Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар.
Алматы облысы Ескелді ауданы
Мектепке дейінгі шағын орталықты
Жетісу орта мектебінің
география және биология пәндерінің мұғалімі
Болысбекова Жарқынай Қыдырбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға елдердің түрлері мен халықаралық ұйымдар туралы жалпы мағлұмат беру.
- Оқушыларды оқулық, атласты пайдаланып, дағды іскерлігін қалыптастырып, өз бетімен ізденуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып шығармашылыққа баулу.
- Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топқа бөлу арқылы
деңгейлеп оқыту, сыни тұрғысынан дамыту әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің саяси картасы, кесте-
сызбалар,оқулық, атлас,бағалау парағы, интерактивті тақта, компютер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың тегі: іздену сабағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Жаңа сабақты меңгерту.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма беру.
- Бағалау.
- Үй тапсырмасын сұрау сұрақ- жауап арқылы.
- Саяси карта дегеніміз не ?
- Саяси картадағы өзгерістер туралы не білесің ?
- Саяси картаның қалыптасуы неше кезеңнен тұрады ?
- Саяси картадағы жаңа, ең жаңа кезең туралы не айтасың ?
- Бүгінгі сабағымыздың Қазақстанмен қандай байланысы бар ?
- Жаңа сабақ. 1. Оқушыларға тақырыпты айтып, сабақтың мақсатымен,
өту барысымен таныстыру, топқа бөлу.
- Кестемен жұмыс. Кесте- сызба нұсқа бойынша дүние жүзі елдері
туралы түсінік беру (интерактивті тақтада көрсетіледі).
Дүние жүзінің саяси картасының объектілері
| |||||||||
Тәуелсіз мемлекеттер
| Тәуелді аумақтар | ||||||||
монархиялар
| Республикалар
| отарлар | протектораттар | Мандаттық аумақтар | Шалғайдағы департаменттер мен аймақтар | Ассоциалық мемлекеттер | |||
абсалюттік
| теократты | конституциялы | президенттік | парламенттік | |||||
Мемлекеттік құрылым түрлері
| |||||||||
федерациялы унитарлы
| |||||||||
- Топтастыру тәсілімен (сыни тұрғысынан дамыту әісі) оқулықты
қолдана отырып оқушылар өздері «Халықаралық ұйымдарды»
интерактивті тақтада ашу.
- Үш топұа тапсырма беру. Кітаппен жұмыс.
1- топ. Тәуелсіз мемелекеттер туралы.
2- топ. Тәуелді аумақтар туралы.
3- топ. Халықаралық ұйымдар туралытөмендегі тапсырмаларды орындау.
Істелінетін жұмыс
| 1- топқа | 2- топқа | 3- топқа |
1- тапсырма ВЕНН диограмасы
| Монархия мен Республиканың ұқсастығы мен айырмашылығы | Отарлар мен Протектораттардың ұқсастығы мен айырмашылығы | ЮНЕСКО мен ФАО- ның ұқсастығы мен айырмашылығы |
2- тапсырма
ауызша
| Абсалютті теократты конституциялы монархиялар мен Президенттік Республикалар туралы түсініктерін ортаға салу | Мандаттық аумақтар мен Ассосациялық мемлекеттер туралы түсініктерін ортаға салу | БҰҰ қашан құрылды. Штаб пәтері, мақсаты мен міндеттері туралы сұрау |
3- тапсырма
Картамен жұмыс
| Федерациялы, унитарлы туралы түсініктерін сұрау. Екі унитарлы.екі федеративті мемлекетті картадан көрсету | Шалғайдағы департаменттер мен аймақтар туралы ойын айтып, ол елдерді картадан көрсету | ОПЕК. Мұнай ұйымының құрылу уақыты, штаб пәтері, міндеті, оған мүше елдерді картадан көрсету |
- Деңгейлік тапсырма. Картамен жұмыс.
1- деңгей
1.Дүниежүзі елдерін географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай топтастыру.
2.Картаны және оқулықты пайдалана отырып, алып жатқан аумағы бойынша ең үлкен елдерді картадан тауып көрсету.
« Егер мен президент болсам » ой – толғау.
2- деңгей
- АҚШ, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Жапония елдерінің ұқсастығы неде ?
2.Төмендегі аталған елдердің қайсысы республикалық басқару түріне жатады Болгария, Полша, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Сауд Арабиясы.
3 –деңгей
- Төмендегі аталған елдердің қайсысы Федерациялық әкімшілік,
территориялық құрлысы бар елдер ? Ұлыбритания,Куба, АҚШ,
Франция, Үндістан, Бразилия.
- Бкеіту: 1- топ. Тесті орындайды.
- Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қатарына қанша ел мен
аумақ жатады ?
а. 300 б. 415 в. 267 г. 191
- Дүние жүзінің тәуелсіз мемелекеттерін мемелекеттік құрылымы бойынша монархиядан басқа неге бөледі ?
а. федерациялы б.республика в.унитарлы г. теократты монархия
3.2000- жылғы санақ бойынша қанша тәуелсіз мем-р бар ?
а. 215 б. 361 в. 191 г. 217
4.Монархиялық мемлекеттерде жоғарғы өкімет билігі кімнің
қолында ?
а. президент б.кароль в. парламент г. хан
5.Қай монархиялық мемлекетте мемлекет басшысы дін қызметін атқарады ?
а. теократтық . в. унитарлы б. абсалюттік г. федерациялы
6.Мына елдердің қайсысы тәуелді аумақтарға жатады ?
а. Малайзия в. Бруней б. Нигерия г. Мартиника
7.1919 жылы құрылған Ұлттар Лигиясы қай жылы өз жұмысын
Тоқтатты ?
а. 1945 в. 1939 б. 1925 г. 2004
8.БҰҰ- ға 2000 ж. қанша мемлекет мүше болды ?
а. 188 в. 190 б. 119 г. 215
9.Аргентина қандай мемлекет ?
а. монархиялық в. федерациялы б. унитарлы г.тәуелсіз
10.БҰҰ- ның бас хатшысы Бас Ассамблея қанша мерзімге
тағайындалады ?
а. 4 жыл в. 6 жыл б. 5 жыл г. 7жыл
Тестің жауабы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
в | б | В | б | а | г | в | а | в | Б |
2- топ. Суретті сөзжұмбақты орындайды.
(Суретті сөзжұмбақты шешкенде Тәуелді мемлекет деген сөзшығады.)
3- топ. Сөзжұмбақты орындайды.
1.Әкімшілік- аумақтық құрылыстың түрінің бірі.
2.1994 жылы аралық қандай республика пайда болды ?
3.1948 жылы 38 с. е. қандай республика пайда болды ?
4.БҰҰ- ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымның атын ата.
1.Дүние жүзінде жер көлемі жағынан 9- орынды алатын мемлекет.
2.Бангладештің астанасы.
3.БҰҰ- ның штаб пәтері.
4.Біз қандай мемлекетпіз ?
Бағалау парағы
Тапсырма
Топ
| 1 | 2 | 3 | Қорытынды баға |
1- топ
| ||||
2- топ
| ||||
3- топ
|
Бағалау. 1. Үй тапсырмасын жеке- жеке бағалау.
2.Жаңа сабақты « бағалау парағы » бойынша әр топ жетекшісі
бағалайды.
Үйге тапсырма: 1. Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар.
- Абсалютті монархиялы елдерді кескін картаға түсіру.
- БҰҰ мен Қазақстан арасындағы байланыстар туралы
хабарлама дайындау.