Өзендер
Өзендер.
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері:
Білімділігі:Өзен және оның негізгі элементері,шоңғал-
дар мен сарқырамалар жайлы ұғым қалыптастыру,
жер бедері,тау жыныстары мен өзен ағысы сипаты-
ның байланысын түсіндіру,өзендердің суға молығуы
және өзенге сипаттама беру тәсілін меңгеру.
Тәрбиелілік:ізденімпаздыққа баулу,өзендерді
қорғауға,оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету.
Дамытушылық:Сөйлеу қабілетін дамыту, оқушыларды
топ болып жұмыс жасауға баулу,
,
Сабақтың мақсаты:Өзен, бастау, өзен арнасы, жайылма, өзен саласы,өзен сағасы, өзен аңғары, атырау,өзен жүйесі, өзен алабы,суайрық, сарқырамалар, өзендердің суға молығуы,су тасуы,тасқын,сабасына түсуі, өзен режимі ұғымдарын меңгерту.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, Плакат.
Пән аралық байланыс: әдебиет ,биология.
Сабақ түрі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер: жаңа сабақты көрнекіліктер арқылы меңгерту,топтық жұмыс,сұрақ-жауап,картамен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу,кабинеттің
Сабаққа дайындығы,оқушыларды тексеру.
II.Мақсат қою кезеңі-терең де,тиянақты сапалы түрде
Білім негізін үйрету,мағлумат беру.
III.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
IV.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.(ойын түрінде)
V.Бекіту кезеңі.
VI.Үйге тапсырма беру кезеңі.
VII.Сабақты қорытындылау кезеңі.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Оқушыларға жұмбақ айту арқылы сабақ тақырыбы белгілі болады.
Ирелеңдеген арқан, қуып жете алман. (Өзен)
Жоспар:1.Өзен бөліктері.
- Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.
- Шоңғалдар мен сарқырамалар.
4.Өзендердің суға молығуы.
5.Адамның шаруашылық қызметіндері өзендердің маңызы.
1)Жер бетінде өзендер көп.Олардың бірі жазықты бойлай кең жайылып,баяу ағады оны жазық өзені деп атаймыз. Екінші бірі тастан-тасқа секіре буырқанып,көбік шашып жатады,бұл- тау өзені.
жазық өзен тау өзені
Ө з е н
бастауы саласы сағасы
Қыраттың етегінен немесе тау шатқалының түпкір түпкірінен ағып шыққан бұлақ бірден көзге түсе бермейді.Бірақ су күні-түні тынбай шығып жатқандықтан,одан тұрақты ағыс,яғни жылға пайда болады.Ол өзеннің бастауы болады.Осымен өзен көлден немесе батпақтан да басталады.Биік таулы жерлерде өзен басын қар мен мұздықтың шетінен,еріген судан алады.
Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп атадады
Өзен жер бетінен еңістігіне сәйкес ылдиға қарай ағады.Оған жолшыбай басқа шағын өзендер келіп қосылады.Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер оның саласы болып табылады.Ағыс бағытына қарап тұрғаныңда оң қол жағың –өзеннің оң жағасы,сол қол жағың –сол жағасы болады.Осыған сәкес салалар да оң және сол болып бөлінеді.
Мысалы,Есіл өзені- Ертістің сол жақ саласы,ал Арыс-Сырдарияның оң жақ саласы.
Өзен көлге немесе теңізге барып құяды.Осымен бірге шөлді аймақта құмға барып сіңіп кететін өзендер де бар.Өзеннің құяр жері сағасы деп аталады.
Ө з е н
атырау аңғар арна жайылма
Өзендердің сағасына барғанда ағыс жылдамдығы төмендейді,содан онда тасқындар жинақталып өзен сағасы тармаққа бөлініп,яғни атырау пайда болады.
Өзеннің бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең әрі ұзынша ойыс алқапты бойлап ағады. Бұл – өзеннің аңғары.
Аңғардың табанындағы ойыс — арна деп аталады.
Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі – жайылма деп аталады.
Ө з е н
жоғарғы ағыс орта ағыс төменгі ағыс
Өзеннің бастауына жақын жағы –жоғарғы ағыс,саға жағы-төменгі ағыс,екецінің аралығы — орта ағыс болады.
Ө з е н
өзен жүйесі суайрықтар
шоңғалдар сарқырамалар
өзен алабы өзен режимі
Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды.
Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.
Өзен алқаптарын бір-бірінен бөліп жататын қыраттарды суайрықтар деп атайды.
Өзен арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.
Жартас өзен арнасын кесе көлденең алып жатса,су одан төмен қарай құлай ағып сарқырама жасайды.Мысалы.Анхел — 1054 м,Ниагара,Виктория,т.б.
Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеруі ерекшелігін өзеннің режимі дейді.
2)Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жер бедеріне байланысты.Мысалы ,Жоңғар алатауынан басталатын Қаратал өзені бас жағында тар шатқалды бойлап ағады.Таудан шыққан соң,өзен құмды жазықты басып ағады.Көлге жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп,ағысы баяулайды.Содан соң жайылып бірнеше тармақтарға бөлініп барып,Балқаш көліне құяды.
Тау өзендері беткейлері тік,жартасты тар аңғармен ағады.Мұндай тар аңғарды шатқал деп атайды.
Жазық жерлермен ағатын өзендер ағысы баяу келеді.Ондай өзендерге – Іле,Сырдария,Жайық,Есіл,Нұра жатады.
3)Өзен аңғарының кей жерлерде қопсыған ,жұмсақ құм,саз жыныстарынан тұрады.Ондай жұмсақ тау жыныстарынан тұратын жерді өзендер біркелкі шайып отырады.Ал кей жерлерде қатты кристалдық тау жыныстары кездеседі.Олар кейде судың бетіне шығып жатады,Осындай өзеннің арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.
Су шоңғалдардың үстінде ақ көбік шашып, сарқырай ағады.Өзен су тек шоңғалдардан өткеннен кейін ғана баяулап ,қайтадан бір қалыпты аға бастайды.Егер жартас өзен арнасын кесе –колденең алып жатса,су одан төмен қарай құлай ағып Сарқырама жасайды.
Жер шарындағы ең биік сарқырама- Анхель, ол Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінде.Оның биіктігі 1054 м. Екінші биік сарқырама – Африкадағы Замбези өзеніндегі Виктория, онда су 120 м биіктіктен құлап ағады.
Ал дүние жүзіндегі ең ірі сарқырамалар жүйесі Игуасу каскадтары болып табылады.Оның ені 2700 м,биіктігі 72 м. Онда 275 бөлек сарқырама бар. Ол Оңтүстік Америкадағы Бразилия мен Аргентина шекарасында орналасқан.
4)Өзендерге жер асты сулары,мұздықтар, жаңбыр,еріген қар суы қосылады.Бұл су көздерінің әрқайсысының үлесі өзенге су жиналатын алаптың климат ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Экватор маңынағы өзендердің молғуында жаңбыр суы басты орын алады. Оларға суы аса мол Амозонка мен Конго өзендері жатады (аталған өзендерді картадан табыңдар).Алабына жаңбыр барлық маусымда бір қалыпты жауатындықтан, бұл өзендердің деңгейі жыл бойы өзгермейді.
Қыста қар тұрақты жататын аймақтардағы өзендердің негізінен қар суы мен молығады.Биік тау басындағы мәңгі қар мен мұздықтардың етегінен басталатын өзендер сол еріген қар мен мұздың суымен молығады.
Өзендегі судың мөлшері жыл ішінде өзгеріп отырады.Ол өзеннің молығу сипатымен тікелей байланысты.Мәселен,қыстай жиналған қардың еріген суымен молығатын жазық жердің өзендері –көктемде, ал басын тау басындағы қар мен мұздың еріген суынан алатын өзендер жазда тасиды. Судың тасуынан тасқынды айыра білу керек.
Су тасуы — деп жыл сайын белгілі бір маусымында қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбейуін айтады. Бұл кезде өзен арнасынан ұзақ уақытқа шығып жайылады.
Ал өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуін —тасқын дейді.Тасқын нөсер жаңбырдан немесе таудағы қар мен мұздың күрт еруінен пайда болады.
Жазғы қуаң кезде өзен едәуір тайыздайды.Өзендегі судың ең төменгі күйін өзеннің сабасына түсуі деп атайды.Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгері ерекшелігін өзеннің режимі дейді.
5)Адамзат тарихының белгілі бір кезеңінде өзендер айрықша орын алған .Ең ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл,Тигр,Евфрат,Ганг,Хуанхэ,Янцзы өзендері бойында дамығандығы бізге тарихтан белгілі.
Көшпелі қазақ халқы да Еділ мен Жайықтың,Сырдария мен Ертістің ,Тобыл мен Есіл сияқты ірі өзендердің бойын жайлаған.
Әсіресе біздің заманымызда өзендердің шаруашылыққа маңызы өте зор.
Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді.Біздің елімізде Ертіс, Іле, Сырдария өзендерінде су электр станциялары жұмыс істейді.
Өзен кемелері жолаушы мен жүк тасымалдайды өзен суын зауыттар мен фабрикалар көп пайдаланады.
Су көп мөлшерде тұрмыс қажетіне жұмсалады.Жауын-шашын аз түсетін,құрғақшылық аудандарда көптеген өзендердің суы жер суаруға жұмсалады.
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.
Бекіту кезеңі : Жаңа сабақты бекіту мақсатында сыныпты алдын ала 3-топқа бөліп келесі тапсырма үйге беріліп жіберіледі.
1топ-Ертіс
2топ-Амозонка
3топ- Конго
1-тапсырма. Бәйге
Әрбір топ өзінің тобының атындағы өзен атауына сипаттама беру.
1.Географиялық орны (қай материкте орналасқан,қандай мұхит немесе теңіздің алабына жатады,бастауы,сағасы туралы мәліметтер.)
2.Ағысының сипаты (таулы,жазық)
3.Қай кезде тасиды?
4.Өзенде шоңғалдар мен сарқырамалар бар ма?
2-тапсырма.Түймедақ гүлінің суреті 3 түсте боялып,қиылып 3-топқа таратылады. Плакатқа 3 бәйшешек гүлінің суреті салынып тақтаға ілінеді. Әрбір топ төмендегі сұрақтарға жауапты сол гүлдердің жапырақтарына жазу арқылы тақтаға ілінеді,қай топ гүлді бірінші болып толдырады соны бағалаймын..
1)Өзен ағысына байланысты нешеге бөлінеді?
2)Қандай өзен ағыстары бар?
3)Өзен жүйесі дегеніміз не?
4) Аңғардың өзен тасығанда су басатын жерін не деп атаймыз?
5)Қандай ірі сарқырамаларды білеміз?
6) Өзендер суға қалай молығады?
7)Өзеннің режимі дегеніміз не?
8)Өзеннің саласы дегеніміз не?
3-тапсырма Алтын сақа
(Картамен жұмыс түрінде)
Әрбір топ кезек-кезек қоржыннан асықтарды алады,әрбір асықта бір сұрақ жасырынған соған,топ мүшелерінің бірі жауап беріп беріп картадан көрсетеді
1.Дүние жүзінің неше мұхит бар және оларды ата?
2.Дүние жүзінің неше материк бар және оарды ата?
3.Ніл өзеннін картадан көрсет?
4.Ертіс өзенінің картадан көрсет?
5.Жайық өзенін картадан көрсет?
6.Сырдария өзенінің картадан көрсет?
7.Амозонка өзенін картадан көрсет?
8.Конга өзенін көрсет?
9.Теңіздер нешеге бөлінеді? мысал келтір
10.Ең үлкен және ең кіші материкті көрсет?
11.Ең суық мұхит?
12.Ең суық материк?
13.Ең ыстық материк?
14.Ең үлкен арал?
15.Каспий теңізіне қандай өзен құяды?
.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру кезеңі:§44 Өзендер.
Оқушыларды бағалау.