Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері

 

     Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері

     Пәндік мақсаттар: Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысының типтері туралы білім беру. Қазақстанның топырақ жамылғысы және олардың таралу ерекшеліктері туралы білім кеңестігін кеңейтуге жол ашу. Топырақ жамылғысының қалыптасуының климаттық жағдайларға тәуелділігін түсіндіру. Өз өлкемізде таралған топырақ типтерін туралы білімдерін толықтыру.

     Даму стратегиясы шегіндегі мақсаттар: Оқытылатын пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету, елтанымдық білімін кеңейту, білім беруді тұлғаның дамуына бағыттай отырып, оқушылардың интеллектілік мәдениетін, зерттей білу мәдениетін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

     Оқытудың әдістәсілдері: сұрақ-жауап, өткенді қайталау арқылы ой жаңғырту, іздестіру әдісі, картамен жұмыс, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері.

     Оқыту құрал-жабдықтары: Қазақстанның физикалық картасы, топырақ картасы, атлас, кескін карталар, сызбалар.

 

Сабақтың барысы

 

     Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын бақылау. Сынып оқушыларын түгендеу.

 

     ! Үй тапсырмасының орындалысын тексеру:

  • Топырақ дегеніміз не?
  • Топырақ құрушы факторларды атаңдар.
  • Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?
  • Топырақтың механикалық құрамына нелер жетеді?
  • Құрылымды топырақ деген қандай топырақ?
  • Өз өлкеміздің топырағы туралы не білеміз?

 

     Жаңа оқу материалын үй тапсырмасымен байланыстыра отырып, келесі бір топырақ туралы білімдерін кеңейте түсу.

 

Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86 %-ын алып жатыр.

 

қара топырақты зона

 

 

Қазақстан аумағында таралған негізгі топырақ типтері

 

 

қара қоңыр топырақты зона

 

 

қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона

 

 

 

Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін қамтиды. Қара топырақты зона еліміздің аумағының 25,5 млн га жерін (9,5 %-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона 3 зона аралығына бөлінеді:

қ а р а   т о п ы р а қ т ы   з о н а

 

 

 

 

сілтісізденген қара топырақ

 

кәдімгі қара топырақ
дала зонасында

таралған

орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана жерді алып жатыр

 

қуаң даланың қара топырағы
дала зонасының оңтүстігінде таралған

 

 

 

 

Қара қоңыр топырақты зонасы қара топырақты зонаның оңтүстігінде таралған.

қ а р а   қ о ң ы р  топырақты зона

 

 

шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі
қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі
қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі

 

 

 

 

 

Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақты алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым болып келеді. Топырақтың бұл типі 120 млн га жерді, республика жерінің 44%-ын  алып жатыр. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,2 %).

т о п ы р а қ   э р о з и я с ы
с у   э р о з и я с ы
              ж е л   э р о з и я с ы

Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың апаты – топырақ эрозиясы.

 

 

 

 

Топырақтану институттарының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер 80 млн гектардан астам немесе республика аумағының 26 %-ы. Оның 52 млн гектары жел эрозиясына, 17 млн-нан астамы су эрозиясына  бейім.

 

 

 

 

эрозиямен күресу шаралары

 

агротехникалық шаралар
көлденең жырту, қар тоқтату, жерді қайырмасыз соқамен жырту
гидротехникалық шара
арықтар мен каналдардың су өткізбейтін бетондалған…
мелиорация шаралары
жыра, сай, өзен жағаларына ағаш, бұта отырғызу.

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау: Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты қорытындылау.

Сабақтың түйін сөзін анықтау.

Бағалау: «Бір-бірімізді бағалаймыз» әдісімен бағалау, сараптау.

Үйге тапсырма: § 36 оқу, картамен жұмыс, кескін картаға түсіру.