«Жер – ортақ үйіміз»
Ключевой орта мектебі
География пәні мұғалімі: Құмаров М.Қ
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Жер – ортақ үйіміз»
Сайыс сағат
Мақсаты:
- Білімділік: жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың алған білімдерін бекіту, тереңдету.
- Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін арттыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік: табиғатты қорғауға тәрбиелеу, топта жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекіліктер:
- «Күн жүйесі» плакат «Табиғат көрінісі»
- Қабырға газеттері – 2
«Жер табиғатын аялайық» , «Жер – тіршілік бесігі»
- Глобус, карта
- Табиғат туралы нақыл сөздер.
- Сұрақты жұлдызшалар.
Сайыс сағаттың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушылар, жанкүйерлер және әділ-қазылар алқасы біз бүгін «Жаратылыстану» әлеміне саяхат жасау үшін сайыс сағатын өткізгелі отырмыз.
Сайысқа қатысушылар: 5 «A» сыныбынан «Жер» тобы,
6 «А» сыныбынан «Күн» тобы келіп отыр.
«Табиғат дегеніміз – бұл кітап, яғни, оның әрбір беті өзінің мағынасымен маңызды. Бұның өзі табиғатта болып жатқан құбылыстарды әрбір адам білу керек екенін білдіреді» – деген екен ұлы ойшыл Гете, яғни, бүгінгі сайыстың мақсаты жаратылыстану пәнінен алған білімімізді жүйелеп, қорытындылау және баға — лау. Баға беруге әділ-қазылар сайланады.
1-сайыс. Топтардың өзін-өзі таныстыруы( топ аты, ұраны, эмблемасы, сайысқа дайындығы, топ жетекшісі)
2-сайыс. Үй тапсырмасы.
Әр топтың қабырға газетін қорғауы.
1-топ «Жер табиғатын аялайық»
2-топ «Жер – тіршілік бесігі»
3-сайыс. «Жұлдыздар ұшқыны»
Сұрақ-жауап сайысы, жұлдызшаларда әр топқа арналған сұрақтар берілген.
4-сайыс. Топ жетекшілері сайысы.
1-топ.
- Африка – материк.
- Сатурн – планета.
- Комета – құйрықты жұлдыз.
- Жердің үлгісі – глобус.
- 365 күн – бір жыл.
- Гидросфера – су қабаты.
- Көктем — жыл мезгілі.
2-топ.
- Атлант – мұхит.
- Жетіқарақшы – жұлдыз.
- Юпитер – планета.
- 24 сағат – 1 тәулік.
- Т. Мұсабаев – ғарышкер.
- Ауа қабығы – атмосфера.
- Метеорит – ақпа жұлдыз
5-сайыс. «Сөз жұмбақ шешу»
Әр топ дайындаған сөз жұмбақтарын бір-біріне шешуге ұсынады.
Сөз жұмбақ сұрақтары:
- Қазақстандағы ірі өзен. (Ертіс)
- Ең жарық ғаламшар. (Шолпан)
- Қазақстандағы ірі көлдердің бірі. (Балқаш)
- Ең ыстық материк. (Африка)
- Мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірленген бөлігі. (Шығанақ)
- Шығыс Қазақстандағы қорық. (Марқакөл)
- Күн жүйесінде ең алыста орналасқан ғаламшар. (Плутон)
Қорытынды: сайыстың нәтижесін шығару
2013-2014 оқу жылы