СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
Тақырыбы: СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
Мақсаты: Солтүстік Қазақстан туралы мәлімет беру және алған білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы тексеру.
Оқыту әдістері: СТО- топтастыру, талдау; проблемалық сұрақтар туғызу, ізденушілік, ақпараттық алмасу, көрнекіліктер.
Ұйымдастыру: топтық
Сабақ түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалдарды меңгеру.
Стратегиялар:
- «Миға шабуыл».
- Картамен топқа бөлу.
- «Мен, сен, біз».
- «Ойлан, жұптас, бөліс».
- Карусел
- «Буреме».
- Рефлексия
Оқу құралдары: Солтүстік Қазақстанның экономикалық, физикалық картасы, электрондық оқулық.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақ барысы:
Өмірге қажетті ақпарат
| Шаруашылық, өнеркәсіпте. |
Пәнішілік байланыс
| Жер есурстар, ауыл, мал шаруашылықтар. |
Пәнаралық байланыс | Биология, химия, экономикалық география |
Қосымша ақпарат
| Басқа аймақтармен байланысын ашу. |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Ұйымдас-тыру
| Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. | Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.
| Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, оларды шешу жолдары.
| Батыс Қазақстан –Батыс Қазақстан аумағына Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысы. Аумағы 737мың км 2; Халқы 2537 мың адам. Еліміздің жалпы аумағының 26%-ын жер ресурсы құрайды, оның 19% -ы ауыл шаруашылық, 95 жайымдылық жерлер болса, тек 5% -ы егістік және шабындық жерлер. Ауыл шаруашылық жерінің бұлай бөлінуі аудан климатының құрғақшылығы мен су ресурсының жетіспеуіне байланысты. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3. Жаңа материалға көшу кезеңі.
| СҚ-ның ЭГЖ және табиғат жағдайы.«Ойлан, жұптас, бөліс». Солтүстік Қазақстан аумағына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстары кіреді. Аумағы 566мың км 2; Халқы 3720 мың адам. Шаруашылығының маманданған салалары: агроөнеркәсіп кешені ( жаздық бидай, етті-сүтті мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі), теміррудасы, көмір өндіру.Табиғат жағдайының қолайлылығы аумағының барлық жерінде егіншілікпен және мал шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіншілік береді. Табиғат ресурстары: Солтүстік Қазақстан минералды ресурстарға бай. Сондықтан да өнеркәсіпті дамытуға мүмкіншілігі бар. Жалпы жер ресурсының 90% -ы ауыл шаруашылығына қолайлы болса, оның 61% -ы жайылым, 37% -ы% -ы егіншілікке пайдаланылады. Солтүстік Қазақстанның барлық жерінде құрылыс материалдары кездеседі – тас, саз, кварц құмы, отқа төзімді саз,әктас т.б. Ауыл шаруашылығы: Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан — еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қара топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығының дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) жазықтық бидай. Аймақта сүтті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын жайылымдық жне шалғындық жерлер де мол. Қалалар. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда 23 қала мен 12 кент бар. Мұнда еліміздің маңызы бар және еліміздің астанасы – Астана қаласы орналасқан. Ақмола облысының құрамында облыстық дәрежедегі екі қала бар, олар-Көкшетау мен Степногорск.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі. | География тобы: 1-тапсырма: Солтүстік және Батыс Қазақстанның экономикалық –географиялық жағдайын салыстыр . Жоспар бойынша. А) Қазақстанның экономикалық аудандарына байланысты аумағының орналасуы. Ә) Ірі су қоймаларымен өзендеріне байланысты орналасуы. Б) Пайдалы қазбалардың кен орындарына байланысты орналасуы.
Химиктер тобы: 2-тапсырма: Солтүстік Қазақстан қандай табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілген? Мәтінді, атласты пайдаланып, кестені толтыр.
| Батыс Қазақстан — Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндегі өлке. Портты облыс. Батыс аймақ Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары және экономикасы дамыған Орал мен Еділ маңы (Ресей) аудандарымен шектеседі. Теңіз көлік жолы бар жалғыз аудан. Теңіз арқылы Иран, Әзірбайжан және Ресейғе шығады. Солтүстік Қазақстан — Ресейдің Орал және Батыс Сібір экономикалық аудандарымен шектеседі. Ірі теміржолы магистралі өтеді. Торғай үстірті, Қазақтың ұсақ шоқысы және Солтүстік Қазақстан жазығы орналасқан. ә) БҚ-ең суы мол және кеме қатынасына жарайтын жалғыз өзен –Жайық. Су қоймасы-Бітік, Қарғалы, Киров, Дөңгелек. Каспий теңізі. С Қ-ірі СҚ-Сергеев су қоймасы. (Есіл өзені, ауданы-117км2), Қостанайдағы-Тобыл су қоймасы(Тобыл өз.-87,4км2). б) БҚ —Мұнай, газ, хром, никель. Жер қойнауында – темір, марганец, т.б; Құрылыс мат.-әктас, гипс т.б Орал, Ембі(Доссор, Мақат,Құлсары)-мұнай-газ. СҚ- минералдарға бай. Көмір-Екібаст.б; темір кені-Қостанай. Құрылыс мат.-тас, саз, әктас, т.б…..
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Биологтар тобы: 3-тапсырма: Мәтінді, атлас карталарын пайдаланып, егістік жер үлкен болған сайын, жалпы астық жинау мөлшері де жоғары болады деген заңдылықты дәлелде. Егістік жер аумағын ұлғайтпай – ақ, астық жинаудың мөлшерін көтеруге бола ма? Жауаптарыңды негізде.
Этногрофтар тобы: 4-тапсырма:Бұл қай қала? Неге олай ойлайсың? Қаланы сипатта. 1. Шағын қала. Мұнда Васиьков кен –байыту комбинаты жұмыс істейді. 2. Қала есіл өзенінің жағасында орналасқан, ауыл шаруашылығы машиналарын шығару дамыған. 3. Қаланың экономикалық дамуына қолайлы ЭГЖ, көмірдің, мыстың, алтынның мол қоры ықпал етеді. Алюминий зауыты бар. 4. Қала темір мен асбесттің кен орындарын игерудің нәтижесінде дамыды.
| 3. Кластер
(толық сипаттама бере алуы тиіс)
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі | «Буреме». ……………………… барамын ……………………… бағамын. ……………………… қазамын ………………………. көремін.
| Оқушылар СҚ-ның табиғатын, ресурстарын, шаруашылығын қосып жазуы керек.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6. Бағалау. |
Бағалау шкаласы: «5» — 17 — 20 балл (100%-89%) «4» — 14 — 16 балл (75%-88%) «3» — 10 — 13 балл (50%-74%) «2» — 0 — 9 балл (50%-дан төмен )
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7. Үйге тапсырма беру | 1. Солтүстік Қазақстан туралы эссе құрастыру. 2. Тапсырмаларды аяқтау.
| Эссе жазу. |
1-тапсырма:
Талдау.
1.Сұрақтың типі-күрделі көптік таңдау.
2.Құзыреттілік-сипаттау, анықтау, мысалдармен түсіндіру.
3.Мазмұны- СҚ-ның ЭГЖ, шаруашылығы, ресурстары, қалалары.
4.Қолдану салалары- экономикаға, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпте.
5.Контекст- тұлғалық.
6.Күрделілік деңгейлері- 5
2-тапсырма:
Талдау.
1.Сұрақтың типі- көптік таңдау.
2.Құзыреттілік-сипаттау, анықтау, мысалдармен түсіндіру.
3.Мазмұны- СҚ-ның ЭГЖ, шаруашылығы, ресурстары, қалалары.
4.Қолдану салалары- экономикаға, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпте.
5.Контекст- тұлғалық.
6.Күрделілік деңгейлері- 3
3-тапсырма:
Талдау:
1.Сұрақтың типі-толық жауап.
2.Құзыреттілік-сипаттау,болжау , талдау.
3.Мазмұны- СҚ-ның ЭГЖ, шаруашылығы, ресурстары, қалалары.
4.Қолдану салалары- экономикаға, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпте.
5.Контекст- тұлғалық(личностный)
6.Күрделілік деңгейлері- 3
4 -тапсырма:
Талдау:
1.Сұрақтың типі-толық жауап.
2.Құзыреттілік-сипаттау,болжау , талдау.
3.Мазмұны- СҚ-ның ЭГЖ, шаруашылығы, ресурстары, қалалары.
4.Қолдану салалары- экономикаға, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпте.
5.Контекст- тұлғалық(личностный)
6.Күрделілік деңгейлері- 2