Қытай. Үндістан
«Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
_____________________________
Қысқа мерзімді жоспар
№ | 05.05.2014 ж | География | 7-сынып «В» | |
Сабақтың тақырыбы | Қытай. Үндістан | |||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар топтық ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, Қытай мен Үндістанның табиғат жағдайы мен табиғи ресурстарының жіктелуі, халқының құрамы, шаруашылығы туралы білімдерді меңгерту. | |||
Оқу нәтижесі | Қытай мен Үндістанның географиялық орнын анықтай отырып, олардың табиғат жағдайларының әр түрлілігін; Табиғат ресурстарының жіктелуін; Екі елдің халық санының көбею себептерін; Елдердің шаруашылығының дамуын; Жоғарыда аталғандарды өзбетімен меңгеріп, түсініктерін қалыптастырып, географиялық мазмұндағы таным-түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттармен байланыстыра алады. | |||
Сілтеме | 7-сыныпқа арналған оқулық «Материктер мен мұхиттар географиясы» Алматы «Атамұра» 2012 ж; қосымша ақпараттар; интернет | |||
Тапсырмалар | Топтық тапсырмалар: «Бедерлер», флипчартпен жұмыс, адасқан объектілер, топтастыру Жеке жұмыс: Тест, геодиктант, картамен жұмыс. | |||
Сабақта қолданылатын материалдар | Топтық тапсырмалар, дүние жүзінің саяси картасы, компьютер, интер.тақта, қағаздар, маркерлер, стикерлер, т. б. | |||
Қамтылатын модульдер | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу Оқытуды басқару және көшбасшылық | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушылардың іс әрекеті | ||
І | Ұйымдастыру 2+1=3 мин | Оқушылармен ынтымақтастықты қалыптастыру, миға шабуыл жасау сұрақтары және соған сәйкес суреттер арқылы топқа бөлу.Топ басшысын сайлау. | Оқушылар Қытай, Үндістан және Қазақстан елі деп, 3 топқа бөлінеді. Оқушылар топ басшысын сайлайды. | |
Сәлемдесу Сәлемдесу жаттығуы. Біз сіздермен әлем халықатрының әртүрлі амандасу тәсілдерімен амандасатын боламыз. Ол үшін 4 топқа бөлініп шеңбер құрайық. 1-топ, «замбезилік», 2-топ «солтүстік африкалықтар», 3-топ «үндістандықтар», 4-топ «қытайлықтар» болып амандасады. Замбези-қол шапалақтап, отырып тұрады. Солт.Африка-қолын маңдайына, ерініне, төсіне қояды. Қытай-иіледі. Үндістан-екі алақанын бір-біріне тигізіп, маңдайының тұсына қояды. | Оқушылар берілген жаттығуды орындау арқылы көңілдерін көтеріп, сабаққа белсенділігі артады. | |||
ІІ | Үй тапсырмасы 1+(4*1) =5 мин | «Гүл сыйлаймын» Бұл кезеңде гүл ұстаған оқушы басқа топтың оқушысына гүлді беріп сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді де, ары қарай жалғастырады. 1 топ 2 топ 2 топ 3 топ 3 топ 4 топ 4 топ 1 топ
| Оқушылар мәлімет беріп, топ арасында сұрақ беріліп, жауап алады. | |
Сергіту сәті 3 мин | «Массаж» тренингі Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрып, «Диқаншы ата» әңгімесінің сюжетімен бір-бірінің арқасына массаж жасайды. | Тренинг арқылы оқушылар сергіп, жаңа тақырыпқа дайындалады. | ||
ІІІ
| Жаңа сабақ 3 мин
5+(3*2)=11 мин
3 мин
4 мин
3 мин
| Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында «Бедерлер» ойыны ойналады. Ойын шарты бойынша ұяшықтардың артына суреттер жасырылады. Соны топтар саудаласу арқылы ашады. Бастапқы ұяшық 7-ден басталады. | Оқушылар ұяшықтарды ашу арқылы суреттерді көріп, жаңа тақырыпты ашады.
| |
Постер қорғау Жаңа тақырып бойынша 3 топқа тапсырма беріледі. Сол бойынша постер қорғалады. 1-топ: Қытай мен Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстары. 2-топ: Қытай мен Үндістанның халқы. 3-топ: Қытай мен Үндістанның шаруашылығы. | Оқушылар топпен бірігіп берілген тапсырма бойынша постермен жұмыс жасайды. Тақтаға шығып, топ мүшелері бірігіп тапсырмасын қорғайды. | |||
Жұбыңды тексер Бұл кезеңде оқушыларға тест сұрақтары таратылады. | Тест сұрақтарына жауап белгілейді. | |||
Адасқан объектілер Тақтада географиялық оьъектілер мен атаулары орындары шатастырылып беріледі. Дұрыстарын сәйкестендіру керек. | Оқушылар тақтада берілген тапсырмаға мұқият зер салып, адасқан объектілерді біріктіреді. | |||
Геодиктант Оқушылардың барлығына геодиктант таратылады. Бүгінгі тақырып бойынша мәтін беріледі. Мәтіннің кейбір сөздері қалып қойған, оқушылар қалып қойған сөздерді жазады.
| Геодиктантпен жұмыс жасай отырып, керекті мәліметтерді естеріне түсіреді. | |||
ІV | Бекіту 7 мин | Топтастыру Тақтада тақырып жазылады. Оқушылар тақырып бойынша не білгендерін тақтаға жазады. | Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін тақтаға жазады. | |
V | Бағалау, Кері байланыс 2 мин | Бағалау бетшесі арқылы өздерін бағалайды. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? | Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Сабақ туралы пікірлерін айтып стикерге жазып жапсырады. | |
VI | Үйге тапсырма 1 мин | «Ұлы Қытай қорғаны» мен «Тәж-Махал» туралы мәлімет әкелу. Қытай мен Үндістанды кескін картаға түсіріп келу. | Дәптерлеріне жазып алады. | |