Малды көктемде бағып күту.
Дүниетану
Тақырыбы: Малды көктемде бағып күту.
Мақсаты:
а) жаңа сабаққа оқушыларды белсенді қатыстыру,мәтін мазмұны, 4 түлік бойынша мағлұмат беру.
ә) әдет-ғұрып, салт дәстүрді бірге тәрбиелеу.
б) өлі –тірі табиғатқа қызығушылықтарын,қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: бүктемелер, демострациялық материалдар,сурет «Мал өрісі» шаблондар.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу жұптық жұмыстар
Түрі: ойын сабақ :
Барысы:
І Ұйымдыстыру: — Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз мал өрісінде өтеді:Сабақ кейіпкерлері – төлдер.
— Төлдің қандай түрлерін білесіңдер?
— бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.
ІІ. (Есік қағылады, Алдаркөсе келеді)
- Ассалаумағалуйкум, Алдаркөсе
- Уағалейкумассалям, балалар?
- Алдаркөсе өзінің қоржынын ала келіпті, сыйлықтары бар екен. Оларды алу үшін сабаққа қалай қатысуымыз керек.
Ойын: «Төлдерді өріске айда»
Мұғалім: — Мен сендерге төлдер суретін таратамын. Сыртында сұрақтар бар. Дұрыс жауап берген бала тақтадағы өріске апарып қояды.
Сұрақтар:
- «Бота» туралы тақпақ айт.
- Қошақанды суреттеп бер.
- Төлдерді сүйсініп не деп атайды.
- Төлдердің қимылын білдіретін сөздерді ата.
а) Оқулықпен жұмыс: (мәтін оқылып, сұрақ-жауап алынады)
ә) – Малды қалай бағып күтеміз?
— Мал мен жабайы аңның айырмашылығы.
— Үйден мал тіршілігі туралы әңгіме.
Сергіту сәті: Ән: «Төлдер»
б) Дәптермен жұмыс: түйе – бота, сиыр – бұзау, жылқы – құлын, қой-қозы, ешкі – лақ.
— Малға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
— Малды теппе,
— Малды басынан ұрма.
— Малға теріс мінбе.
в) «Төлдерді шақыру» ойыны
Мұғалім: — Балалар біз төлдерді өріске айдағанбыз. Енді оларды, қалай шақырамыз. Бота – көс-көс, құлын – құру-құру, қозы – пұшайт-пұшайт, лақ-шөре-шөре, Алдаркөсенің сыйлығын тапсыру.
- Үйге тапсырма: 91-бет, эссе «Төлдер»
- Қорытынды: пысықтау, бағалау.