Шоқан Уалиханов «Абылай»
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уалиханов «Абылай»
Сабақтың мақсаты : Білімділік: Ұлы күрескер бабамыз Абылайдың тарихи тұлғасын таныту .
Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, өз халқының тарихын білуге және оның мақсат-мүддесіне сызат түсірмей қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Еліміздің тұңғиық тарихын дамыта отырып, оқушы тілін, сөйлеу мәдениетін дүниетаным шеңберін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Абылай портреті, теледидар кадрлар, сөзжұмбақтар, тест сұрақтары, Шоқанның кітабы, схема, тірек сөздер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.
Сабақтың түрі: Білім дағдысын қалыптастыру қалыпты сабақ.
Сабақтың жүрісі:
- Ұйымдастыру
- Үй жұмысын тексеру.
Мағжан Жүмабаевтың «Өткен күн» өлеңі туралы.
- 2 оқушы мәнерлеп оқиды.
- 1 оқушы мазмұнын айтады.
Қалған оқушыларға тест сұрақтарын беріп, сол бойынша жауаптарын тексеремін.
Тест сұрақтары
Сөзжұмбақ шешу
1.Өлеңдегі алты алашқа белгілі атақты Ақан сері (шөже)
- Шығармадағы атақты ақын?( Орынбай )
- Абылайдың шешімімен Дарабоз аталған батыр? (Қабанбай)
- Өлеңдегі ер сұлтан?( Абылай)
- Қазақстандағы өзен атауы? (Нұра )
Сөзжұмбақтың шешуі: Шоқан
Шоқан Уәлиханов- қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы.
Шоқан Уәлихановтың «Абай» атты мәтінімен таныстыру. Орыс энциклопедиясына есімі енген Абылай кім?
- Ол туралы не айта аласыңдар?
- Әбілмансұр (2 сынып)
- «Қазақ қалмақ тыныштығы болсын»( 3 сынып )
- Ендеше,бүгінгі біздің өтетін мәтініміз де жоғарыдағы мәтіндермен байланысты.
- Мәтінді теледидардан кадрларды жүргізе отырып, түсіндіремін.
Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді оқушылар іштей жүргізіп оқу кезегінде сөздік жұмысы түртіп алу жүйесі бойынша жүзіледі.
- Таукымен-ауыртпалық, бейнет, азап.
- Қонтайшы-жәңгір ханы.
- Ақ киізге көтеру-
Мәтін бойынша тапсырмалар
- Мазмұн желісін қысқаша айту.
- Жоспар құру.
- Мәнерлеп оқиды.
Мұнда 1 абзацты оқиды, неше абзацтан тұратынын ауызша айтады.
- Әңгіменің мазмұн желісін еске түсіріп , проблемалық ситуация тудыруға сұрақтар қою.Неге Абылай заманы дейді?
Оқушылар батырлар туралы жаттаған өлеңдерін оқиды.
- Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу.Т. Отан сүю.И: Ата-бабаларымыздың өткен тарихын, қазақ халқын рухын ұғындыру.
- Дәптерге: соғыс болған жер аттарын жаздыру.
Мысалы: Абылай алаңы , Абылай асқан, Аңырақ сұмқайтты.
Елді, жерді, Отанды сүйетіндігінің іспен дәлелде. Ата-анасың сыйлаған шәкірт сабағын жақсы оқиды.Шаруагер, әділ, адал болып өседі.Іс деген осы, патриотизм осыдан басталады.
- Оқушылардың ойларын талдау.
- Қорытынды.
Әңгіменің мазмұны бойынша өткен сыныптардағы мәтіндерді еске түсіріп, оқушылардан басты кейіпкер туралы білетіндерің тізбектеп тақтаға жаздырамын.
Тәуелсіздік туралы айта келе, өлең жолдарымен аяқтаймын.
Абылай хан атқа қонған күн қандай,
Дұшпанның ауызына құм құйғандай!
Тәуелсіз ел болғаныңда қазағым.
Мәңгі қолда ұстай біл деп тұрғандай.
Отаршылыққа қарсы Абылай өсиетін қылышынан қан тамған Қызыл империяға қарсы Ербол, Ләззат, Қайрат сынды желтоқсаншылар әрекеті еліміздің көгінде тәуелсіздік туының желбіреуіне әкелді.
Үйге тапсырма:
Мәтін мазмұнын айту.
Абылайға мінездеме жазу.
Жақсы оқитын оқушыларға:
«Адам ерлік жасауды жоспарлайды. Ерлікті туғызатын сәт болады.Адам ер атанайын деп ерлік жасамайды.Асыл парызын орындап, атаққа ілінеді» деген тірек сөздер арқылы өз ойларын білдіріп жазып келу.
Оқушыларды бағалау.
(Карточкаға)
Жетібай 2012 ж