Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары

№30

Күні:23.12.2013                       Сыныбы: 9А

Сабақтың  тақырыбы.

 Сабақтың  мақсаты: §29-30 Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары

  • Білімділік: Қазақстан территориясында  машина  жасау  өнеркәсібінің  орналастыруда  негізге  алынатын  факторлар  туралы  түсіндіру.
  • Тәрбиелік: отансүйгіштікке баулу, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу
  • Дамытушылық: картамен жұмыс  жасау, өз  бетінше тапсырмалар  орындауға  дағдыландыру

Сабақтың  түрі: Дәстүрден тыс

Сабақ  типі: аралас  сабақ

Сабақ  әдісі: картамен  жұмыс, өз бетінше  тапсырмалар  орындау, тест

Көрнекілігі:  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  картасы

Сабақ  барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылармен  амандасу, олардың  сабаққа  қатысын  тексеру. Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару.

Үйге  тапсырманы  тексеру.

Машина жасаудың экономикадағы рөлі, оның құрылымы, мамандануы және кооперативтендіру.

Тест:

  1. Өнеркәсіп  өнімдері  арасындағы  машина  жасау  кешені  өнімдерінің  үлесі:

А) 1%     Ә)50%    Б) 40%    В)4%     Г)60%

  1. Қорғасын зауыттарының азаматтық  өнімдер  шығаруға  түрленуі:

А)прогресс      Ә)депрессия   Б)конверсия   В)мамандану    Г)кооперация

  1. Өнім түрлеріне мамандану:

А)технологиялық  мамандану        Ә)бөлшектік  мамандану

Б)жүйелік  мамандану     В)қызметтік  мамандану        Г)бұйымдық  мамандану

  1. Егер зауыт жылдамдықты  өлшегіш  құрал  шығарса, бұл  қандай  мамандануға  жатады? А)технологиялық  мамандану        Ә)бөлшектік  мамандану

Б)жүйелік  мамандану     В)қызметтік  мамандану        Г)бұйымдық  мамандану

  1. Машина жасаудағы технологиялық  процестің  бірінші  кезеңі:

А)құрастыру    Ә)дайындау    Б)өңдеу     В)бояу       Г)сынақтан  өткізу

Сенің  көзқарасың:

Дүние  жүзінде  халқының  өмір  сүру  деңгейі  жоғары, бірақ  машина  жасайтын  өндірісі  жоқ  елдер  бар (Сауд  Арабиясы, Біріккен  Араб  Әмірліктері, Кувейт). Олар  барлық  қажеттіліктерді  мұнай  сату  арқылы  өтейді.Мүмкін  Қазақстанға  да  сондай  ету  керек  шығар. Сен  қалай  ойлайсың?

Жаңа  сабақ:

Жоспар:

  1. Ауыр  машина  жасау  саласы
  2. Химиялық  және  мұнай  машина  жасау  кәсіпорындары
  3. Көлікті  жасау  туралы  түсінік
  4. Теміржол, кеме, авиациялық  машина, электротехникалық  машина  жасау  өндіріс  орындары.

 

Қазақстан  машина  жасау  өнімінің  2/3  астамын  3  негізгі  орталық  береді: Астана, Алматы, Өскемен.Ірі  аймақатар: Солтүстік  Қазақстан, Оңтүстік  және  Шығыс  Қазақстан  ерекшеленеді.

Машина  жасау  кешендерін  орналастыру  ерекшеліктері:

  • металлургия орталықтарына  жақын  орналастырылады.
  • Тұтынушыға жақын  орналастырылады.
  • Жол торабы  бойында орналастырады.
                                               Ауыр  машина  жасау
ҚарағандыШахаталарды  бекітуге  арналған  құрастырма, көмір  қазатын  машина, вагонетка, бу  қазандықтары
­ӨскеменТүсті  металлургия  кәсіпорындары  мен  кен  байытуға  арналған  құрал  жабдықтар
ПавлодарКран
АлматыТМД  бойынша  мыстан, болаттан  сымдар  жасайтын  прокатты  станок  шығарады
Химиялық  және  мұнай  машина  жасау
АлматыМұнай  және  газ  сақтайтын  алып  резервуар, цистерналар, үлкен  тереңдіктен  мұнай  өндіруге  арналған  насостар
Петропавлүлкен  тереңдіктен  мұнай  өндіруге  арналған  насостар
АтырауНасостарды  қозғалысқа  келтіретін  тербелмелі  станок
Ақтөбе, ӨскеменҚұбырларды  бекітетін  жабдықтар  шығаратын  арматура
Көліктік  машина  жасау

Тәуелсіздік  алған  соң  пайда  болған  жаңа  сала, әзірге  құрастырушы  кәсіпорындар  болып  саналады. Елдегі  көптеген  машина  жасау  зауыттары  оларды  бөлшектерін  шығарумен  айналысады.

Өскемен«Азия  Авто»  кәсіпорыны- нива, Шкода, Шевроле, Киа  құрастырады.
ҚостанайКорейлік  жеңіл  автомобильдер
КөкшетауЖүк  автомобильдері, Камаз  құрастырады.
СемейДЭУ  компаниясымен  бірлесіп  автобустар  құрастырады.
Теміржол  машиналарын  жасау
АстанаАҚШ-пен  бірлесіп  тепловоздар  шығарады.
ШуШағын  тепловоздар  шығарады.
ЕкібастұзКөмір, кен  тасымалдайтын жүк  вагондар  шығарады.
ПетропавлАстық  тасымалдайтын  вагондар  шығарады.
СтепногорПодшипник  зауыты  еліміздің  локомотив  және  вагон  шығаратын  зауыттардың  қажетін  қамтамасыз  етеді.
                                                              Кеме  жасау
Ораләскери  кемелер  шығару  бағытында, жылдам  жүретін  ракета  катерлері
Каспий (Баутино)Кеме  жөндейтін  азаматтық  кеме  жасау  құрылуда
Құрықта

болашақта

Толық  масштабты  верфь  салу  жоспарлауда.
Авиациялық  машина  жасау
ҚазақстандаТУ  маркалы  Ресей  ұшақтарына  жекелеген  бөлшектер  шығарады
Астана«Еурокоптер»   әскери  тікұшақтарын  шығарады.
Қарағанды«Фермер»  деп  аталатын  шағын  ауыл  шаруашылығы  ұшақтарын  шығаратын  зауыт  құрылған
ПавлодарТрактор  зауыты «Қазақсельмаш»
Астана«Целинсельмаш» трактор  зауыты
СемейБелорусь  тракторлары  құрастырылады.
Қостанай«Есіл  астық  жинау»  комабайндары  шығарылады
ПетропавлТеледидар
АлматыТеледидар, компьютер
Электротехникалық  өндіріс
ТалдықорғанАвтомобиль  аккумуляторы
ӨскеменКонденсатор
КентауТрансформатор
Алматытөменгі  вольтті  аппаратура: электр  есептегіш, сөндіргіштер
АқтөбеРентген  аппаратурасы, автомобильдік  флюрографиялық  зертханалар
КөкшетауОттегімен  дем  алу  аппаратуралары
Қорғаныс-өндірістік   кешен

Ұлттық  «Қазақстан  Инжиниринг»  компаниясы  құрамында

ПетропавлЖаппай  атылатын  «Найза  ракеталық  жүйесі»
СемейБронетанктық  техника
АлматыБарлық  соғыс  кемелерінің  құрал-жабдықтары
Астанаәскери  тікұшақтар

 

Өз  бетінше  жұмыс:

Оқулықтың  222  бетіндегі  1-2  тапсымаларды  өз  бетінше  орындау.

  • беттегі тест  тапсымасын  орындау.

Картамен  жұмыс:Оқулық  мәтінімен  жұмыс  жасай  отырып:

1)автобус; 2)жүк  машинасын  құрастыру; 3) рентген  құрал  жабдықтары;4)троллейбус  шығаратын; 5)астық  жинайтын  комбайндар  өндірісі  бойынша; 6)мұнай  құралдары; 7)тау-шахталық  құрал-жабдықтар  зауыттары  орналасқан  қалаларды  картаға  түсіру.

Білімді  бекіту:

  1. Машина  жасау  өнеркәсібін  не  себепті  ерікті  орналасу  саласына  жатқызады?
  2. Машина  жасау  зауыттарын  орналастыруға  қандай  факторлар  әсер  етеді?
  3. Қазақстандағы  келешек  машина  жасау  өнеркәсібін  қалай  елестетесің?
  4. Консервациялау, бұйымдық, тетіктік, бөлшектік, технологиялық  мамандану  деген  не?

Үйге  тапсырма:
§29-30 Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары  оқу.

Сабақты  қорытындылау, оқушыларды  бағалау,