Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына кіруі.

БҚО, Сырым ауданы

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп

Жайманова Жасылана Ерболатқызы

Мамандығы:  Тарих және география

ІІІ деңгейлі сертификатталған тарих пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына            кіруі.  /10-сынып/

Жалпы мақсаты: Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы туралы оқып үйрену.

Күтілетін нәтижелер:

* Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылу себебін біледі.

* Әбілхайыр хан туралы мәліметтерді жинақтай алады.

* Ресейге қосылудың  тиімді және тиімсіз жақтарын ажыратып, өзіндік баға береді.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Керекті жабдықтар: Оқулық,  интерактивті тақта, маркер, флипчарт, стикер, бағалау, рефлексия  парақтары, АКТ интернет желісі,

Сабақ өту барысы:

Кіріспе кезеңі  5 минут

Оқушылармен сәлемдесу

Психологиялық тренинг: «Досыңа тілеген тілекті қасындағы адамына тіле» сыныпта оқушылар бір – біріне тілек айтады.

Топқа бөлу. Мозайка әдісі арқылы 3 топқа бөлу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Тұсаукесер кезеңі 5 минут 

  1. Кіші жүздің Ресейге қосылу тарихы туралы өткен 8 сыныптағы оқығандарыңызды еске түсіріңдер.
  2. Кіші жүздің Ресейге қосылуына басшылық жасаған кім?
  3. Әбілхайыр хан туралы не білесіздер ?

Негізгі бөлім   15 минут

1-тапсырма.

Жаңа тақырыпты «Джиксо әдісі» арқылы түсінеді, талдайды. Постермен жұмыс.

1-топ Кіші жүздің Ресей құрамына қосылудың алғышарттары мен себептері

2-топ Әбілқайыр ханның және төңірегідегілердің Ресейдің қол астына өтуді қабылдауы.

3-топ Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы топтар бірін – бірі өзара бағалайды.

 

2- тапсырма.

Қазақ хандығының  Ресейге қосылуының тиімді және тиімсіз жақтарын топта талқылап ажырату.

Қорытынды

10 минут

«Он сұрақ» әдісі арқылы сабақты қортындылау. Бір оқушы таңдап алынып, оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикер жапсырылады. Қатысушы сыныпқа қойған 10 cұрағына «ия», «жоқ» деген жауап алу  арқылы жауабын табады.

Бағалау

5 минут

Рубрикатормен жұмыс.(Бағалау парағында көрсетілген тапсырмаларды орындау арқылы жұптық бағалау жүргізеді).

Рубрикатор.  Сабақта алған білімді тексеру

Ø  Картамен жұмыс.

Қазақстанның  ХҮІІІ ғ Қазақстанның ХҮІІІ ғ  30-40жж Ресей империясының құрамына енген аумағын көрсет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Ø  Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіргеннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралыққа дейінгі жылдарды
сәйкестендіру.

1)   1731 – 1917 жжҚазақстан кеңестік жүйе кезеңінде
2)   1917 – 1991 жжҚазақстан Ресей империясының отары
3)   1991 – 2011 жжҚазақстан кеңестік жүйе кезеңінде

Бағалау дескрипторлары

КритерийлерБілім жетістіктерінің деңгейіДескрипторларӨзін – өзі бағалауСыныптасының бағалауы
А  

Мах 3 ұпай

1Қазақстанның Ресей империясының құрамына енген аумағын білмейді.
2Қазақстанның Ресей империясының құрамына енген аумағын жартылай біледі
3Қазақстанның Ресей империясының құрамына енген аумағын толық біледі
В

Мах 3 ұпай

1Картаны қолдана алмады
2Картаны жартылай қолданды
3Картаны қолдана алды
С

Мах 3 ұпай

 

1Қазақстанның ресей империясы құрамын кіргеннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты сәйкестердіре алмады
2Қазақстанның ресей империясы құрамын кіргеннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты жартылай сәйкестердіре алды
3Қазақстанның ресей империясы құрамын кіргеннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты сәйкестердіре алды

 

Ұпайларды бағаға айналдыру.

Жинаған ұпайлардың қосындысыБаға
8-9«5»
5-7«4
2-4«3»
0-1«2»

 

Рефлексия

3 минут

Мен білдім……

Мен үшін жаңалық……..

Мен үшін қиындық……..

 

Үйге тапсырма Әбілхайыр хан туралы. (эссе).