

1985 жылы М. Мәметова атындағы қыздар педучилищесін, 1994 жылы Қорқыт – Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.

Еңбек өтілі: 24 жыл

Санаты: І

Жетістіктері: 1998 жылы мектепішілік «Жыл мұғалімі» сайысы «Алғыс хат» 2003 жыл мектеп директорының «Алғыс хаты» 2009 жылы Мектеп директорының «Алғыс хаты» Курстан өткен жылы: Модульдік технология – 2007 жыл.

Зерттеу тақырыбы: Дидактикалық – танымдық материалдар арқылы шығармашылыққа баулу

 

12 жылдыққа даярлау – 2008 ж.

Жанұя жағдайы: 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Өмірлік ұстанымы: Ізденген жетер мұратқа.

Мекен – жайы: Қызылорда облысы Шиелі ауданы №41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектеп