Ауа қысымы және желдер

ясы

Сабақтың тақырыбы: Ауа қысымы және желдер

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың міндетіü Білімділік: Оқушыларға ауа қысымының таралуы, маңызы, жел және олардың түрлері туралы мағлұмат беру.

 

ü Дамытушылық: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше кесте толтырту,  атластан кескін картаға түсірту, тірек-конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуальдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту.
ü Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, талапты болуға, инабатты, тапқыр, адамгершілікке, табанды, патриоттық сезімге, дүниетанымдық көзқарасын кеңейтуге, саяси-идеялылыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, экономикалық және экологиялық көзқарасқа, эстетикалық және әдептілік сауаттылыққа т.б. баулу.

Сабақтың түрі:           тарих пәнімен сабақтасқан құпиялы саяхат сабағы,

Сабақтың тегі: жаңа сабақ, жаңа сабақты бекіту, аралас сабақ,

Сабақтың әдісі:    проблемалық, көрнекілік, тірек-конспектілік, дамыта оқыту, саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың тәсілі:  жалпы сыныппен, топпен, жеке оқушымен

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивтік тақта және электронды тапсырмалар, суреттер, қосымша мәліметтер т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, физика, химия, биология, әдебиет, информатика, дене тәрбиесі т.б

С А Б А Қ Т Ы Ң     Б А Р Ы С Ы

  1. Ұйымдастыру

А)    амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалап, сабақты бастау

Оқушылар бүгінгі сабағымыз алдағы келе жатқан тәуелсіздік күніне арналған. Сонымен қатар біздің сабағымыз құпиялы саяхат сабақ десекте болады. Себебі біз бүгін әр тапсырманы орындай отырып тарихты жасырып тұрған парақ сырын бірінен соң бірін тарқататын боламыз. «Тарихты жасырған парақ»  сырын біз кезекті тапсырманы орындаған жағдайда ғана  аша аламыз. Олай болса бүгін сыр ашылмай қалмасын, іске сәт!

Ә)    Аннаграмма «Р»-ді шешкенде ауа райын анықтайтын құралдардың аты шығады.

  1. Ауаның температурасын өлшейтін құрал.
  2. Ылғалдылықты өлшейтін құрал
  3. Ауа қысымын өлшейтін құрал
ТЕРМОМЕТР
ГИГОМЕТР
БАОМЕТР

 

Тарих беттеріне үңілейік. Бұдан мыңдаған жылдар бұран осы күнгі қазақ жерінде пайда болған адамдар бірте-бірте руларға бірікті. Бір-біріне кәсібі ұқсас, тілдерін түсіне алатынрулар тайпа болып қосылды. Қазақ халқының қалыптасуы сонау ежелгі дәуірден басталып, ХV ғ аяқталды. Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек пен Керей болды. Жәңгір ханның баласы кең байтақ Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, жақсарту мақсатында әсіресе, қазақтың бірлігін сақтау үшін үш жүзге би тағайындады. Ұлы жүзге Әлімбекұлы Төле би, орта жүзге Келдібекұлы Қазбек би, кіші жүзге – Байбекұлы Әйтеке би

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

 

1) тест

  1. Қазақстан климатына әсер етпейтін ауа массасы

а) арктикалық                       б) тропиктік

ә) қоңыржай              в) экваторлық

  1. Ауа райының көпжылдық қайталануы?

а) циклон                              б) климат      

ә) фронт                                 в) радиация

  1. Қазақстан қай климаттық белдеуде орналасқан

а) тропиктік                          б) қоңыржай

ә) субтропиктік                                в) теңіздік қоңыржай

  1. Қазақстан аумағына теңіздік ауа массасы қайдан келеді?

А) Солтүстік Мұзды мұхиттан                  б) Каспий

ә) Атлант                                                                  в) Тынық

  1. Бұл ауа массасын кейде иран ауасы деп те атайды.

А) континенттік тропиктік             б) арктикалық

ә) теңіздік қоңыржай                                   в) экваторлық

 

2)  Кім тапқыр?

ә)  . Ауа өте мөлдір, құрғақ болады. Бұл ауа солтүстіктен, көбінесе қыста енген кезде Қазақстанда антициклонды ауа райы орнайды.

 

б) Бұл ауа массасы материктің орта ендіктерінде қалыптасады. Қазақстанда оның екі типі қалыптасады: теңізді және континенттік.

 

в) Бұл ауаның келуі жазда байқалады. Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды.

3) кестелермен жұмыс

а)  Күн радиациясының түрлері туралы кестені толтыр

 

 

 

 

 

 

 

Ә) ауа массалары туралы кестені аяқта

Ауа массаларының типтеріҚайда қалыптасады?Ауа райына әсері
Бұл ауа массасы Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады
Батыстан келетін бұл ауа ағындары республикаға түсетін жауын-шашынның көбін әкеледі.
.Қазақстан аумағында ұзақ уақыт тұрақты қоңыр салқын ауа қасиеттеріне ие болады
Ол ауа ыстық, құрғақ және қапырық болады, сонымен бірге дауылдар жиі қайталанады.

 

 

Бүгінгі сабағымыздың шарты бойынша келесі тарих жасырып тұрған сыр сандығымызды ашайық:

            Қазақ халқының жері ежелден кең байтақ, байлыққа толы болғандықтан көршілері көз алартып келді. Қазақ халқының дүрбелеңге толы жылдарының бірі аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қалың халық оңтүстікке қарай босты. Осы кезде Қазақ хандығына мықты одақтас ел керек болды. Кіші жүз ханы Әбілхайыр 1730жылы Ресей империясының ұсынысын қабылдап, олардың қоластына бодан болып қосылды. Осыдан кейінгі Қазақ хандығының оқиғасын келесі сыр сандығымыздан білеміз.

Үй тапсырмасын қорытындылау

«Ия / жоқ»

ТАПСЫРМАИя/жоқ
1Қазақстан — қоңыржай климаттық белдеудің солтүстігінде.Жоқ
2Тынық мұхит Қазақстан климатына әсер етпейдіИя
3Қазақстан климаты шұғыл континенттіИя
4.Атлант тан келетін ауа – континенттік деп аталады.Жоқ
5Тропиктік ауа массасы Жамбыл, Алматы облыстарын қамтиды.Ия
6Қазақстан климатына Атлант, Солтүстік Мұзды мұхиттары ғана әсер етеді.Жоқ

 

            Келесі сандық сыры:

Қазақстан Ресей құрамына кіргеннен кейін де жағдайы жақсара қойған жоқ. Патшалы Ресейдің қыспағына шыдай алмаған бұқара халық қолдарына қару алып ұлт-азаттық күреске шығады. Осы жолда халықты Сырым  Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет аталарымыз  бастау болды. Бірақ та Ресей империясынан босап шығу оңайға түспеді. 1931 жыл – жаппай ашаршылақ, 1937-38 жж. жазалау  жоңғар шапқыншылығынан кейінгі жауыздық еді.   Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар – 103 мың адам, атылғандар – 25 мың.

 

Жаңа тақырып

ТСН-1

Климат қалыптастырушы факторлар

1. атмосфералық қысымның таралуына

2. ауа массаларының сипаты мен бағытына

3. соғатын үстем желдерге ықпал етеді

Ауаның горизонталь бағыттағы қозғалысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТСН-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТСН-3

50° с.е. «Воеков» белдеуі – желайрық

қыста солтүстігінде —  оңтүстік ж/е оңт.батыс желі; оңтүстігінде – солтүстік ж/е солт. шығыс желдері

жазда – желдердің жылдамдығы баяулайды.

ә с е р і

ауа массаларын қозғалысқа келтіреді

жылу-суық, ылғал әкеледі  т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТСН-4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келесі сыр сандығымызға үңілейік:

            1941-45 жылдардың қаралы оқтары қаншама қыршынды өмірден қиып өтті. Ер жүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір кісідей аттанды, қаһармандықпен қаза тапты. Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк…

Ия бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді тәуелсіздік үшін ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың өжеттігін ұлтшыл, бетімен кеткендік қылып көрсетіп, қаншама қан төгілді, яғни 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.

 

Жаңа сабақты бекіту

  1. ҰБТ-да кездесетін тест-сұрақтары
  1. Воейков белдеуі қай ендік бойынша өтеді? (50 с.е.)
  2. Ебі желінің жылдамдығы қанша ? (60-80 м/с)
  3. Қазақстанға антициклондық ауа райын әкелетін ауа массасы (арктикалық)
  4. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған ғалым (Ш.Уалиханов)
  5. Қазақстан жерінде, қыста Сібір антициклоны орнаған кезде соғатын жел (Қордай)
  6. Жоңғар қақпасы арқылы соғатын желдер (Ебі, сайқан)
  7. Сайқан желі қай айларда соғады? (қыркүйек, сәуір)
  1. Кестені толтыру
Жел аттарыПайда болатын орныСипаттамасы
Тау аралық

 

Ебі

 

Сайқан

 

Шілік

 

Арыстанды-Қарабас

 

Қордай

 

Мұғалжар

 

 

 

Сыр сандық құпиясы

             Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – тәуелсіз ҚР-сы келді. Кеше мәңгі Мұзтау көрінетін Кеңестік Компартия елеске айналып, көппартиялық жүйе дүниеге келді. Қазақстан тұңғыш рет өз Конституциясын қабылдады.

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеу де Қазақстан елдігін

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар

Елің алды егеменді теңдігін.

 

Оқушыларды бағалау

Сабаққа қатынасқан оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру

1) § 22 оқып келу

2) тақырып соңындағы сұрақ тапсырмаларға назар аудару.

3) Берілген сөздерді пайдаланып қысқаша әңгіме құрастыр:

Жер бедерінің әр түрлілігі, жоғарғы қысым, төменгі қысым, аймақтар, жел, ауа массаларының алмасуы.

Қорытынды

 

Оқушылар бүгін сендер ауа қысымы және желдер туралы мағлұмат ала отырып, тарих беттеріне де саяхат жасадыңдар. Алдағы келе жатқан тәуелсіздік күні құтты болсын.

Жаса, жайна, өрле менің кең далам,

Жайлауыңды қорғап жүрер әр балаң.

Бүгін әлсіз, ал күштісің сен ертең.

Сол үшін де жүре берме арқалан, — деп мен бүгінгі сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтайық.