«Материктер мен аралдар»
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектептің география пәнінің І санатты мұғалімі Қарабасова Дина Дәлубайқызы
Тақырыбы: «Материктер мен аралдар»
Сыныбы: 5 «а»
Мақсаты: Білімділік: Материктер, аралдар ұғымымен, ғаламшардағы материктер санымен таныстыру. Картадан материктерді таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен танып ізденуге, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың белсенділігін арттыру. Картамен жұмыс жасауға, өз бетімен ізденуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: ауызша. Сұрақ – жауап, картамен жұмыс, Венн диаграммасын толтыру.
Түрі: Аралас
Көрнекілігі: Жарты шарлар картасы, кескін карта, глобус, тірек – схемалар.
Пәнаралық байланыс: Тарих
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Сұрақ – жауап:
- Жердің ішкі құрылымына қандай қабаттар жатады? (Жер қыртысы, мантия, ядро)
- Литосфера дегеніміз не? (Жердің қатты қабаты)
- Жер қырттысының қай бөлігінде оның қалыңдығы жоғары? (Жер қыртысының қалыңдығы біркелкі емес. Таулы аудандарда 80 шақырым, мұхит табанының астында 6-8 шақырым).
- Жердің ішкі қабатының қалыңдығы? (2900км)
Жаңа сабақ.
Жоспары:
І. Материктер.
а) Материктер ұғымы.
ІІ. Аралдар.
а) Аралдар ұғымы.
б) Аралдар түрлері.
Еуразия – ең үлкен
Африка – ең ыстық
Солтүстік Америка – Солтүстікке жақын
Материк
Оңтүстік Америка – ең ылғалды
Аустралия – ең кіші
Антарктида – мұз жамылған
Материктік
Аралдар Маржандық
Вулкандық
Бекіту сұрақтары
- Материк дегеніміз не? Ғаламшарымызда неше материк бар?
- Картадан ірі аралдарды тап.
- Архипелаг дегеніміз не?
Адасқан объектілерді табу
- Құрлықтың жан – жағын мұхиттар Маржандық
мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлігі.
Жанартаулық арал.
- Біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығы. Материктік арал.
- Аралдар шығу тегі біртекті болып Архипелаг.
топтасып орналасуы.
- Материкке жақын, бұғаз арқылы бөлініп жатуы. Материк.
- Вулканның әсерінен пайда болса. Рельеф.
- Тілі организмдердің әсерінен пайда болуы.
Толғаныс бөлімі
- Кескін картамен жұмыс. (Материктер мен аралдарды картаға түсіру)
«Ең, ең» ойыны
- Ең үлкен материк (Еуразия).
- Ең кіші материк (Аустралия).
- Ең ыстық материк (Африка).
- Ең үлкен арал (Гренландия).
- Ең ылғалды материк. (Оңтүстік Америка)
- Ең үлкен мұхит. (Тынық).
Венн диаграммасын толтыру
Материк Ортақ белгілері Арал
Жаңа сабақты қорытындылау
Insert әдісі
Білетінім | Білдім | Білгім келеді |
1. Материк
2. Арал
|
Үйге тапсырма: §16 «Материктер мен аралдар».