Географиялық белдеулер және зоналар
Күннің жады ______ Сыныбы 10 Пәні География
Сабақтың тақырыбы Географиялық белдеулер және зоналар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік беру міндеті:
— оқушыларға жердегі тіршілік түрлері, географиялық қабық, географиялық қабықтағы зоналық заңдылық туралы мағлұматтар беріп, жер шарының табиғат зоналарының орналасуы, құрылымы мен заңдылықтары және биосфераны қорғау шаралары, проблемаларына тоқталу
Дамытушылық міндеті: — оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша, өз бетінше кесте толтырту, тірек-конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға, интерактивтік тақтамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: — саяси-идеялылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, экономикалық және экологиялық көзқарасқа, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге, дүниетанымдылыққа, т.б. баулу
Сабақтың түрі: интерактивтік сабақ,
Сабақтың тегі: үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақ, жаңа сабақты бекіту,
Сабақтың әдісі — проблемалық, тірек-конспектілік,
Сабақтың тәсілі: жалпы сыныппен, жеке оқушымен,
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивтік тақта: тірек-сызбалар, суреттер; оқулық бағалау парағы, үлестірмелі тапсырмалар, т.б.
Пәнаралық байланыс тарих, химия, биология, әдебиет,
Қолданылған әдебиеттер:
«География және табиғат» журналы, «45 минут» журналы, Электронды оқулықтар, интернет материалдары
Сабақтың жоспары
- Ұйымдастыру
— амандасу
— тиімді орналастыру
— сабақ барысын түсіндіру
— қызығушылықты ояту
- І бөлім
— ой қозғау
— тірек-сызбалармен жұмыс
— Мәнжазбаны қорғау
— Графикалық бақылау
— ғажайып шаршылар
- ІІ бөлім
— ой қозғау
— жаңа сабақ
— сергіту минуты (аннаграмма)
— бекіту (тапсырмалар)
— ҰБТ-де кездесетін сұрақтар
- ІІІ бөлім
— бағалау
— үйге тапсырма беру
— қорытындылау
Сабақтың барысы
- «Ұйымдастыру»
Мақсаты: Оқу үрдісінде оқушылардың іс әрекетін тиімді ұйымдастыру, сабаққа қызығушылығын ояту, оқу үрдісіне өзіндік іс әрекетпен қатысуға бағыттау
Түрі: бүкілсыныптық Әдісі ауызшы әңгімелесу, жұмбақ шешу Уақыты 4минут
— Оқушылармен амандасып, сабаққа қатынаспаған оқушыларды белгілеу.
— бағалау парақтарын таратып, түсіндіру (1 партада отырған оқушылар бірін-бірі бағалайды)
— Интерактивтік тақтадан сабақ жоспарымен таныстыру.
— Интерактивтік тақтада жұмбақтар берілген, оқушылар солардың жауабын табулары қажет.
- Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды
Сақтамасаң егерде
Барша тірлік қурайды (су)
- Он екі айдың біреуі,
Мына менің атымда
Деп, жар салып жүреді. (көкек)
- Жүйрік өзі тұлпардан, ұшқыр өзі сұңқардан
Күні түні жүйткиді, кең далада бір тарлан (жел)
- Үлкен-үлкен түйені,
Тастапты атам шөгеріп.
Өркешті бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп (тау)
- І бөлім
Мақсаты: кесте, сызба, графикалық бақылау арқылы оқушы білімін тексеру, білімдерін қайталау, білім деңгейін анықтау,
Түрі:өз бетінше Әдісі сызбаларды аяқтау, дидактикалық тапсырмалар Уақыты минут
Сызбаларды қорғау
ТСН-1; ТСН-2; ТСН-3; ТСН-4; ТСН-5; ТСН-6; ТСН-7;
Мәнжазбаны қорғау
Мақсаты: Оқушылардың қосымша ізденіп, дайындап келген жұмыстарын тексеру
Түрі жеке оқушымен жұмыс Әдісі оқушы жауаптарын тыңдау Уақыты минут
Мәнжазба тақырыптары
- Жергілікті жердің мәдени ландшафты
- Жергілікті жердің табиғи ландшафты
Графикалық бақылау.
Мақсаты: кесте толтыру арқылы оқушы білімін тиянақтау, тез жауап беру, есте сақтау қабілеттерін арттыру
Түрі: өзіндік жұмыс Әдісі кесте толтыру Уақыты минут
Бос торкөздерге сәйкес жауаптардың реттік номерін белгіле
Тапсырма | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Литосфера | 3 | 5 | 10 | 13 | 20 |
Атмосфера | 1 | 7 | 11 | 17 | 19 |
Гидросфера | 2 | 6 | 12 | 15 | 18 |
Биосфера | 4 | 8 | 9 | 14 | 16 |
- изобара 2. гейзер
- Мұғалжар 4. ноосфера
- үгілу 6. гидрология
- муссондар 8. фауна
- Қызыл кітап 10. химиялық үгілу
- аномометр 12. саға
- Гималай 14.тіршілік қабығы
- Алмаарасан 16. В.И. Вернадский
- тропопауза 18. бұғаз
- радиация 20. платформа
Ғажайып шаршылар
30 | 30 | 30 |
40 | 40 | 40 |
50 | 50 | 50 |
- Оң жақтағы 30 — Биосфера туралы ілім қашан пайда болды ? (1926 ж)
- Сол жақтағы 30 — Географиялық қабық құрамын атаңдар (ауа, су, тіршілік қ. Литос.)
- Ортадағы 30 Ең ірі табиғат кешені (гео қабық)
- Оң жақтағы 40 — Географиялық қабықтың шекарасы
- Сол жақтағы 40 — Географиялық қабыққа тән басты заңдылықтарды атап беріңдер
- ортадағы 40 зоналық заңдылықты дәлелдеген ғалым? (В.В. Докучаев)
- Оң жақтағы 50 — Биологиялық айналым деген не?
- Сол жақтағы 50 – Ырғақтылық құбылысына мысал келтіріңдер (жердің айналуы т.б.)
- Ортадағы 50 — Біртұтастық заңдылығын ескермеген жағдайда белгілі бір жерде болатын өзгерістерге мысал келтіріңдер
- І бөлім
Мақсаты:
Жалпы географиялық заңдылықтар туралы білімдерін дамыта отырып, географиялық белдеулер мен зоналар туралы мағлұмат беру
Түрі: бүкілсыныптық, Әдісі интерактивті тақта арқылы жаңа сабақты түсіндіру Уақыты минут
ТСН-1
Сергіту минуты.
Мақсаты: Оқушылардың бір сәт жеңіл ойын арқылы (сабаққа байланысты) дем алдыру Түрі Бүкілсыныптық Әдісі «Аннаграмма» (сөз құрастыру)
Уақыты 2 мин Берілген әріптерден оқушылар ұйқасын табады.
1 | лықаноз | Зоналық |
2 | тікбикі | Биіктік |
3 | дранут | Тундра |
4 | манор | Орман |
5 | лада | Дала |
6 | гатай | Тайга |
7 | тейлөш | Шөлейт |
8 | лалдығы | ылғалды |
Бекіту
Мақсаты: Оқушылардың жаңа материалды игергендерін анықтау
Түрі Бүкілсыныптық Әдісі сұрақ-жауап Уақыты 7 мин
№ | ТАПСЫРМА | Ия/жоқ |
1 | Дүниежүзілік мұхит суларына да зоналық заңдылық тән | Ия |
2 | Антарктикалық мұзды шөлдер қоңыржай белдеуді алып жатыр | Жоқ |
3 | Прерий – Солтүсті Америкадағы орманды дала зонасы | Ия |
4. | Орманды тундра – орман мен тундраның арасындағы өтпелі зона | Ия |
5 | Шөл зонасы – экваторлық белдеуде орналасқан | Жоқ |
6 | Тундра зонасында климат өте қатал, күшті желдер жиі соғады. | Ия |
7 | Тауларда ендік зоналық заңдылығы тән | Жоқ |
8 | Гилея – субтропиктік дала зонасы | Жоқ |
Картамен жұмыс
- Суық белдеулаерге тән зоналарды атап, картадан көрсетіңдер
- Қоңыржай белдеуде қандай табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі?, Оларды картадан көрсетіңдер
- Сахара шөлі қай белдеуде орналасқан картадан көрсетіңдер
- Амазания ормандарын картадан көрсетіңдер
- Гималай тауларын картадан көрсетіңдер
- Жерорта теңізін картадан көрсетіңдер
- Экваторлық ормандарды картадан табыңдар
- Тропиктік белдеудің табиғат зоналарын тауып, картадан көрсетіңдер
- Қазақстан қандай табиғат зоналарында орналасқан, картадан табыңдар
- Биіктік белдеулік байқалатын тауларды көрсетіңдер.
ҰБТ-де кездесетін сұрақтар
- 1. Географиялық қабықтағы негізгі заңдылықтар қандай? (ырғақтылығы, зоналылығы, тұтастығы)
- Географиялық қабықтың құрамы неше бөліктен тұрады? (4)
- Географиялық қабықтың біртұтастығы – бұл … (табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі)
- Жердегі Күн радиациясының таралуы неге байланысты? (географиялық ендікке)
- Адамның шаруашылығы әрекетінен жердегі көп өзгерген табиғат кешені (ормандар)
- Географиялық зоналық дегеніміз не? (экватордан полюске қарайбарлық табиғи компоненттердің географиялық қабықта заңдылықпен өзгеруі)
- Антропогендік табиғат кешендері? (бөгендер, парктер, т.б.)
- Дүниежүзілік мұхит табиғат кешеніне жатады ма? (жатады)
- Ең жақсы игерілген табиғат зонасы? (дала)
- Географиялық зоналық ілімінің негізін қалаған ғалым? (В.В Докучаев)
- Ылғалдану коэффиценті төмен аймақ? (шөл)
- Көлемі жағынан ең ірі табиғат зонасы? (шөл)
- ІІІ бөлім
Мақсаты: Сабаққа қатынасқан оқушыларды бағалау, Оқушыларға үйге білімдерін арттыратын, іздендіретін тапсырма беру. Түрі Бүкілсыныптық Әдісі ауызша, бағалау, үйге тапсырма беру Уақыты 6 мин
оқушылардың бағалау парақтарымен танысу, «Қорытындылап бағалау»
«Үйге тапсырма беру»
1 Деңгей §16 оқып келу
2 Деңгей Сұрақтар мен тапсырмаларға назар аудару
3-Деңгей Жергілікті жепрдің табиғат зонасына тақырып соңындағ жоспар бойынша сипаттама беру
Қорытындылау
Мақсаты Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, жаңа мағлұматтарын айту
Түрі Бүкілсыныптық Әдісі ауызша Уақыты 1 минут
Жаса,жайна өрле менің кең далам, Жайлауыңды қорғап жүрер әр балаң.
Бүгін әлсіз, ал күштісің сен ертең, Сол үшін де жүре берме арқалан! – осындай шумақтармен мен сабағымды аяқтаймын.