Тасымал. Қазақстан – Республикам менің
Ана тілі
Тақырыбы: Тасымал. Қазақстан – Республикам менің. 72-73 жаттығулар.
Мақсаты:
а) Еліміз, жеріміз туцралы мағлұмат беру, 5-6 буынды сөздердің тасымалдану жолдарын ұғындыру. Буындық дыбыстық талдау жасау.
ә) Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Танымдық логикалық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: авторлар портреті, бүктемелер, рәміздер, Астана суреті.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу, ән-музыка.
Түрі: жарыс сабақ.
І. Ұйымдастыру:
Үлкен де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Сізге сәлем береміз.
Құрметпенен біз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Бүгін еліміз туралы қандай жаңалықтар білесіңдер?
- Бүгін, яғни 25-ақпан күні «жалпы ұлттық санақ басталды. Ол 10 күн болып 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында ел-елдер, жер-жерлерде жүргізілді. Бұл санақ жалпы еліміздің әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, денсаулығын нығайтуға көмегін тигізеді.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ойтолғау»
Мұғалім:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Желбірейді туымыз.
Бұл қай ел – балалар!
Оқушылар: Қазақстан
Мұғалім: — Олай болса, біз бүгін ақын Д.Әбілов аталарыңның (1907 ж. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген) «Қазақстан Республикам менің» өлеңін өтеміз.
Қазақстан – біздің Отанымыз.
Қазақстан – кең байтақ ел. Бізде достығы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқы- ержүрек, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстан елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты ел.
а) Оқулықпен жұмыс. 86-бет (мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру)
ә) Оқушылардың оқуы (парта бойынша, тізбектей оқу)
б) Дәптермен жұмыс: 72-жаттығу.
Теміржолшылар:
Те-мір-жол-шы-лар
Теміржол-шылар
Теміржолшы-лар
Те-міржолшылар
Кітаптарымыз
Кі-тап-та-ры-мыз
Кітап-тарымыз
Кітапта-рымыз
Кітаптары-мыз
в) Сергіту сәті: Хор: «Отан»
г) 73-жаттығу. «Ауызша» (дәптермен жұмыс)
жа-ңа-лық, те-ңіз-ші, қо-ңы-рау.
Пысықтау: — Қазақстан рәміздеріне нелер жатады?
(әнұран, елтаңба, ту)
- Қандай өлең-тақпақ білеміз?
1 – оқушы:
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
2 – оқушы:
Құт-береке, шаңырақ
Орын алған ол төрден.
3 – оқушы:
Айнымайды, аспаннан
Біздің тудың бояуы.
4 – оқушы:
Көк байрақтың бетінде
Бала өседі талапты.
- IV. Үйге тапсырма:
Өлең «Қазақстан – Республикам менің» (мәнерлеп оқу)
(эссе «Менің Отаным»)
- V. Қорытынды:
Сабақ негізінде сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып бағаланады.